Әдебиет тану ғылымы

Home » Рефераттар » Әдебиет тану ғылымы
Рефераттар Комментариев нет

Әдебиет тану ғылымы. Әдебиет тану ғылымы — көркем әдебиет туралы ғылым. Бұл негізінде үш саладан құралады: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны. Бұлар қашан да бір-бірімен нық байланысты. Әдебиет тарихы белгілі бір халықтың әдебиеті қай кезден басталды, шығармасымен қоса авторлық аты сақталған ең алғашқы ақыны кімдер, олардан қандай мұралар қалды, олардың өзара байланысы қандай, бірі себебі, екіншісі нәтижесі бола алды ма, қандай жүйеде дамыды, қандай тарихи кезеңде туды, онда қандай таптардың көзқарасы, тартыстары суреттеледі, міне, осы мәселелерді зерттейді. Әдебиет теориясы көркем әдебріеттің әлеуметтік мәнің, өзіне тән ерекшеліктерін, эдеби құбылыстардың қоғамдық негізің, әдебиеттің даму заңдарын, әдебиеттік метод, бағыт, олардың себебін, әдебиет тектері (жанр), оның түрлері, көркем шығарманың композициясы, тілі, өзіне тән ерекшеліктері, өлең құрылысы тәрізді мәселелерді қамтиды. Әдебиет сыны өз кезіндегі әдебиеттің даму жолдарын бақылайды. Оның жетістіктерін жұртшылыққа түсіндіреді, жақсыларын үлгі етеді, кемшілігін сынға алады. Қысқасы, шын мәніндегі сын өз тұсындағы көркем әдебиеттің дұрыс бағытта ілгерілеуіне жөн сілтеп, жол көрсетеді.
Бұған орыс халқының сыншысы В.Г.Белинскийдің сыны толық дәлел. Ол өз кезіндегі әдебиетті күнбе-күн бақылап, даму жолын зерттеп отырды. Жетістігіне қуанып, кемшілігіне қынжылып, әдебиеттің дұрыс бағытта ілгері дамуына жөн сілтеп, жол көрсетті. Кемшіліктерін батыл сынап, өзінің кейбір сын мақалаларын белгілі бір жылдардағы әдебиеттің есебі деп атады.
Әдебиет тарихы, әдебиет теорріясы, әдебиет сыны — әдебиеттану ғылымының жеке салалары болғанмен де? олар өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Бір елдің әдебиет тарихын оқу зерттеуде теориясыз ешбір көркем шығармаға талдау беру мүмкін емес болса, ал сол, елдің фольклорын, әдебиетінің тарихын жақсы білмеген адам өз кезіндегі әдебиеттің даму жолдарын дұрыстанып, басшылық ете алмайды. Өткенді жақсы білмей, келешекті болжау қиын. Әдебиет теориясымен толық қаруланбаған сыншы, жалпы әдебиеттік процеске жол көрсету, жөн сілтеу былай тұрсын, жеке еңбектерді де талдай алмайды. Әдебиеттану ғылымының үш саласының ішінде әдебиет теориясының орны өте-мөте ерекше. Әдебиет тарихын тексергенде не жеке шығармаларды талдағанда ең алдымен теорияға сүйенеміз. Мысалы, тіл сабағынан диктант жазу үшін емле ережелері қандай керек болса, көркем әдебиетті тану үшін теорияны білу де сондай керек. Әдебиет теорғіясы туралы ой-пікір, көзқарастар ерте заманнан бері айтылып келеді. Көркем әдебріеттің өзіне тән ерекшелікгеріне, оның даму зандарына біздің жыл санауымызға шейінгі заманның ойшыл ғалымдары да көңіл аударып, кейбіреулері терең ғылыми пікірлер айтты. Әдебиеттің теориясы туралы ең алғашқы үздік еңбек ескі грек елінің философы Аристотельдің «Поэтика» кітабы болды (біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырда). Аристотель өзінен бұрынғы философ, теоретиктерден әдебиет мәселелеріне басқаша қарады. Әдебиеттің қоғам тіршілігіне керектігін жоққа шығарып, оны «мәңгілік идеяның» көлеңкесі деп түсіндіретін идеалистік көзқарастарға қарсы, әдебиет нақты өмір шындығының сәулесі, әдебиеттің басты мәселесі — адам және ол өмірді таныту, тәлім-тәрбие беруді негізгі нысанасы етеді деген тәрізді материалистік пікірді ұсынушы бірінші адам Аристотель болды. Ол искусствоның бір түрі поэзияның ерекшеліктерін көрсетуші де, оның ғылымнан айырмашылығын бірінші рет түсіндіруші де Аристотель. Ол поэзияның тегі: эпос, лирика, драмаға жалпылап болса да сипаттамалар берді. Драмалық жанрдың бір түрі трагедиқ оның суреттеу үшін алған өмір құбылысы, қаһармандары және алға қоятын мақсат-міндеттері жөнінде айтқан терең пікірлерінің мәні зор. Әрине, Аристотельдің көзқарасында материализмді идеализммен шатастырып ала берушілік сықылды өзіне тән қайшылықтар да бар. Әйтсе де оның «Поэтика» атты кітабы өз дәуірінде әдебиетке теориялық негіз, әдебиетті зерттеу үшін болашаққа жол салған еңбек.
