Дамыта оқыту жүйесі

Главная » Рефераттар » Дамыта оқыту жүйесі

Оқыту барысында адамның психикалық дамуына, ақыл-ойының қалыптасуына ерекше назар аудару дамыта оқыту жүйесін негіздейтін бірқатар тұжырымдамалардың пайда болуына алып келді. Оқытудың объективті заңдылықтары мен принциптерін зерттей келе, Л.В. Занков бастауыш сынып оқушыларының жалпы психикалық дамуын қамтамасыз ететін принциптерді анықтады. Л.В. Занковтың тұжырымдамасы бойынша тұжырымдалған дидактикалық жүйе негізіндегі принциптер:
— жоғары қиындық деңгейінде оқыту;
— бағдарлама материалын жылдам қаркынмен оқытып-үйрету;
— теориялық білімдерге жетекші мән беру; — оқушылардың оқу үдерісін саналы меңгеруі;
— барлық оқушыларды бірдей дамыту бағытында мақсатты және жүйелі жұмыс жасау.

Л.В. Занков ұсынған дидактикалық жүйе оқыту үдерісінің барлық кезеңдері үшін тиімді екендігін байқатты. Бірақ әлі күнге дейін Л.В. Занков анықтаған дидактикалық принциптер оқытуда толық жүзеге асырылмай келе жатыр. Дамыта оқыту идеясына қатысты келесі тұжырымдама В.В. Давыдов пен Д.Б. Элькониннің тұжырымдамасы болып табылады. Бұл тұжырымдамада адамның психикалық дамуында бастауыш мектеп жасының рөлі мен маңызы ерекше екені анықталды. Тұжырымдамада окушылардың теориялық ойлауын дамыту қажеттігін көрсетіп, мазмүндық жаляылау ұйымдастыруға ерекше мэн берді. Мазмұндық жалпылау — заттар, құбылыстар жүйесіндегі бастапқыны, маңыздыны немесе жалпы негізін бөліп көрсету болып табылады. Сонымен қатар бұл тұжырымдамада ойлаудың маңызды компоненттері болып табылатын ойлау эрекеттері ретінде талдау, жоспарлау жэне рефлексияға ерекше мән беріледі.

В.В. Давыдов пен Д.Б. Элькониннің дамыта оқыту түжырымдамасы -ұлға негізі ретінде шығармашылықты дамытуға бағытталған. Дамыта оқытудың тағы бір бағыты — П.Я. Гальперин теориясында -ұжырымдалған. Мұнда оқытуды басқаруды алдын ала қасиеттері белгілі ақыл-ой эрекеттерін қалыптастыру негізінде ұйымдастыру ұсынылады. Бұл теория бойынша ақыл-ой эрекеттері кезеңдер бойынша қалыптастырылуы қажет және оқытуда бағдарлық эрекеттер іегізін колдану қажеттілігі анықталды. Бірінші кезеңде окыту мақсатымен алдын ала таныстыру, оқушының с-әрекетін мотивациялау жүреді. Екінші кезең бағдарлық әрекеттер негіздері (БӘН) сызбасын леңгерумен байланысты болды. БӘН қолдану арқылы оқу үш типке бөлінеді. 1-типтегі оқуда дайын күйінде оперативті орындалуы қажетті үлгі бойынша бағдарлардың толық емес жүйесі беріледі 2-типтегі оқуда бағдарлық әрекеттер негізі толық күйінде беріледі. 3-типтегі оқуда бағдарлық әрекеттер жүйесі жалпыланған түрде Зеріледі. Үшінші кезеңде әрекеттер сыртқы формада материалдық не материалдандырылған түрде орындалады.

.

Төртінші кезең — сөйлеу тілі арқылы жалпыланады. Бесінші кезең — іштей сөйлеу, яғни ақыл-ой формасына өтеді. Алтыншы кезең — әрекеттерді ойша орындау, яғни интериоризациялану кезеңі болып табылады. Бұл теорияның мәні білімдерді, әрекеттерді тиімді қалыптастыру үшін басты дидактикалық құрал ретін де БӘН-ді қолдану ерекшеліктерін қарастырумен анықталады. Дамыта оқыту жүйесіне қатысты келесі тұжырымдама проблемалық оқыту жүйесі. Проблемалық оқыту түжырымдамасы оқушылардың ақыл-ой мүмкіндіктерін дамыту, жасампаздық ойлауын дамыту, өз бетінше танымдық іс-әрекетке қабілеттілігін дамытуды қарастырады, Проблемалық оқытуға қатысты іргелі еңбектер 60-70-жылдардағы Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, М.Н. Махмутов, В.Оконь және басқалардың жүмыстары болып табылады.  Проблемалық оқыту мәні проблемалық ситуация тудыру және ол ситуацияларды саналы меңгеру, қабылдау, шешуді мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті ретінде ұйымдастыру болып табылады. Проблеадалык оқыту кажетті білім, білік жэне дағдылар жүйесін қалыптастырып қана қоймай, оқушының ақыл-ойы дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізіп, олардың өз бетінше білім алу қабілеттілігін дамытуды қамтамасыз етеді.

