Даостық философия

Главная » Рефераттар » Даостық философия

Даостық ілім чжоулық Қытайда б.з.д. IV — III ғғ. пайда болған. Даостық ілімнің негізін — Лао-цзы (б.з.д. VІ-V ғғ.) қалаған, ол Конфуцийдің жасы үлкен замандасы еді. Лао-цзыдың басқа есімдері — Лао Дань, Ли Эр, Ли Боян, Лао Лай-цзы. Ертедегі даошылдықтың (пайда болған кезден бастап, б.з. II ғ. дейін) басқа өкілдері — Чжуан Чжоу (шамамен б.з.д. 369-286 жж.), Ле Юйкоу (б.з.д. IV ғ.) ж2не Ян Чжу (440-334 жж. аралығы). Чжуана Чжоудың басқа есімдері — Чжуан-цзы, Мэн Чжоу, Янь Чжоу; Ле Юй-коудың басқа есімдері — Ле-цзы, Юйкоу; Ян Чжудың басқа есімдері — Ян Цзыцзюй, Ян Шэн. Ертедегі даошылдықтың негізгі шығармаларына Лао-цзыға телініп жүрген «Дао дэ цЗин», сәйкесінше Чжуан-цзы мен Ле-цзыге телінетін «Чж-уан-цзы» жэне «Ле-цзы», сондай-ақ б.з.д. II ғ. трактаты «Хуайнань-цзы». «Ле-цзы» трактатында арнайы тарау (жетінші) бар, онда Ян Чжудың көзқарастары берілген. Даостық тараулар басқа философиялық шығармаларда, мысалы, «Гуань-цзы» трактатында кездеседі. Даостық философияда біршама өңделген онтология бар. Ондағы адам туралы ілім әлем туралы ілімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Даостық философияның өкілдері адамның болмысын тұтас алынатын әлем аясында қарастырады.

Даостық элем туралы ілімнің Батыстың кез келген философиялық жүйесімен салыстырғанда ерекше болуы, оның элемді ерекше түсінуіне байланысты. Осыған байланысты батыстық «онтология» үғымы (сөзбе-сөз «болмыс туралы ілім») философияның бөлімі ретіндегі аталмыш элем туралы ілімге келіңкіремейді. Өйткені, батыстық онтологиялар бейболмысты десе де, оны болмыстың қүрамында, оның сэті ретінде ғанамойыидайды. Ал даостық философияда (үнді философиясындағы сияқты) болмыс пен бейболмыстың арақатынасы мүлде басқаша үғынылады. Лао-цзы былай дейді: «Әлемдегі барлық нэрсе болмыстан шығады, ал болмыс бейболмыстан пайда болады». «Дао дэ цзиннің» белгілі түсіндірушісі Ван Би бүл сөйлемді былайша түсіндіреді: «Аспан асты елінде барша зат болмысты өзінің өмірі деп қарастырады.

Болмыс бастауының тамыры бейболмыета жатады. Егер кімде-кім тұтастыққа ұмтылса, онда ол кері қарай, бейболмысқа барсын». Мұндай бейболмыс ежелгі қытай философиясында — хаосом (хунь дунъ), ұлы бостық (тай сюй),шексіздік (у цзи) және т.б. деп аталады.

.
.

Сонымен, даостық философия бойынша тұтас нәрсе ретіндегі элем бейболмыс пен болмыстың бірлігі болады жэне бейболмыс өзінің ішінен болмысты туып, оны жұтатын нэрсе. «Чжуан-цзы» трактатында болмыстың пайда болу үдерісі былайша суреттеледі: «Ең әуелі Жоқ нэрсе болған жэне оның не сөзі, не атауы жоқ еді. Одан Бірыңғай нэрсе пайда болған. Бірыңғай нәрсе пайда болса да, оны тұлғасы жоқ еді. Ал барлық заттың тіршілігінің негізінде жататын нәрсе тіршілік қасиеттері деп аталады. Тұлға болмаған кезде, өзгешелік бар болады. Үзілуге жол бермейтін құтқармайтын нэрсе Тағдыр деп аталады.

Қозғалыстың тоқтауы арқасында заттар пайда болады. Өз ішінде өзінің тіршілік қағидасын жүзеге асырған зат Түлға (Форма) деп аталады. Форма өз ішінде Рухты сақтайды. Әрбір Форманың өз ережелері болады жэне олар қосылғанда Табиғат деп аталады. «Барша сансыз заттың» (немесе ежелгі қытайлықтар айтатындай «он мың заттың») бастапқы қайнары болмыс емес, бейболмыс. Сондықтан да батыстық «онтология» терминін түтас элем туралы даостық ілімге қолдануға келе бермейді. Бүл элемге батыс санасы үшін үйреншікті «космос» үғымы да қолдануға келмейді, ойткені бүл үғымды болмыс әлеміне қатысты пайдаланады. Бірақ, осыны ескере отырып, біз даостық ілімге үйреншікті «онтология» терминін қолдануды жен көрдік.

