Дамыта оқыту

Главная » Рефераттар » Дамыта оқыту

Қазіргі кезде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, дамыта оқыту. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекетік білім стандартын енгізу, соған сәйес кәсіби шеберлігі дамыған кадрмен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми – әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселесі.
Дамыта оқыту күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін – өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығ: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым – қатынас сипатында, танып – білу үдерісін ұйымдастыру және огдағы коммуникациялар түрлерінде және т.б.
Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетіні – Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүелері Л.В.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген жоғары оқу орындарына оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені ұсынылған әдістеме мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез  келген мектепте әр түрлі ерекше қабілеті бар балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыту оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма (құралы ма) деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі – түрлі көзқарастары бар. Біхдің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген ғалымдар оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан, мектептің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Бұдан шығар түйін: дамыта оқыту – білім беру мекемісінің әрбір сабақта, күнделікті қарым – қатынаста, мектепте – және мектен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және жеке тәжірибе, т.б.) оң өзгерістер енеді.
Даму дегеніміз – материалдық және идеялық объективтілердің қамтамасыз, нақты бағытталғын, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында екіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады.
Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін – өнімді іс – әрекет. Өнімді – іс – әрекет жан – жақты ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асу мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар (өнімдер) туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс – әрекет арқылы іске асады.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып – танып, әртүрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр – түрлі іс – әрекет жасайды. Мұндай оқу – танымдық әрекет – ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептәуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде «Дамыта оқыту» халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың Прзиденті – академик В.П.Занченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқу жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зерханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі профессор Эльконин Борис Данилович болып табылады.
Профессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп – білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдану және қызығу танытужағдаятында пайда болады. Қазіргі жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі – дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не баламалық психологиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру.
В.С.Лазарев бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтарды ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет. Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громыко қолайлыдеп санайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкндік бар. А.Б.Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер – жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Мәскеу, Санкт – Петербург, Харьков т.б.қалаларда  Давыдов пен Элькониннің, Л.В.Занковтыңдамыта оқыту жүйесі оқу – тәрбие үдерісінде қолданылып жүр. Бірақ біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс әлі айтарлықтай қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру  ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген ұстаным бойынша танысал және тәжірибелік міндеттері шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде жүргені жасыцрын емес.
Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет- қабілеттерінің шеңберң тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген «еркін тәрбие» мектептеріндегі білім беру үрдісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық еске сақтау қызметі дағдылар мен ебдейліктер игерілмейді. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дәстүрл оқыту элементтері мен балама оқыту әдістемесінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе – қайсысынан қандай эелементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.
Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске – асыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарында негізделген , сныптық – сабақтық ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық – педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.
Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан:
1. Оқыту үдерісінде танып – білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.
2. Мұғалім білім бері мазмұнын өңдеп жоспаралағанда оқыту үдерісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үдерісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі, жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.
1. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының «жеңістік жағдаятын» алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.
2. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойлуы керек.
3. «Сырттағы» білімді «іштегі» білімге алмастыруға арналған іс- әрекеттер тізбектерін алдын ала болжау қажет. Бұл нәтиже топтық талдау, пікірталастар және т.б. жеткізеді.
4. Дамыта оқыту үдерісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арасында жетуі керек.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағытаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп пікір айтуға мүмкіндік беріледі., жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйретеді. Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір – бірі мен тығыз байланысты: қажеттілікті анықтау, оынң мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.