.

Проблемалық оқытуда оқушылар алдына проблема қойылады, мұғалімнің тікелей қатысуымен не өз бетінше оны шешу жолдары мен тэсілдері зерттеледі, яғни болжам жасалады, оның дұрыстығын тексеру жолдары белгіленіп, негізделеді, эксперимент, бақылау өткізіледі де, оның нәтижесі талқыланады, дәлелденеді. Сонымен проблемалық оқытуда ең бастысы — проблемалық ситуация. Проблемалық ситуация тапсырманы орындау барысында дайын жолы жоқ, жаңа білімдерді меңгеруді қажет ететін оқушылардың сихологиялық күйі.Проблемалық ситуация шарты жаңа қатынастарды, қасиеттерді немесе әрекет жолдарын ашып көрсету болып табылады. Дамыта оқыту негізін құрайтындардың тағы бірі-З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы болып табылады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес оқытуда өнімді (продуктивті), жасампаздық ойлау қалыптастырылуы қажет. Мұндай ойлаудың көрсеткіштері:
— ой ерекшелігі, эдеттегіге қарағанда айырмашылығы бар жауаптар алу мүмкіндігі;
— ерекше ассоциативтік байланыстар жылдамдығы және олардың баяу пайда болуы;
— проблеманы «қабылдағыштық», оны ерекше шеше білуі;
— кейбір талаптарға сэйкес бірлік уақыт ішіндегі ассоциациялар, идеялар саны ретіндегі ой ұшқырлығы;
— объектінің немесе оның бөліктерінің ерекше, жаңа функцияларын табуға қабілеттілігі.

Дамыта оқытудың З.И. Калмыкова анықтаған дидактикалық принциптері: оқытудың проблемалылығы, оқытуды жекелендіру мен дифференциациялау, ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақты, абсграктылы-теориялық) үйлесімді дамуы, ақыл-ой іс-әрекетінің алгәритмдік және эвристикалық тәсілдерін қалыптастыру, мнемикалық іс-әрекетті арнайы үйымдастыру. Дамыта оқытудың тағы бір негізі — Е.Н.Кабанова-Меллер тұжырымдамасында ойлау операциясын қалыптастырумен тығыз байланысты қарастырылады. Ойлау операцияларын оқу тапсырмаларын шешу үшін қажетті әрекеттер жүйесі ретінде анықтап, оқу жұмысы тәсілдері деп атады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес оқу жұмысы тәсілдері: салыстыру, жалпылау, себеп-салдарлық байланыстарды ашып көрсету, бақылау, зерттелетін құбылыстар сипаттамасын жасау, ұғымның маңызды және маңызды емес белгілерін анықтау. Тапсырманы өз бетінше орындау үшін қажетті тэсілдер оқушылардың ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етеді және оқу біліктері мен мен дағдылары қалыптасуының негізі болып табылады.

.

Е.Н. Кабанова-Меллер оқушылардың өзінің оқу іс-әрекетін басқару тәсілдерін анықтады. Бұған кіретіндер: жоспарлау, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылау, оқу мен демалуды ұйымдастыру, өзінің танымдық қызығушылықтарын, зейінін басқару тәсілдері. Дамыта оқытудың мұнан басқа да бірқатар тұжырымдамалары бар, біз негізгілеріне тоқталдық. Жоғарыда қарастырылған тұжырымдамалар негізінде анықталған дамыта оқытудың жалпы жағдайларын төмендегіше тұжырымдауға болады:
— оқытудың барлық звеноларында (бағдарламалар, оқулықтар, әдістеме, мектеп практикасы) оқушыларда әр түрлі дәрежеде жалпыланған (пәнішілік және пәнаралық) тәсілдер жүйесін қалыптастыру идеясы жүзеге асырылуы қажет;
— әрбір пән бойынша оқу жұмысының негізгі тәсілдерін бөліп көрсету жэне оларды оқушыларда қалыптастыру қажет;
— білімдер ойлау мен оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сезімдік жақтарының өзара әсерлесуін қамтамасыз ету керек, оларда өзінің оқу іс-әрекетін басқару тәсілдері қалыптастырылуы қажет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.