Әдеби тілге жатпайтын сөздер

Главная » Рефераттар » Әдеби тілге жатпайтын сөздер

Әдеби тілдің лексикалық нормасы, одан жөнімен ауытқулар және әдеби тілге жатпайтын лексикалық үлгілерге тоқталып, нақтылы мысалдар келтіру. Жарыспалы сөздер мен дублеттер, нұсқалар, олардың норманы тұрақтандыруға әсері, оларды бір ізге түсіру мәселесі сөз етіледі. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер – диалектизмдер, жаргондар, қарапайым сөздер, варваризмдер, дөрекі сөздер, олардың анықтамасын беріп, бір-бірінен айырмашылықтарын көрсету.

Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар: Диалектизмдер. Бірқатар сөздер жалпы халыққа бірдей түсінікті болмай, тек кейбір облыстағы, кейбір аудандағы қазақтардың сөйлеу тілінде кездеседі. Олар жер-жерде әдеби тілде бар сөздердің орнына жұмсалуы да мүмкін. Мысалы: шаттауық, борми, бойлай, жуырқан, рәуішті, шіби, тебетей, әмбесі, әммасы.

Жер-жерде әдеби тілде бар сөздердің тұрқын бұзып айту жиі ұшырайды. Олар диалектизм болуы да, ел аузында өзгеріске ұшыраған дөкер сөз болуы да мүмкін. Мысалы: шекейін, сиықты, доңғалақ, дүзеу, тиірмен, ұлықсат, жиырмасыншы.

.

Диалектизмдер мен дөкір сөздерді диалогта қолдануға болады, ал автордың баяндауында қолдану тіл мәдениетіне кір келтіреді. Бірқатар авторлар оларға түксие қараудың орнына, қызық көріп жаза салады. Мысалы: «Емешесі құрып», «тырли арық қара қатын» (Ә.Нұрпейісов). «Жақып дүзеліп қалды», «…дізесін бүкті» (Ғ.Мұстафин). Мұндайды, әрине, әдеби тілдің нормасын бұзу деп қараймыз.

Әдеби тілде бар сөздің мағынасы әр жерде әр түрлі болуы мүмкін. мысалы, елек, елгезер сөздерінің орнына шығыста қалбыр сөзін қолданады екен, ал «қалбыр» әдеби тілде, ұн емес, бидай, арпа, тары сияқты дақылдарды елейтін елеуіш.

Кейбір сөздердің әдеби тілдегі орныққан мағынасы бірнешеу болса, қарапайым сөйлеу тілінде нормға жатпайтын басқа да мағынада жұмсалуы ықтимал. Мысалы, «тіл» дегенді адамның, жан-жанурдың дене мүшесі, адамның сөйлеу құралы деп түсінсек, сөйлеу тілінде оны «сөз» дегеннің де орнына айтады. Мысалы, Ғ.Мұстафиннің «Қарағандасында» Мейрам былай дейді: «Көмір» деген қазақтың ескі тілі. Тіл тегін жасалмайды. Әрине, бұл да әдеби емес. Автор бұл сөзді Мейрам емес, сауаты шамалы басқа біреудің аузына салса, жарасымды болар ма еді? Мұндайға мін таққысы келгендерге, кейбіреулер «Ел аузында бар сөз ғой» деген уәж айтады. қазақ тіліндегі сан алуан сөздердің әдеби тілге тәндері — әдеби нормаларға жататындары бар. Соларды айыра, таңдап, талғай жұмсасақ, әдеби тілдің лексикалық нормаларын тұрақты етуге мұрандық болар еді. Ел аузындағының бәрін қалдырмай әдеби тілге енгізе берсек, батыстағы қазақтардың «Ботташықты іңкәлға салып жесең, сірә жқсы болады»… дегендерінен де қашпау керек қой. Олай етсек, әдеби тілдің өзіндік қасиеттері жойылады, сөздер сөз шеберлігінің талғампаз елегінен өтпей, түбі тесік шелектен аққан судай болады да қалады.

.

Профессионализм. Жергілікті халықтардың кәсібіне, шаруашылығына байланысты сөздері болады. Мысалы, Каспий, Арал, Балқаш өңіріндегі балықшылар тілінде былайғыларға түсініксіз сөздер көп. Сондай-ақ, бау-бақша, мақта, күріш шаруашылықтарымен кәсіп ететін оңтүстік аудандарда сүдігер, көшет, әңгелек, масақ, собық, қарық, атыз тәрізді сөздер бар.

