Əдебиет — рухани қазынаның алтын діңгегі

Главная » Рефераттар » Əдебиет — рухани қазынаның алтын діңгегі

Жалпы әдебиет дегеніміз не? Əдебиет – өнер атаулының іргелі де, өнегелі салаларының бірі. Сөз өнерінің құдіреттілігін түсіне білгенге əдебиет тек қана өнер емес, сонымен қатар өмірдің мəні. Қазақ əдебиетінің қалыптасып, дамуы кезеңдерінде жарық көрген туындылар халықтың басынан кешкен өмірінің ащы шындығын, қайталанбас кездерін суреттеуді, мазмұн мен пішін жүйесін қамтып бейнелеуді жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасы тəуелсіздігі жарияланып, азат, егемен ел болып өмір сүре бастағаннан бері халқымыздың ұлттық-отаншылдық санасы тың серпіліспен толыға түсті.

Өткен дəуірдің тоқсаныншы жылдарынан бері қарай көркем əдебиет жаңарып, жаңа арнамен дамыды. Халық басынан өткен тарихи кезеңдер, тұлғалар уақыт шындығының мол деректерімен қаныға отырып, оқырман назарына өзгеше қырымен таныла бастады. Қазақ əдебиеттану ғылымының тарихындағы соңғы жиырма жыл ауқымында тарихи роман проблемасы əр қырынан зерттеліп, жеке арна тарта бастады. Көптеген ғылыми мақалалар, əдебиеттер жазылып, жарық көре бастады. Халқымыздың өткен тарихына бойлау арқылы біз болашақ ұрпаққа үлкен жаңа жол сілтейміз.

XX ғасырдағы қазақ əдебиеті жаңа басталған күрделі кезеңнің көркем шежіресі іспеттес болды. Бұл дəуір əдебиеті ұзақ жылдар бойы өз кезеңінің саяси идеологиялық талаптарына байланыста біржақты зерттеліп келді.Тарихи романның ерекше дамып, гүлденген кезі өткен дəуірдің жетпісінші-сексенінші жылдардың еншісіне тиді. Бұл кезде жарық көрген Д. Əбілов, А. Тоқмағамбетов, І. Есенберлин, Ə. Əлімжанов, С. Жүнісов, Ə. Кекілбаев, М. Мағауин, Д. Досжанов, С. Сматаев, Қ. Салғарин, З. Ақышев, Б. Жандарбеков жəне тағы басқалардың романдарын айтуға болады.

.
.

Қазақ əдебиетіндегі тарихи шығармалар, ондағы дəстүр жалғастығы, авторлық идея, ой-нысана, образ жасау жолдары, тарихи дерек-материалдар, аңыз желілерін пайдаланудағы жазушылық мақсат пен ой түю ерекшеліктері, оны қазіргі заман көріністерімен сабақтастыру сипаты – тұтас күйінде бұрын терең зерттелмеген, қазіргі Қазақстанның əдебиеттану ғылымы үшін зəру мəселенің қозғалғанын дəлелдеді. Сондықтан өнер туындысындағы жазушының тарихқа көзқарасын тарихи шығармадағы көркемдік таным тұрғысынан пайымдау қазіргі əдебиеттану ғылымындағы өзекті мəселе ретінде қарастырылып жүр.

Əдеби шығарма уақыт пен кеңістікті көп қырлы сипаттармен бейнелейді. Яғни, бұл екі ұғым тоғыса келе, мекеншақ ұғымын орнықтырып, көркем туындының шындық дүниеге қатынасын білдірудегі көркем бірлікті айқындайды. Əдеби шығармада уақыт пен кеңістік екіжақты көрінеді: алдымен мотив, лейтмотив түрінде, одан соң сюжеттің негізін құрайды.

«Сюжет» термині əдебиеттанушылық мағынада француз классиктері өкілдерінің қолданылуымен кірістірілді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы əдебиеттегі ірі теоретик А.Н. Веселовский орыс əдебиеттануындағы сюжеттің теориялық жағынан зерттелуіне негіз сала отырып, сюжетті құрамдас бөліктерге: мотивтерге жіктеп, олардың шығуын түсіндіре келе, сюжетке мынадай анықтама береді: “Сюжет бұл күрделі схема, мұнда адам өмірі мен психикасының белгілі актілері жинақталып, тұрмыстық шындықтың формасымен алмасып отырады. Осы жалпылама, жинақталған əрекетке жағымды жəне жағымсыз деген бағалаулар қосылады. Сюжет арқылы мен схеманы елестетемін, мұнда əр түрлі жағдайлар мотивтер кірістіріледі” [13,78]. Əдебиет — қоғамдық ой-сананың жүйеленген көрінісі. Əдебиет заман, уақыт турасында, əр кезеңнің сипатына сай қоғамдық-əлеуметтік мəселелерді қозғап отырады. Осы тұрғыдан келгенде əдебиеттің адамтанушылық, өміртанушылық мəні басым.