Ал егер болмыспен бірге заттың бәрі бейболмыстан, бостықтан, хаостан жэне т.б. туындаса, бүл, біріншіден, олардың алдын ала анықталатынын, яғни қандай да бір болмыстық қана емес, болмыстан бүрын болатын (демек, болмыстан тыс) қажеттілікке бағынатынын білдіруі мүмкін. Олардың бар болуы қандай да бір алдын ала берілетін мақсатты орындау болады. Олар қалай болса солай өмір сүрмей, қайсыбір траекториямен қозғалатын сияқты. Олар-дың әрқайсысының жэне бәрінің де болмыстық құрамында жол бар. Даостық философия қытайша дао деп аталатын осы категорияны пайдаланады және философияның атауы да содан шығады: ол дао туралы ілім (дао цзя) болады.

Бүл жерде, эуелгі философияға қарағанда, Лао-цзыдан басталған даостық философия бүрынғы эмбебапты орталық категорияға айналдырумен қатар, оны онтологияландырып, эмбебап етеді. Дао болмыс элеміндегі жоғарғы бастауға, озіндік абсолютке айналды. Кейбір авторлар оны абсолют дао деп атайды. Біздіңше, даоны абсолютке барабар деу негізсіз болатын сияқты. Өйткені, дао шексіз үстемдік ететін болмыс элемінен басқа, сол элемнің сыртында, болмыс элемін туғызған бейболмыс элемі бар. Бүл даонын озі де бейболмыс элемінің (хаостың, бостықтың жэне т.б.) туындысы болады деген сөз. Бүл туралы «Дао дэ цзинде» айтылады: «Бүл, аспан мен жерден бүрын туған, хаостан пайда болған нэрсе! О, үнсіз нэрсе! О, түлғасыз нэрсе! Ол жалғыз түрады, өзгермейді. Ол барлық жерде эрекет етеді, оның тосқауылы жоқ. Оны Аспан асты элемнің анасы деуге болады. Мен оның есімін білмеймін. Оны иероглифңен белгілегенде, дао деп атаймын; оған кездейсоқ есім бергенде ұлы деп атаймын». Бүл жерде «нәрсе» сөзін дене, материалдық зат жэне т.б. мэнде дэлме-дэл түсінбеу керек. Бүл жерде ол, мысалы, «Ар — үлы нэрсе», «Махаббат -күрделі нэрсе» деген сияқты мағынада қолданылады. Бірақ дао бейболмыс элемнен туындап қана қоймайды. Лао-цзыдың айтуынша, «Ол өз қайнарына қайта оралады». Лао-цзы: «Ол бейболмысқа қайта оралады», — деп нақтылайды. Ал «Чжуан-цзы» трактаты: «Жол бостыққа тіреледі», -дейді.

Даоны болмыс элемінде бейболмыстың бар болуы деп түсінген жән; даоны — болмыстағы бейболмыстың окілетті өкілі эрі орынба-сары деуге болады. Бұл Лао-цзыдың оған берген сипаттамасын түсінікті етеді. Ол бос, шексіз, тэнсіз, бүлыңғыр, түлғасыз, үнсіз, козге көрінбейді, анық емес, есімсіз, атаусыз, мэңгі, сарқылмас, үлы эрі болмашы жэне т.б. Бірақ оның ең басты қасиеті бос болуы; боетық — оны болмыс элеміндегі көптеген шегі бар заттардан өзгешелейтін басты ерекшелік. Дао аспан мен жерден бүрын пайда болған; ол аспан мен жерді жаратады. Даоныц болмыстағы барша нэрсені жаратуының жалпы қисынын «Дао дэ цзин» келесі сездермен жеткізеді: Дао бірді туғызады, бір екіні, екеуі үшті, үшеуі баршаны жаратады. Барлық жаратылыстың ішінде инь мен ян болады, олар цига толы жэне Үйлесімді жасайды». Бүл сөздерді әртүрлі түсіндіреді. Бір қызығы, Ван Би оларды түсіндірмей мәтінге қосады, бэлкім олар оздігінен түсінікті болған сияқты.