Мұндай кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы болмаса, оларды әдеби нормаға айналдырып, әдеби тілдің байлығын арттыруға болады. Мысалы, дақыл, собық, атыз, қарық деген сөздер бұрын әдеби тілде қолданылмайтын, қазір бұлар жиі кездесетін болды.

Түрлі кәсіптегі еңбек ерлерін, олардың іс-әрекетін сөз еткенде, сол айналаның сөздерін айтпасқа болмайды. Мысалы, С.Мұқанов «Сырдария» романында күріш егісімен байланысты көптеген сөздерді, Ә.Сәрсенбаев «Толқында туғандар» романында блықшылардың көп айта беретін үкі, шоланда, батаға, талка тәрізді, Ә.Көшімов аңшылар өмірінен жазған повесінде аңшылыққа байланысты көптеген сөздерді енгізген.

Дөрекі, былапат және жаргон сөздер. Бұлар — әдеби тілдің, жалпы тіл мәдениетінің ата жауы. Сондықтан олар әдеби тілдің лексикалық нормалары қатарынан орын алуы мүмкін емес.

.

Лексикада бірізділікті көбірек тілейтіндер – терминдер. Термин дегеніміз — өндірістің, ғылымның, техниканың, өнердің, мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін арнаулы сөздер. Қазақ тіліне термин сөздер, негізінде, орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енді. Соның арқасында қазақ тілінде бұрын болмаған революция, шахта, депутат, актер, инженер, роман, мотор, хлор, химия, философия сияқты сөздер пайда болды және де тілде бар сөздер негізінде өндіріс, өнеркәсіп, қоғам, құрылыс, құрам, ғылым, білім, оқулық тәрізді терминдер жасалды. Бұл сияқты терминдердің дені ресми түрде қабылданғандықтан, жұрттың бәрі оларды бірдей, бұлжытпай қолдану керек. Ертеректе, мысалы, география – жағрапия, совет – кеңес, помещик – алпауыт, философия – пәлсапа, партизан – аламан болып айтылатын, не болмаса бір терминді әркім әр түрлі қолдана беретін. Сондай жаман әдет әлі де жоқ емес, әсіресе терминдік мәні бар сөздердің орысша-қазақша нұсқауларын араластыра беретіндер көп.

Шет тілден енген терминдерді қазақшаға аударуға болатыны да, болмайтыны да бар. Соңғыларды ескеріп Ф.Энгельс былай дейді: «Керекті шет сөздер, көбіне жалпыға бірдей ғылыми техникалық терминдер, аударуға келетін болса, керексіз де болар еді. Аудару тек оның мағынасын бұзады. Оны түсіндірудің орнына (аудару) шатастырады». Сондайға философия, партизан, институт, телеграф, шахта, мотор, самолет, машина, радио сияқтыларды мысал етуге болады. Қазақ тілінде бұрын ондай зат, ондай ұғымдар болмаса, оларға балама болатын сөз қайдан болсын? Сондықтан орыс тілінен алынған мұндай атаулардың бізге ешқандай жаттығы жоқ екенін өмір көрсетіп отыр.

Терминология қай сала да болса да, тек жаңа ұғымның пайда болуымен байланысты дамып отырады[33,63]. Мысалы, «жазушы», «суретші» мамандық кәсіп болмай тұрғанда, ондай атау да болған жоқ. Кейін ондай жаңа ұғым пайда болған соң, жаз, сурет және т.б. сөздерге –шы, -ші жұрнағын жалғау арқылы жаңа сөздер жасалды: жазушы, суретші, үгітші, тәрбиеші. Осындай тілде бар байырғы сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғап, кейде ескі сөздің өзін жаңа мағынаға ие етіп, сөз бен сөзді біріктіріп жасаған жаңа атаулар да көп қазақ тілінде бұрын болмаған революция, шахта, депутат, актер, инженер, роман, мотор, хлор, химия, философия сияқты сөздер пайда болды және де тілде бар сөздер негізінде өндіріс, өнеркәсіп, қоғам, құрылыс, құрам, ғылым, білім, оқулық тәрізді терминдер жасалды. Бұл сияқты терминдердің дені ресми түрде қабылданғандықтан, жұрттың бәрі оларды бірдей, бұлжытпай қолдану керек. Мысалы: науқан, ұйым, үйірме, басқарма, оқулық, шекара, көзқарас, өнеркәсіп, балмұздақ. Мұндай жаға атаулар да баспасөз бетінде сыналып, мемлекеттік терминология комиссияның ұйғыруымен әдеби тілдің нормасына айналып отырмақ.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.