Дауыстау тоны

Главная » Рефераттар » Дауыстау тоны

Тон (гректің «tonos» — керілген жіп, созылу, тартылу деген сөзінен) — сөз интонациясының маңызды құрамды бөлігі. Ол ауаның жұтқыншақ, желбезектер, ауыз және мұрын қуыстары арқылы өткен кезінде құралады. Дауысты дыбыстардың, үяң және қатаң дауыссыздардың жоғарылығы тонға байланысты. Дыбыстың негізгі тоны дыбыс желбезектерінің тербелуі нәтижесінде пайда болады, Ерлер 85-200 Гц, әйелдер 160-340 Гц жиілікте сөйлейді. Салыстыру үшін айта кететін нәрсе ең жоғары әйел дауысы (колоратуралық сопрано) әншінің дыбыс желбезектерінің тербелісі секундында 1379 Гц болады екен. Мүндай дыбыс желбезектерінің тербелістерінің жиілігі тек табиғаттың бере салған сыйы ғана емес, сонымен бірге күнделікті ңажымай-талмай тер төккен еңбектің жемісі. Тонның өзгеруі арқылы сөздің мелодиялық (әуендік) көрінісі қүрала-ды. Өзінің сөзін тыңдаушыга жеткізгісі келген әрбір адам сөзіне белгілі тон беруге, оған әр түрлі әуен беруге тырысуы керек. Әуенділік дегеніміз — дауыс тонының сөйлеу барысында өзгеріп отыруы, әдетте тілде әуенділіктің бірнеше түрі болады, солардың ішіндегі ең негізгілері: • — аяқталганын білдіретін эуен — бүл жағдайда дауыс сөйлемнің аяғына таман бәсеңдейді; мүндай әуен ха-барлама сөйлемдерге және сүраулы сөйлемдерге тән; — сұраулы әуен көтеріңкі тонмен сипатталады да, сүрақ сөздері жоқ сүраулы сөйлемдерге тән болып келеді; — аяқталмаған әуен сұраулы әуенге жақындау болып келеді, бірақ тоны азырақ көтеріледі.
Сөздің ең бір үлкен кемшілігі — ол оның бірсарындылыгы. Ол дыбыс жоғарылығының сөйлеу барысында басынан аяғына дейін өзгертілмей, бір қалыпты болуынан көрінеді. Шамадан тыс жоғары, не төмен әуен де сөзге көрік бермейді. Аса жоғары тон адамды шаршатады, ол өте төмен әуен тыңдаушыларға жағымсыз тиеді. Әуен биіктігі айтушының көңіл-күйіне, оның сізге, тыңдаушыларға көзқарасымен ерекшеленеді. Сезімтал, жігерлі шепіен-дер көбінесе жоғары әуенде сөй-лейді, ал жалтақ, сылбыр шешендер төменгі дауыспен сөйлейді.

Шешеннің міндеті — әр уақытта сөзінің әуенін өзгертіп отыру. Ол үшін даусының диапазонын білу шарт. Поль Сопер өз дауысыңыздың диапазонын до, ре, ми, фа, соль, ля, си, до гаммаларын айтып тұрып, рояль бойынша тексеруді ұсынады. Ол былай дейді: «Өзіңіздің орта немесе өзіңізге лайық әуен жоғарылыгын аньщтаңыз. Содан соң оны бірнеше тонға көтеріп, не төмендетіп көріңіз. Ең жоғарғы, мүмкін болғанша, нотадан бастап «А» деп айтып, жайлап, шамаңыз келгенше ең төменгі дыбыстарды байңаңыз. Мүндай жағдайдағы диапазонның сөйлегендегіден ңаншалыңты кең екендігіне көңіл аударыңыз». Қандай да бір болмасын сөйлемді айтқан кезде айтушы белгілі бір сөзге акцент (екпін түсіреді, назар аударады) жасайды. Бүл акцент, немесе назар аудару кезінде жалпы: сөйлеу тоны осы сөзге келгенде өзгереді де, логикалық екпін деп аталады. Айтушы арнайы бөліп көрсеткісі келетін сөзді пікірдің интонациялық кіндігі деп атайды. Логикалық екпіннің ңай сөзге түскеніне қарай пікір өз мағынасын өзгертеді. Мысалы:
— сіздер театрға барасыздар ма? — иә, театрға.
— сіздер театрға барасыздар ма? — иө, барамыз.
— Театрға сіздер барасыздар ма? — иә, біз.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.