ӘДЕБИЕТТЕГІ БЕЙЗАТТЫҚ ОБРАЗДАР

Главная » Рефераттар » ӘДЕБИЕТТЕГІ БЕЙЗАТТЫҚ ОБРАЗДАР

Бейнелеу (заттық) бастау көздің әдебиеттегі өзіндік ерекшелігі көп жағдайда сөздің конвенционалды (шартты) таңба болып табылып, өзі таңбалаушы затқа ұқсамауымен (Б.Л. Пастернакша: «Атау мен зат арасында айырма қаншалықты десеңізші!»[282]) айқындалады. Сөздік картиналардың (бейнелердің) көркем сурет, сұңғат, мүсін, сахналық, экрандықтан өзгешелігі оның бейзаттығы болып табылады. Яғни, әдебиетте бейнелеуші (нәрселік) бар болғанымен оның тікелей көрнекі айқын келбеті ұшыраспайды. Көрініп тұрған болмысқа бет бұрған қаламгерлер тек оған жанама ғана туындыгерлік үстей алады. Әдебиет заттар мен құбылыстардың сезімдік қабылданатын кескінін емес, олардың ой жүгіртілетін тұтастығын қарпи игереді. Қаламгерлер көзбен көретінімізге емес, біздің қиялымыздағыға бағдар ұстайды.

Сөз тінінің бейзаттығы әдеби туындының сомдаушылық байлығы мен сан алуандығын айқындайды. Бұл жерде, Лессингтің сөзімен айтсақ, образдар «шындық өмірде не болмаса, материалдық түрде туындатушылық кезіндегідей бір-бірін қалқаламай, бір-біріне кедергісін келтірмей, бір-бірінің қасында көп мөлшерде және сан алуандықпен ұшырасады»[283]. Әдебиет шексіз кең сомдаушылық (ақпараттық, танымдық) мүмкіндіктерге ие, не болмаса, сөздің көмегімен адамның өресіндегі нәрсенің бәрін айшықтауға әбден болады.  Әдебиеттің әмбебаптығы туралы талай мәрте сөз болды. Гегель өз кезегінде сөз өнерін «кез келген форманы еңсере алатын, кез келген мазмұнды айта білетін жалпыға ортақ өнер» деп атады. Оның ойынша, әдебиет «рух белгілі мөлшерде ынта қойып, назар аударатын нәрсенің» барлығына тарай алады[284].

Болмысынан бейзаттық пен көрнекіліктен ада сөздік-көркем образдар, сонымен бірге, ойдан шығарылған реалдылықты суреттеп, оны оқырман назарына ұсына біледі. Әдебиеттің осы қыры сөздік әлпет (пластика) деп аталады. Сөзбен салынатын сурет бір сәттік тікелей көзбен көрушіліктен тұрмайды, қайта ол туралы еске түсірулер арқылы жүзеге асырылады. Осы қатынастағы әдебиет – өз кезегінде көрінетін реалдықтың айнасы «екінші өмірі» ретінде оның адам санасындағы таңбалануы болып табылады. Көркем сөздік туындыларда заттардың көзге ұрып тұруына қарағанда көп мөлшерде ғаламзатқа деген субъективтік реакция айшықталады.

.
.

Сөз өнеріндегі әлпеттік бастау көз ұзақ ғасырлар бойы бірден-бір ең шешуші мағынаға ие болып келді. Антикалық поэзия уақытынан бастап, оны кейбірде «сыңырлаған көркем сурет» (ал көркем суретті –  «мылқау поэзия») деп атады.  Поэзия XVII-XVIII ғғ. классицистер үшін көзге көрініп тұратын әлемді суреттеуші  «ілкі көркем сурет» аясында ұғынылды. XVIII ғасырдың басындағы өнер теорияшыларының бірі Кейлюс ақын суретші мен қыл қалам шеберіне жеткізе алатын поэтикалық таланттың әлеуеті картина санымен өлшенеді[285] деп тұжырымдады. Осы тәріздес ойлар ХХ ғасырда да айтылып қалып жүрді. М. Горький: «Әдебиет дегеніміз – сөздің арқасында бейнелетін әлпеттік өнер түрі»[286],-деп жазды. Бұл секілді ойлар көрініп тұратын әлемнің суреті көркем әлебиетте үлкен рөл атқаратындығын білдіреді.

Бірақта, әдеби туынды үшін бөлінбес, ең маңыздысы образдылықтың бейәлпеттік бастау көзі: персонаждардың, лирикалық кейіпкерлердің, әңгімелеушілердің диалогтар мен монологтарда жүзеге асатын психологиясы мен ойларының аясы болып табылады. Тарихи уақыт шеңберінде сөз өнеріндегі «заттылықтың» осы қыры дәстүрлі әлпеттілікті ығыстырып, барынша бірінші орынға шығарыла бастады. XIX-XX ғасырлар тоғысындағы Лессингтің мына бір тамаша ой түюі классицизм эстетикасымен  тай-таласқа түсіп: «Поэтикалық картина суреткердің картинасы үшін тіптен материал болып табылмайды».  «Заттың сыртқы қабығы ол үшін (ақынға. — В.Х.) тек қана біздің оның образына деген қызығушылығымызды туғызуға түрткі болатын болымсыз амал-тәсілдердің бірі ғана»[287],-деп оданда ащы айтылды. Осы рухта (бұданда батыл түрде!) біздің жүз жылдықтың қаламгерлері ой толғады. М. Цветаева: поэзия дегеніміз – бұл «көзге көрінетіннің жауы» деп есептесе, ал И. Эренбург кино дәуірінде «Әдебиет психологиялық жақтан көрінбес әлем болып қалады» тұжырымдады[288].

Оның үстіне «сөзбен өрнек салу» өзін толық сарқып біткен жоқ. Осы турасында И.А. Буниннің, В.В. Набоковтың, М.М. Пришвиннің, В.П. Астафьевтің, В.Г. Распутиннің туындылары дәлел. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы әдебиеттегі көрініп тұратын реалдықтың картинасы көп өзгерді. Дәстүрлі табиғатты, интерьерді, қаһарманның сыртқы келбетін (мысалға, И.А Гончаров пен Э. Золялар көп көңіл бөлген) тәмпіштей суреттеудің орнына әсіресе, А.П. Чеховқа тән болып келетін  жинақы мінездемелік тікелей оқырманға бағдар ұстанған көркем мәтіндегі, ең бастысы, әлдебіреудің көзбен көргенін психологияландырып берушілік келді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.