Delphi ортасында – объектіге бағытталған программалау жүйесі

Главная » Рефераттар » Delphi ортасында – объектіге бағытталған программалау жүйесі

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай да бір жұмыс орындауды көз алдымызға елестету қиын. Бұл компьютермен жұмыс істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.

Программалау дегенді біз бүгінгі күннің, ғылым мен техникадағы прогресстің туындысы деп санаймыз. Бірақ ол дұрыс емес. ХIХ ғасырда алғашқы есептеу құрылғылары пайда болғаны белгілі, сол кезден бастап есептеу программалауды құрудың қажеттілігі туындады. Бірінші болып осы мəселені шешкен Ада Лавлейс болып саналады, ол Чарльз Бэббидждің есептеуіш машинасында жұмыс істейтін программаны құрған. Ал бірақ нағыз программалау тілдері, əрине, электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) ғасырында пайда болды.

Есептеуіш техниканың қарқынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау – объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына əкеледі. Жылдам құру жүйесінің негізіне (RAD – Rapid Application Development – қосымшаларды жылдам құру ортасы) визуалды жобалау мен оқиғалы объектілі бағдарланған программалау технологиясы алынған. Мұндай программалаудың мəні – программа жасаушы құрал жұмыстың көп бөлігін өзі атқарып, программистке диалог терезелерін құрастыру мен оқиға өңдеушіні құру жұмыстарын қалдырды. RAD жүйелерінің ішінде Borland Delphi жəне Visual Basic орталары əртүрлі программалар құруға мүмкіндік береді: қарапайым бір терезелік қосымшалардан бастап, үлестірілген мəліметтер қорын басқару программаларына дейін Borland Delphi ортасындағы программалау тілі Object Pascal тілі.

.

Программалау тілдерінің кəдімгі тілдерден айырмашылығы трансляторға түсінікті болатын шектелген сөздері мен командалары қатаң ережелермен жазылады. Мұндай талаптар жиынтығы программалау тілдерінің синтаксисін, ал əрбір командалар мен тілдің басқа конструкцияларының мағынасы – оның семантикасын құрайды. Егер программаның жазылу формасы өзгеретін болса, онда транслятор оператор қызметін түсінбей, синтаксистік қате деп хабар береді. Ал егер дұрыс жазылған, бірақ алгоритмге сəйкес емес командалар қолданылса, онда семантикалық қатеге келтіріледі. Программадағы қателерді іздеу процесі тестілеу деп, ал қателерді жөндеу процесі – отладка деп аталады.

Əртүрлі типті процессорлардың əртүрлі командалар жиыны бар. Егер программалау тілдері белгілі бір процессорге бағытталған болып, оның ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол төмен деңгейдегі программалау тілдері деп аталады. Оған ассамблер тілі жатады.

Кез келген есепті шығарғанда алдымен оның математикалық үлгісі жасалады. Математикалық үлгі – объектінің, құбылыстың қасиеттерін, ерекшеліктерін жəне басқа сипаттамаларын жете зерттеп, оны теңдеулер жүйесі не теңсіздіктер мен функциялар арқылы өрнектеу. Программаны түрлі тəсілдер бойынша құруға болады, бірақ оған қойылатын негізгі талап оның сапалы жəне пайдаланушыға түсінікті болуы. Түсінікті программаны шығару оңайға түседі.

Осы ғылыми жобада объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері берілген. Ғылыми жобада Delphi ортасының программалауға қажетті теориялық материалдар келтірілген. Негізгі бөлімде Delphi ортасы визуалды программалаудың негіздері жазылған. Екінші бөлімде жобаның тақырыбына байланысты Delphi ортасының мультимедиялық мүмкіндіктері жайлы мысалдар келтірілген. Үшінші бөлімде ЭЕМ-ның шығуы баяндалған.

Delphi ортасының компоненттер палитрасы. Формалар терезесі. Delphi ортасы – программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта. Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады: 1) негізгі терезе; 2) объектілер тармағының терезесі; 3) обектілер инспекторының терезесі; 4) броузер (көру) терезесі; 5) формалар терезесі; 6) программа кодының терезесі.