Кез-келген көркем шығарманың жанрлық сипатын айқындау əдебиеттану ғылымының өзекті мəселелерінің бірі болып табылады. Жанр туралы пікір əртүрлі, оны түйіндесек, мынадай болып шығады. Бірінші, жанр (французша jenre – тек,түр) əдебиеттің тегі, ол эпос, лирика, драма деген топтарға бөлінеді, ал оның эпос түріне роман, эпопея, повесть, поэма, толғау, жыр, əңгіме, очерк, новелла, сюжетті қысқа өлеңдер жатса, лириканың түрлеріне өлең, ода, идиллия, иадригал, элегия, романс, эклога, сонет, эпиталама, ал драманың түрлеріне трагедия, драма, комедия т.б. енеді.

Əдеби-эстетикалық тұрғыдан келгенде сөз өнерінің туу, қалыптасу жолдарын əдебиетте орныққан бағыт-ағымдармен іргелес қарап, соған сай көркемдік əдістердің өзгеру, ауысу заңдылықтарымен түсіндірілетінін білеміз. Осы тақырыптық-идеялық бірлік əрбір қаламгердің шығармашылық ерекшелігімен түсіндіріледі. Біз тəуелсіздік жылдарында жарық көрген романдардан негізінен идеялық-тақырыптық тұтастықты байқадық. Бұл заңдылық. Себебі, əр шығармашылық иесінің көтерген мəселесі — бір елдің тарихы. Ендеше, қарымды қаламгері бар елде ірі тарихи оқиғалар қалтарыста қалмақ емес. Мəселен, өткен дəуірдің 70-80 жылдары идеологияның ықпалына қарамастан, бүгінге дейін əдебиетіміздің көркем дүниесіндегі үлкен құбылыс болған І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, Ə. Əлімжановтың «Жаушы», С. Сматаевтың «Елім-ай», Ə. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң», М. Мағауиннің «Аласапыран» романдары туды. Бұл шығармалардың бəрі дерлік қоғамда үлкен пікір тудырған, қаншама сын тезінен өткен. Мұның себебі халық тарихының əр кезде назарда болғанын байқатады. Соған қарамастан, ұлттық сананың өсуі, жұртшылықтың тарихқа қызығушылығы арта түсті. Мəселен, тарихтың тереңіне үңіліп, бұрын қазақ əдебиетінде қозғалмаған халқымыздың үш жүз жылдық тарихына түрен түсірген І. Есенберлиннің «Көшпенділер» туындысының идеялық-көркемдік құндылығы бүгінгі жаңа тəуелсіздік бигігінде де аласарған жоқ. Қазақстан жеріндегі қаламгерлерден басқа біздің шеттегі қандас қаламдастарымыз да ұлт тарихына үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Жазушы Ш. Құмардың бір өзі тарихи тақырыпқа арналған үш романы («Бөке батыр», «Көз жасы құрғамайды», «Ер Жəнібек») жарық көрді. Ж. Ахмадидің «Дүрбелең», «Шырғалаң» дилогиясы, Т.Рыскелдиевтің «Тау тағысы» романы Шыңжаң тарихынан сыр шертеді. Бір тақырыпты екі автордың жарыса жазғаны Б.Құсбегиннің «Зуха батыр» романынан кейін, Қ. Шабданұлының «Пана» романын жазғанынан байқалды. Сол сияқты, С. Əбілқасымовтың «Оспан батыр» романынан кейін, осы тақырыпқа Ж. Сəмитұлы жариялатқан «Сергелдең» (төрт кітап) шығармасы оқырман қолына тиді. Ондай дүниелер өткен тəжірибеден де байқалды. Айталық, бір Шыңғыс хан жөнінде қаншама кітап жазылды. Тəуелсіздігіміздің он жылдығына орай өткізілген əдеби конкурста бас бəйгені жеңіп алған Т.Зəкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы» атты романы белгілі.