Инъ, ян және ци категориялары туралы айта кету қажет. Философиялық даошылдықта (дао цзя) бұл категориялар антропологиялық емес, ғарыштық категориялар ретінде қарастырылады. Мысалы, Чжуан-цзы былай дейді: «Ше-гіне жеткен Инь күші ұлы суықты шақырады. Ян күші шегіне жетіп, үлы ыстықты шақырады. Суық Аспаннан келеді, ыстық Жерден шығады. Біріне-бірі эсер еткенде олар жалпыға бірдей келісімді жасайды жэне оның ішінде (келісімде) барлық нэрсе пайда болады». Шек деп ұлы шекараны (тай цзи), яғни «И цзинге» жасалган ең басты түсіндірме болатын «Сици чжуаньда» айқын көрініс та-батын категорияны айтады. Бірақ, инь жэне ян күштері — адамның тіршілігіне қатысы жоқ қайсыбір «ғарыштық» бастаулар емес. Чжуан-цзыдың айтуынша, «адам үшін инь жэне ян күштері — әке мен анадан да маңызды нэрселер». Сондай-ақ, инь мен ян күштерінің дұрыс, яғни үйлесімді қиюласуы Аспан асты еліне де, адамдардың қүт-берекесіне ықпал етеді: «Инь мен Ян күштері тепе-теңдікте болмағанда, уақыттың айналымы бұзылады, суық пен жылы араздасып, адамның денсаулығына нұқсан келеді. Сол кезде адамдар орынды қуанып, орынды мұңаюдан қалады, өміріндегі тұрақтылықтан айырылады, көп ойланады, бірақ қанағат таппай, істерін аяқсыз қалдырады. Әлемді ауыздықталмаған құмарлық билейді жэне ондаЧжи сияқты қарақшы мен Цзэн мен Ши сияқты ғалымдар пайда болады. Сол кезде, бүкіл элем жабылса да, зұлымдық жойылмайды. Әлем қандай үлкен болса да оның жазалауға да, сыйлықты үйлестіруге де шамасы жетпейді». Ци категориясы философиялық даошылдықта сирек ұшырасады. Ал діни даошылдықта (дао цзяо), эсіресе, «ішкі алхимияның» (нэй данъ) теориясы мен тәжірибесінде аталмыш категориялардың ерекше маңызы бар жэне ци категориясы дао категориясынан да басым түседі.

Сонымен, дао — элемдегі барлық заттың бастауы жэне ол -«барлықзаттыңтереңнегізі».Ондайбостықретіндесондай негіз болады. Бірақ бұл өте өзгеше бостық. «Даоныц, — деп жазады Лао-цзы, — тэні жоқ. Дао бұлыңғыр эрі анық емес. Бірақ оның тұмандылығы мен айқындалмауында бейнелер жасырынады. Ол терең эрі қараңғы. Бірақ оның тереңдігі мен қараңғылығында нэзік бөлшектер бар. Мұндай нэзік бөлшектердің ең жоғарғы шындығы мен нақтылығы бар». Ал Ван Би: «Дао — барша заттың қайнар көзі», — деп ашық айтады. Мұндай бостық қайсыбір жолмен кристаллдық торды немесе болашақ ағаштың дэнін иеленетін ерітінді сияқты.

.

Бірақ даостық философияда маңызы бойынша екінші орында даодан кейін ци да, инъ мен ян да емес, дэ тұрады. Оның мэні батыстық ойлау үшін түсініксіз болады. Белгілі синолог И.С.Лисевичтің пікірінше, «егер қытай ойшылы үшін даоға қарағанда, дэ таным үшін жеңіл нэрсе болып көрінсе, еуропалық ақыл үшін бэрі керісінше болады. Дао ұғымына еуропалық философияда жақын сэйкестіктерді табу мүмкін болса…, дэга ұқсас ондай нэрсе жоқ…… Қазақ

тіліне «дэ» терминін — «заңдылық», «қасиет», «сапа», «күш», «қуат», «игілік», «қадір-қасиет», «ерлік», «құт» және т.б. деп аударуға болады. Әрине, бұл аудармалар орынды қолданылса ғана дұрыс деп есептеледі. Өйткені, даостық философияда дэ категориясының мазмұны бір мағынаны берсе, конфуцийшіл, легисшіл жэне т.б. философияда өзге мағынаны беруі мүмкін.

Жалпы алғанда, даостық философияда дэ, А.И. Кобзевтің берген сипаттамасы бойынша, «даоның манифестациясы» ретінде көрініс табады. «Дао дэ цзин» жэне «Чжуан-цзыда» дао мен дэ категорияларын арнайы талдаған Ю.К. Щуцкий, кезінде «Дэ — Даоға ең жақын тұрған нэрсе, бірақ ол Дао емес», — дегенді айтқан. Ю.К. Щуцкийдің бұлай деуге толық негізі болған. Өйткені, біріншіден, «Дао дэ цзинде» «дэ дао жоғалғаннан кейін ғана пайда болады…», — делінеді; екіншіден: «¥лы дэнің мазмұны тек қана даога бағынады». Демек, дао мен дэнің арасында белгілі бір мезгілдік аралық бар; біріншісі екіншісіз өмір сүре алады, ал керісінше болу мүмкін емес. Сонымен бірге, (бұл — үшіншіден) бұл трактатта келесі сөздер бар: «Дао (заттарды) туады, ал дэ (оларды) асырайды. Заттар тұлғаланады, тұлғалар аяқталады. [.. .]Дао [заттарды] туады, дэ [оларды] асырайды, өсіреді, тәрбиелейді, жетілдіреді, кемел етеді, оларды бағады, оларға тіреу болады». Демек, әрекет етпейтін даомен салыстырғанда, дэ керісінше эрекет жасайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.