Программа кодының терезесін көру үшін F12 клавишын басу жеткілікті. Delphi-ді алғаш шақырғаннан кейін «Delphi» терезесі барлық терезенің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпарацияның WEB-беттеріне кіруге мүмкіндік туады.

Delphi-programmalau

.

Негізі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізгі қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады жəне ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде Delphi ортасының бас менюі, компоненттер палитрасы орналасқан.

Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажетті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды. Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады. Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық панельдердің аттары келтірілген жəне олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize-ды (настройка, баптау) таңдағаннан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды тандап, оны экранға тасып апаруға болады. Негізгі терезеге жиі пайдаланылатын пиктограммаларды орналастырған ынғайлы: Project/Syntax Chek – программа командаларының синтаксисін тексеру; View/Debug Windows/Watches – отладкалық режимді бақылау терезесіне кіру жəне т.б.

Компоненттер палитрасы – Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан жəне онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады, жалпы жағдайда экранға көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі жəне т.б.

Events (Оқиға) – қандай да бір оқиғаға компоненттің жауабын анықтайды.

Код терезесі – программа мəтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мəтін арнайы ереже бойынша құрылады жəне программаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мəтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Объект Pascal программалау тілі пайдаланылады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н. Вирт 1970 жылы ұсынған жəне оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірді (Turbo Pascal, Borland Pascal жəне Object Pascal деп аталады).

Delphi-де программалар түрі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға – программаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір əрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның əр іс-əрекеті оқиға шақырады. Əр объектіге байланысты оқиғалар көп. Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы жəне unit1, pas атауы берілген модуль F12.

Ең алғашында Код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мəтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.

Тіпті қарапайым программа құру үшін программа кодын құрып өзгертуге, жөндеуге тура келеді, төменде код терезесімен жұмыс істеудің негізгі тəсілдері келтіріледі. Жаңа жобаны ашқаннан кейін төмендегідей жолдар көрінеді:

.

Delphi ортасының мультимедиялық мүмкіндіктері. Delphi-дің мультимедиялық мүмкіндіктері. Мультимедия дегеніміз қозғалыстағы сурет. Суретті қозғалысқа келтіру үшін суретті экранға шығарып, біраз уақытқа өшіру керек. Содан кейін оны тағы экранға басқа орынға шығару қажет. Delphi ортасында мультимедиялық программалар жасау үшін екі компоненттің қызметін пайдалануға болады: Animate – жай анимацияны шығаруға мүмкіндік береді; Media Player – аса қиын есептерді шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, дыбысты, видеороликтерді, дыбысы бар анамацияны шығару жəне т.б.

Animate, Media Player компоненттері. Animate компоненті Win32 бетінде орналасқан. Ол кадрлары AVI – файлдарында орналасқан анимациямен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Animate компоненті формаға əдеттегідей орнатылады. Қосқаннан кейін оның сəйкес қасиеттерін тағайындау керек. Animate компонентінің қасиеттері төмендегі кестеде келтірілген. Animate компонентін тек қана AVI – файлдарын ұйымдастыру үшін ғана қолданылады. FileName қасиетіне дыбыс шығаратын файл атын енгізіңіз, сол кезде Delphi қате туралы хабар береді.

Бағдарлама Program сөзінен басталып, End сөзінен кейін қойылған нүктемен аяқталады. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін » ( * * )» немесе » // » белгілерін қолдануға болады. Uses сөзімен басталған сөйлем бағдарламаны осы сөзбен анықталған басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса есептегенде компиляциялау керектігін хабарлайды. Осындай нұсқаудан соң бағдарламаның денесі орналасады, ол begin сөзімен басталып, End жəне одан кейін қойылған нүктемен аяқталады. Осы программаны орындаған кезде төменде көрсетілген мультимедия қозғалуы қажет. Яғни бумадан корзинаға керекті құжаттарды лақтыру.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.