Әдебиеттегі ойға алушылық

Home » Рефераттар » Әдебиеттегі ойға алушылық
Рефераттар Комментариев нет

Көркем субъективтілік шындық өмірді рационалды игеруге, өз бетінше пайымдау жасауға көбіне қабыса бермейді. «Автор», А. Камюше, «өз қалауына қарағанда көбірек сөйлеп кетеді». Осы айтылғанға өз ойын білдірген П. Валери: «Егер құс өзінің не турасында құйқылжытатынын білетін болса, мүлдем сайрамай кетер еді»,-дейді. Өнер туындыларының бойында оның туындыгерінің көзқарасы мен шығармашылық ойға алғанынан бөлек әлдене бар. Д.С. Лихачевтың пікірінше, авторлық субъективтіліктің құрамында көзге түсетін екі өте маңызды компонент бар: «оқырманға (тыңдаушы, көрермен) белсенді әсер ету» қатпары, яғни,  саналы түрде (ой және онымен байланысты сезімді) бекемдеуге  бағытталған ая және қоғамда қалыптасқан түсініктер негізінде туынды бойында автор санасын айналып өтетін «бәсеңдеу» қатпары (оған ғалым «дүниетанымдық фон» деген анықтама береді)[155]. Авторлық субъективтіліктің осы екі формасын біздің ғасырдың (ХХғ.) бірінші жартысында белгілі испан философы X. Ортега-и-Гассет проблемаға қатысты күмән мен дау-дамай тудыратын идеяға («интеллектуалды іс-әрекеттің жемісіне») және біз еңбек етіп, өмір сүретін дүниетанымдық аксиома: «біздің өмірдің каркасы», «аяқ астындағы құрғақ жер», рухани тұрақтылықтың аясы болатын наным-сенімге («мәнісі «біз» болып табылатын идеяға») жатқызды[156]. Сөз болып отырған көркем субъективтіліктің типтерін шартты түрде рефлективті және бейрефлективті деп бөлуге болады.  Автор санасын осылайша қаққа жарылуы Н.А. Добролюбовтың «Қараңғы патшалық» мақаласында төбе көрсеткен еді. Онда сөз жазушы шығармашылығы үшін ең маңыздысы оның рационалды жүйеге түскен теориялық көзқарасы  емес, дүниетаным деп аталатын өмірге тікелей-бағалаушы қатынасы. Добролюбовтың ізін жалғаған Г.Н. Поспелов те[157]  өмірді тікелей  идеологиялық тану көркем шығармашылықтың бастау көзі деп қарастырады.

Бейрефлективті, ойға алмағандық басым жағдайда имперсоналды субъективтік көп қырлы. Бұл ең алдымен, туынды иесі адам ретінде өмір сүретін әлемдегі белгілі бір қалыптасқан мәдени дәстүрді танытатын (наным-сенімді қосқанда) «аксиоматикалық» ұғым. Ол сондай-ақ, В.Ф. Переверзев бастаған әдебиеттанушы-әлеуметшілер 1910-1920-шы жылдары шешуші мән берген жазушы жататын қоғамдық топтың «психоидеологиясы». Ары қарай тарамдасақ, суреткер санасынан шететтілген ауыру-сырқаулық кешені, соның ішінде, З. Фрейд зерттеген сексуалдық[158]. Ақыр соңында, ол К.Г. Юнг сөз еткен, өз бастауын тарихи архаикадан алып, дәуірден үстем түсетін «ұжымдық санасыздық» ретінде көркем туындының «мифтіпоэтикалық астар мәтінін» құрайды. Аталған ғалымның пікірінше, көркем туындының бастау көзі образдары адамзаттың жалпыға ортақ құндылығы болып табылатын санасыз мифологияда; шығармашылық процесте архетиптің санасыздықпен рухтануын қалыптастырады»; туынды «заманалық санаға қол жетімісіз түп төркіні бағзыға кететін символизмге» иелік етеді.

Біздің жүз жылдығымыздың өнертануы мен әдебиеттануында автор субъективтілігінің танылмайтын және имперсоналды* тұсы көбіне бірінші қатарға шығып, абсолюттендіріліп келеді.  Суреткердің шығармашылық еркі, саналы құлық қоюы, рухани белсенділігі шын мәнісінде қаперге алынбай, үнсіздікпен айналып өтілуде. Туындыдағы автордың рухани өмірінің нышан-белгілерін қарастырумен ғана шектелетін ғалымдар көбіне суреткер не санасыздықпен, не болмаса, сұраусыз келген куәгерлерден сыр бүгіп қалушылығы сыңайындағы этикалық жағынан айтып салдыммен тұйықталады. Н. Саррот шындыққа жанасымдылықпен біздің гуманитарлық заманамызды күмән келтіру дәуірі деп сипаттады.

ХХ ғасырдың басындағы (өнердегі психоаналитикалық бағытты жақтаушы Фрейд пен оның ізбасарлары жайындағы)  «адам турасында үлкен әшекерлеулер жасалып, оның санасының астары ашылды» деген Н.А. Бердяевтікі де орынды еді.  Ғалымдар, «өз ашылымдарын тіпті заң деп танып», «өте әспеттеп жіберді» адам өз ойын, өзінің шығармашылығын қашанда жасырып ұстайды, сондықтан ол турасында керісінше ойлап, ол өзі турасында тіл қатуға тиіс»,-деп тұжырымдады философ[160]. Белгілі чех филолог-структуралисі Я. Мукаржовский өнердегі психоаналитикалық бағыттың жақтаушыларына қарсы көркем туындының тудыратын әсер етуінің басты факторы – автордың алдына ала ойға алушылығы, тап осындай болу туындының жеке бөліктерінің басын қосып, өмірге келетін шығармаға мән береді деп түйіндеді[161]. Бұнымен келіспеске шараң жоқ.  Ойға алушылық және ойсыздық, біздіңше, көркем субъектіліктің тең дәрежеде қажетті екі қыры болып табылады. Олар бір-біріне жауластықтан гөрі  бірін-бірі өзара толықтырушы болып келеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.