Деңгейлеп оқыту технологиясы

Главная » Рефераттар » Деңгейлеп оқыту технологиясы

ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой-тұжырымдардағы гуманизм идеялары, еркін білім беру,оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып,жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды.Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық – оқушы және оның жеке тұлғасы.
Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп,әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады.Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде.Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің  негізгі тиімді жолы болып табылады.Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды.Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын жаңа оқу әдістерін,жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі-жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма,оның қандай тиімділігі бар,деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жек тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ,деңгейге бөліп оқыту  кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын,оқуға деген ынтасын,дара қасиетін әлеуметтік-психологиялық танымал,сұранымын ескеру талап етіледі.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: I деңгей(төмен) — эпизодтық.Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; ІІ деңгей – түсініктерді жүйелеу деңгейі.70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; ІІІ – деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту(ауысу) деңгейі деп белгілейді.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді,оны шешуде ақыл-ойы дамиды,ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді.Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы  сабақта жаңадан меңгерілетін білімнің өңін өзгертпей қайталап,пысықтауына мүмкіндік береді,екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар,үшінші деңгей танымдық-іздену түрдегі заңдылықтар шығару,қорытындылау жұмыстары.
Деңгейлік тапсырсмалардың ауқымы өте кең.Оқулықтағы жаттығулар – өтілген ережелер бойынша қайталау,пысықтау,бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақ,қызықты грамматика,тестік сұрақтар,іскерік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады.Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі.Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.Қорытындысына деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады.Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып,шығармашылыққа ұмтылады.Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі,мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын,оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады.Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар,тілдік ережелер,жазба жұмыстарын орындайды.Кейіннен жоғары сыныптар- да оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап,түсініп оқып,аударып,жаза алады.Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді, естігені бойынша сұрақтарға жауап береді.Естігенін қайталап айтады.Жеңіл ережелерді жаттап алады.Фонетикалық толық меңгереді.Грамматикалық,лексикалық тапсырмалар орындайды,мәтінмен жұмыс жасайды.
       Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп,күрделене түседі,сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді.Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді.Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде.Ықыласы жоғары ,оқушының сөйлеуі,хабарды түсінуі,қабылдауы,жазба жұмыстарын орындау қөрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады.Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен,өз жеке басының белсенділігімен,ісіне талдау жасай білуімен,білімді жаңа жағдайға  пайдалануымен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, бейне-леу  тапсырмаларын  орындайды.Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады.Мәтін бойынша сұрақ қояды.Талдау,жинақтау,салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.
Төртінші деңгей дарынды,ізденімпаз,қабілеті жоғары,талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді,оқушының өзі мақсатын қояды,әдістерін іздейді,нәтижесіне жетеді.Жазба жұмыстарын орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы,оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болады.
Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: 1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап,мүмкіндік береді. 2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3.Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады:ең төменгі деңгей (минималдық базалық),бағдарламалық,күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс.Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып,уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.  4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болуы үшін :  — жеке тұлға ерекшеліктеріне ;  — психикалық даму ерекшеліктеріне(есте сақтау,қабілетінің ерекшелігіне,ойлау,қабылдау, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара білуіне);  — пән бойынша білімді игеру деңгейіне/оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып,көңіл бөлуі керек.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.