Көп уақыттар бойы Аристотельдің «Поэтикасы» әдеби-теориялық ой-пікірдің ең биігі саналды. Оның себебі Аристотельдің бұл еңбегі ескі грек елінің Гомер, Эсхил, Софокл, Эврипид, Аристофан тәрізді ұлы ақын, драматургтарының жазушылық тәжірибесіне негізделгендігінен, өзінің теориялық көзқарасына талдауларын сол қүнды әдеби материалдарға сүйенгендігінен еді. Ол жазушылардан қалған қымбат мұралар кейінгі ғасырларда да өзінің мәнін жоғалтпады. Бүл Аристотельдің, әдебиет теориясы жөніндегі еңбегін өте құнды еткен ең негізгі жайттың бірі болды. Әдеби-теориялық мәселелердің екінші бір дами түскен кезеңі XVIII ғасыр болды. Әрине, бұл сөзден сонау Аристотельден бері қарай, XVIII ғасырға дейін, әдебиет теориясы жөнінде мүлде еш нәрсе болмады деген үғым тумасқа керек. Әдебиеттің теориялық мәселелерін көтерушілер де ол жөнінде зерттеу еңбектер де болды, бірақ олар сонау ескі замандағы Аристотельдін айтқан пікірлерінен артық ештеңе айта алмады. Тіпті кейбір мәселелерде одан ғалымдық дәрежесі көп төмен жатты. XVIII ғасырда әдебиеттің теорріялық мәселелеріне айрықша көңіл бөлініп, тарихи мәні зор әдеби еңбектер жарыққа шықты. Россияда орыс халқының үздік ғалымы М.В.Ломоносов, демократ Радищевті атасақ, Батыста Дидро, Лессингтерді атауға болады.
Орыс халқының ұлы ғалымы М.В.Ломоносовтың әр алуан ғылым саласында айтқан даналық пікірлері, ашқан жаңалықтары көп болды, ол әдебиеттің тарихы, мәні, теориясы туралы да келешек үшін тамаша қүнды еңбектер қалдырды. Мазмүн ментүрдіңбірлігі, орыс әдебиетіндегі үш түрлі стршь (өзі «штиль» деп атаған) жайлы көзқарастары, «Россия өлең қүрылысының ережесі туралы хаты» көп замандар бойы үлгілі еңбекгер саналды. Орыс тілінің өзіне тән ерекшелікгерін ескере отырып жазған бүл еңбегінде М.В.Ломоносов орыс өлең қүрылысының негізгі принциптерін айқындады. «Шешендік және ділмәрлыққа жетекшілік» атты кітабында өз кезіне лайықты алғанда стильдік ерекшелік, шығарма композріциясының мәселелерін тамаша түрде шешіп берді. Әдебиеттің қоғам пайдасы үшін қызмет ету қажеттігі жайлы алғаш сөз қозғаушы да М.В.Ломоносов болды. Бұл көзқарастың келешек үшін тарихи мәні айрықша зор еді.
Орыстың үлы революционері және жазушысы А.Н.Радищев те әдеби-теориялық мәселелерге көңіл бөлді. Жазушылардан өмір құбылысын шындық тұрғыдан суреттеуді талап етті. Шындықты дұрыс көрсеткен прогрессивтік әдеби шығармалардың өмір тану, тәрбиелік мәнін ашық айтты. Әдебиеттің теориялық негізгі мәселелерін материалистік негізде терең толғап, кеңінен шешкен — орыс халқының ұлы демократтары В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтар еді.
Әдебиеттің идеялығы, халықтығы, реализм туралы бүл демократтардың теориялық ой-пікірлері кейінгілерге үлгі өнеге берді. Революцияшыл демократтар өздеріне дейінгі буржуазиялық әдебиетте үстем болып келген «көркемөнер — көркемөнер үшін» дейтін теорияның реакцияшыл көзқарас екендігін әшкерелеп, көркем әдебиеттің сырын аыггы. Олар искусствоның бір саласы көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктерін айқындап берді.
Гылым мен искусствоның айырмасы туралы В.Г. Белинский: «Саяси экономияға жетік адам статистік мәліметтерге сүйеніп, қоғам ішіндегі мына таптың күйі мынадай себептермен көп жақсарды не көп төмендеді деп дәлелдеп, оқушылардың не тындаушылардың санасына әсер етеді. Ақын шындық болмысты жанды және айқын-ашық етіп суреттеу арқылы өмір суретін реалдық қалыпта көрсетеді, оқушыларының қиялына әсер етеді. Сөйтіп қоғам өміріндегі мынадай таптың жағдайы, мына себептермен көп жақсарды не көп төмендеді дейді. Қорыта айтқанда, «ғылым мен искусствоның біреуі дәлелдейді, екіншісі көзге көрсетеді, екеуі де сендіреді», — деді. Революцияшыл демократтар материалистік эстетиканың негізін салды. «Көркемөнер — өмір, өмірдің сәулесі» — дейтін Чернышевский, Белинскийдің көзқарастары искусство, әдебиет мәселелерін талдауда кейінгілер сүйсінерлік мұра, сүйенерлік тірек болды. В.Г.Белинскийдің искусство, әдебиет, әдебиеттің тектері және түрлеріне берген анықтаулары мен талдаулары марксистік әдебиеттану ғылымына дейін дүние жүзіндегі әдебиетте тендесі жоқ, ең жоғарғы шын мәнісіндегі ғылыми еңбектер саналды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.