Əдебиет теориясында романның ең биік сатысын эпопея деп атайды. В.Г. Белинский «романға біздің заманның эпопеясы»[5] деп анықтама береді. Академик Қ. Жұмалиев: «Шын мəнінде роман – көркем сөздің ең биік шыңы. Ол дəрежеге жету үшін өмірді кеңінен қамтудың үстіне романда бірнеше сюжеттік линия, екінші сөзбен айтқанда, негізгі сюжеттік линияға қосымша сюжеттер, негізгі оқиғаға қатысушылардың іс-амалы мен образдарын толықтыра түсумен бірге қатар дамып отыруы қажет», – дейді [14,15]. Қ. Жұмаділовтің қаламынан туған тарихи шығармалар «Тағдыр», «Соңғы көш», «Дарабоз» романдарының идеялық-тақырыптық жүйесін анықтайтын болсақ, алғашқы екі шығармасында XX ғасырдың ортасына дейін тек Қытайда ғана сақталған көшпенділер тұрмысы, дəуір шындығы, қазақтардың біраз бөлігінің Қазақстанға қалай келіп қоныстанғаны туралы бір халықтың басынан өткен қоғамдық-əлеуметтік мəселелер нақтылы деректер бойынша сөз болса, ал «Дарабоз» романында XVIII ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың көрінісі бар болмысымен ашылады. Аталған шығармалар дəуір шындығын ашып қана қоймайды, əдебиетімізге өзіндік ой, көзқарас алып келген тың туындылар ретінде қосылды. Автордың айтпағы қазақтың бірлігі үш жүздің ажырауында емес, керісінше, «төртеу түгел болса, төбедегі келді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» демекші, үш жүздің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса ғана» . Атам замандағы хан-сұлтандардың қазақтарды ру-руға бөліп, бір-біріне айдап салудың нəтижесі Ақтабан шұбырындыға əкеліп соқтырды. Шығармада бейнеленген жоңғар халқы бір тұтас əскер, бірлігі жарасқан жұмылған жұдырық сынды. Ал үш жүзге тарамданып кеткен қазақ халқы Алакөл, Аңырақай сынды шайқастардан кейін ес жия алмаған, бірлікке əлі де болса келе алмаған қалыпта. Мұның бəрінің бір себебі ғана бар, ол төре-сұлтандардың, ру басылардың билікке деген ұмтылысы, бір-біріне деген бақталастығы мен күндестігі. Оқырман туындының алғашқы жолдарының өзінен-ақ осы мəселеге келіп тіреледі. Əбілмəмбет хан өткізіп отырған кеңестің өзінде ру, тайпа басшыларының арасында алауыздық, ұйымшылдықтың жоқ екені байқалады. «Мұндайда өкпелеген ағайын өзі ғана кетпейді, қазақ үшін қасқалдақтың қанындай бірер мың сарбазды соңынан ерте кетеді. Береке-бірлігі жоқ, бəтуасыз елге хан болған адамның да маңдайының соры бес елі» [17, 14].

Роман басталысымен бас кейіпкердің миссиясы айқындалады: қазақ жерін жаудан аластау. Ал бұл миссияны орындау талай шайқастарда қолбасылық қабілеті көрінген, қазақ халқы тарихының шын мəніндегі дарабозы Қаракерей Қабанбайға тапсырылады. Оқырманға батырлығы мен ақылдылығы жайынан əбден таныс тұлға Қабанбайдың бейнесіне автор қосымша қасиеттер қосып бейнелейді. Ол қасиет Дарабоздың ұлттық идея ұйытқысы бола алуында. Шығарманың басты кейіпкері Қаракерей Қабанбай найман руынан шыққан болса да, ол өзін Алаш ұлымын, Қазақ перзентімін дегенінің өзінен-ақ өзіне деген сүйіспеншілікті туындатады. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген де осы болар. 1748 жылы ұлы хан Əбілмəмбеттің ордасында Түркістанды, Ташкентті, Жетісуды, Алтай, Тарбағатай өңірлерін қалың жаудан тазарту, осы Қаракерей Қабанбай басқарған сарбаздардың еншісіне тиеді.

Əдебиет — белгілі бір қатып қалған стандартқа жүгінбейтін өзгеше əлем. Əр жазушы сол əлемді өз ұғымына, түсінігіне, өмірді тану өзгешелігіне қарай ашады. Сəбитте жазушылық өнерімен ешкімге ұқсамайтын, жаңа тың бейне ашуға құқылы. Оның шығармаларының түрі, құрылысы да басқаға ұқсауға міндетті емес. Жазушы мазмұнды өзі қалаған түрге сыйғызып ашады. Сəбит шығармашылығы да осындай, əдебиеттегі көп түрлілікті байыта тсуге ұмтылысымен ерекшеленеді. Аталған романдардың қазақ халқының бір ғасырлық өмірін тұтастай панорамалық суретке сыйғызып, əр оқиғаны бөлек-бөлек жазылған хикаядай əдебиеттің таныс үлгісімен суреттеуі де көңілге қонады. Оның образдары да анық, бейнелеу, суреттеу құралдары да бай. Осы ойларғ сүйеніп мен Сəбиттің жазушылығына бір жақты қарайтын, оны оқымай сырттан тон пішетін адамдардың қылығына қайран қаламын. Ол бір кітабынан екінші кітабына ізденіп жетіп, ылғи да өсіп, өрлеп келе жатқан жазушы. Оның болашағына мен сеніммен қараймын. Сəбиттің мына қос романы ұлттық əдебиетімізге қосылған үлкен үлес.

