Дәрілік заттардың фармакодинамикасы

Главная » Рефераттар » Дәрілік заттардың фармакодинамикасы

Фармакодинамика — дегеніміз дәрілік заттардың әсерінен болатын организмдердегі өзгерістер жүйесі. Әрбір өзгерістер динамика бойынша — пайда болғаннан бастап жойылып кеткенге дейін дамиды. Өзгерістер субторшалық деңгейде басталып, биологиялық жүйенің әртүрлі физиологиялық функцияларына, қорғаныс реакцияларына, олардың өсімталдығымен басқада өмірлік мәні бар құбылыстардың белсенділігіне ықпалын тигізеді.
Фармакология дамуының алғашқы сатыларында фармакодинамиканы тек клиникалық өзгерістер деңгейіңде ғана түсініп, ал әсер ету механизімін, олардың белгілі бір мүшеге ғана әсер етуі деген болжам болды. Бірақ алдыңғы катарлы ғалымдар қолданылатын заттардың жануарлар организміндегі өте күрделі құбылыстарға әсер ететінін түсінді. Бұған Гиппократтың көзқарасы айқын мысал бола алады. Ол адамдармен малдардың ауруы кезіңде өзгерістердің белгілі бір мүшелеріңде ғана емес, олардың әртүрлі сұйықтарында да болатынын білді (біреулерінде ылғалдық жылы болса, ал біреулерінде салқын ылғалдық байқалды). Осыған байланысты ол дәрілік заттардың өсерін ылғалды жылылыкден салқын ылғалдылықка қарама-қарсы қойды.

Жануарлардың клиникалық жағдайын зерттеу әдістерінің дамуы, дәрілік заттар әсерінің кейбір құнды жақтарын анықтауға мұмкіндік берді. Олар қазіргі кезде дөрілік заттардың фармакодинамикасын жөне өсер ету заңдылықтарын зерттеу үшін пайдаланылады. Фармакодинамиканы зерттеу клиникалықөзгерістердің физиологиялық өзгерістерге байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен бірге, бірнеше физиологиялық өзгерістер бір ғана клиникалық өзгеріс тудыруы мүмкін. Мысалы ас қорыту жүйесінің моторлы қызметінің күшейуі мынадай өзгерістермен қатар жүреді:
1) бірыңғай салалы бұлшық еттердің сезімталдығы артады;
2) сезімтал жүйкелер тітіркенеді;
3) тежегіш жүйкелердің әсері әлсірейді;
4) моторлы қызметті жеделдететін (холинергиялық) жүйкелердің белсенділігі артады т.б. өзгерістер болады.

Физиологиялық әдістер ас қорыту жүйесінің қызметі неліктен күшейгенін анықтауға мүмкіндік береді. Олардың жалпы организмдегі, мүшелер мен торшалардың даму заңдылықтарын ашудағы маңызы зор болды. Бұл әдістер дөрілік заттардың фармакодинамикасын толық анықтап, олардың әсер етуін толық түсінуге мүмкіндік берді. Мысалы, ареколиннің әсерінен болатын асқорыту жүйесі қызметінің күшейуі, холинергиялық жүйкелердің белсеңділігінің артуына байланысты болып келеді. Дәрінің әсерінен болған кез — келген өзгерістер кейбір химиялық қүбылыстардың өзгерістерімен қатар жүреді. Мүны тәжірбие жүзіңце оп — оңай анықтауға болады. Мысалы ареколиннің әсерінен болатын ас қорыту жүйесі қызметінің күшейуі, ацетилхолиннің медиаторының калыпты жағдайға карағанда 18 — 40 есе көбейетіндігіне байланысты. Холинергиялық жүйкелердің өсерін күшейту әртүрлі биохимиялық құбылыстарға негізделген, ал оның әрқайсысы үшін әр түрлі дәрілік заттар қолданылады:
1) медиатордың көлемін ұлғайтатындар;
2) холинореактивтік кұрылымдардың сезімталдығын арттыратындар;
3) медиатор ыдырауын баяулататындар;
4) адренергиялық иннервацияның әсерін әлсірететіндер және тағыда басқа заттар.

Ареколиннен басқа ас қорыту жүйесінің моторлы қызметін күшейтететін көптеген препататтар бар: корбохолин, пилокарпин, ацеклидин, оксазил, димекарий, армин, фосфакол және т.б. Бұл препараттардың барлығыныңда биохимиялық фармакодинамикасында өздеріне тән ерекшеліктері бар. Сол себепті олардың әрқайсысы белгілі бір биохимиялық өзгерістерде ғана нөтижелі өсер ететін болса біреулерінде организмге нәтижесіз ғана емес, тіпті зиянды да әсер етуі мүмкін.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.