.

Жалпы тəуелсіздігімізді алғаннан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда соған қарамастан, біздің өміріміз, мəдениетіміз, тіліміз, дініміз, тарихымыз бой түзеп, өз арнасына түсіп келеді. Əдебиетіміздің өзін алып қарасақ, көптеген тақырыптар қозғалып, шектеу қойылған тақырыптардың өздері айтыла бастады, жазыла бастады. Еліміздің саяси, əлеуметтік өмірінде елеулі орын алған қоғамдық-əлеуметтік, тарихи жағдайлар əдебиетіміздің əр түрлі жанрларында ашық айтыла бастағаны мерейлі тəуелсіздігіміздің арқасы.Негізінен ұлттық дəстүр өркениеттің озық үлгілерімен бірге дамып, өздігінен де сол өркениеттің ары қарай дамуына жаңаша түрленумен, өрлеумен үлес қосады. Осыдан барып əдебиеттегі дəстүр де көрінеді. Əдеби дəстүр көркемдік талғам таразысынан өлшеніп барып, кейінге мирас болып қалса, жаңашылдық əдебиеттегі мазмұн мен түрдің жаңаша қырынан, көркемдеу құралдарының жаңалануынан, көркемдік жетістіктерге жетуден танылады.

Қазақ əдебиеттану ғылымының тарихындағы соңғы жиырма жыл ауқымында тарихи роман проблемасы əр қырынан зерттеліп, жеке арна тарта бастады. Көптеген ғылыми мақалалар, əдебиеттер жазылып, жарық көре бастады. Халқымыздың өткен тарихына бойлау арқылы біз болашақ ұрпаққа үлкен жаңа жол сілтей отырып, əдебиет – рухани қазынаның алтын діңгегі екендігін көрсетеміз. Əдебиет – өнер атаулының іргелі де, өнегелі салаларының бірі. Сөз өнерінің құдіреттілігін түсіне білгенге əдебиет тек қана өнер емес, сонымен қатар өмірдің мəні. Қазақ əдебиетінің қалыптасып, дамуы кезеңдерінде жарық көрген туындылар халықтың басынан кешкен өмірінің ащы шындығын, қайталанбас кездерін суреттеуді, мазмұн мен пішін жүйесін қамтып бейнелеуді жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасы тəуелсіздігі жарияланып, азат, егемен ел болып өмір сүре бастағаннан бері халқымыздың ұлттық-отаншылдық санасы тың серпіліспен толыға түсті.

XX ғасырдағы қазақ əдебиеті жаңа басталған күрделі кезеңнің көркем шежіресі іспеттес болды. Бұл дəуір əдебиеті ұзақ жылдар бойы өз кезеңінің саяси идеологиялық талаптарына байланыста біржақты зерттеліп келді. Соның ішінде жанр түрлеріне қатысты алуан түрлі пікір, көзқарастар орын алды . Əдебиеттің даму кезеңінде басқа жанрлармен бірге, роман жанры да қызу айтыстарға өзек болды. Зерттеуші М. Атымов: «Қазір роман жанры барлық əдебиетте өзінің жетекшілік рөлін айқын байқатып отыр. Оған Ленинград қаласында болған роман жанры туралы айтыстың өзі-ақ дəлел. Ал, бұл жанрдың енді басымдық алуы басқа жанрларға қарағанда эпикалық түрдің қолайлығынан болса керек», — дейді. Қазақ халқының адебиетіндегі осы күнге дейінгі жазған шығармаларды оқып, талдай отырып біз қазақ халқының басынан өткен тарихын білеміз. Сонымен қатар жастарымызды осы шығармалар арқылы еңбек сүйгіштікке, арлы болуға, отан қорғауға, дəстүрге, мəденеиетімізге, махаббатқа адал болуға, өмірде адам болу ең басты адамзаттың қасиеті екендігін түсінеміз. Əдебиетіміз арқылы біз қазақ халқының рухани қазынасын дамытамыз.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.