Демодекоз ауруы жəне оның алдын алу жолдары

Главная » Рефераттар » Демодекоз ауруы жəне оның алдын алу жолдары

Демодекоз – бүкіл дүние жүзіне кең таралған Demodex микрокенелері тудыратын теріге қабаттаса біткен қосалқыларының созылмалы паразитарлық ауруы болып табылады. Демодекоз ауруы туралы əлі күнге толық зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан да оның патогенді ауру екеніне көп мəн берілмей келеді. Əсіресе БҚО тұрғындары, соның ішінде жастар демодекоз ауруы туралы аз ақпараттандырылған. Қазіргі кезеңде Ирландия ұлттық университетінің ғалымдары демодекоз ауруының неден пайда болатынын анықтап отыр. Бұл демодекоз ауруының пайда болуының бір себебі: тері майымен қоректенетін демодекс кенесінің бактериалары болып табылады. Мамандар қызғылт безеудің, негізінен теріде демодекс кенешіктері көп кездесетін адамдардың ауруы екеніне көз жеткізді. Зерттеу тобының жетекшісі Кевин Кванагхтың айтуынша, мұндай ұсақ жəндіктер қоректі қорыта алмай, оларды үнемі тасымалдаумен болады да, соның салдарынан Bacillus oleronius бактериясын туғызады. Осы микроағзаның əсерінен көбіне бет, маңдай, мұрын терісінің асты қабынады. Адамдар безеуге қарсы қанша антибиотик қолданғанымен, одан құтылу оңай емес. Мұның себебі антибиотиктер бактериаларды өлтіргенімен, демодекс кенесінің өзін жоя алмайды. Енді жаңа зерттеудің нəтижесінде фармацевтикалық компаниялар сол зиянкестерге қарсы дəрі-дəрмек шығаруды ұйғарып отыр. Жмысты масаты. Демодекс кенесінің морфо-биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, демодекоз ауруының таралу, алдын алу жолдары туралы студенттерге толық мəлімет беру.

Демодекоз термині латын тілінен кене деген атаудан шыққан, ол Demodex туысына жатады. Бұл кенелер адам терісі мен əр түрлі жануарларды, соның ішінде үй жануарларын (мысық, жылқы, ірі қара мал, қой, ешкі, шошқа) зақымдайды (сурет — 1).

 Демодекс (Demodex) кенесі

.

Demodex туысының шамамен 65 түрі, оның ішінде 10 түрі адам жəне жануардың патогенді паразиті болып табылады. Алайда олардың əрқайсысы маманданған, үй жануарларының паразит кенелері адамды зақымдауға қабілетсіз. Адам денесін зақымдайтын кенелердің 2 түрі көп таралған. Патогенді кенелер — demodex folliculorum (ұзын кене 0,3 — 0,5 мм) жəне demodex brevis (қысқа кене 0,13- 0,18 мм). D. follicullorum — кірпікті, шаштың фолликуласында жəне қаста сирек, кеуде түктерінде кездеседі. Ал D. brevis — негізінен бет терісінің майлы бездерінде (ерін, мұрын жиырылымдарында, мұрын қырында), сонымен қатар тері жабындысының басқа жерлерінде: кеудеде, арқада, мойында – май көп жинақталған жерлерде кездеседі. Олар шаш фолликулаларымен жəне май бездерімен қоректенеді [1, 120б.]. Кене иесіз, тұрақты ылғалдылық пен бөлме температурасында қараңғыда 9 тəулікке дейін өмір сүре алады. Кененің дамуы үшін оптимальді температура 30-40оС, ал 14оС температурада кенелер əлсіз жағдайда болады, ал 52 оС градуста тез өліп кетеді, ал құрғақ ауада 1,5 күнде тіршілігін жояды. Демодекс үшін ең қолайлы қоректік орта – май, вазелин.

Кенені тіршілік циклі. Бұл кенелердің даму циклі бес кезеңнен тұрады: жұмыртқа, дернəсіл, алғашқы нимфа кезі (протонимфа), екінші нимфа кезі (дейтонимфа), жыныстық жетілген особь (аналық немесе аталық). Əр стадияның ұзақтығы 36 — 120 сағат[2, 84б.]. Эпидемиология. Демодекоз барлық адамдарда таралған. Кенелермен зақымдалу адам жынысына қарамайды. Адамда демодекоз басқа да тері немесе офтальмологиялық ауруларға негіз болады, мысалы розацеа, периоральді дерматит, блефарит туғызады. Алайда, тағы бір айта кететін жайт, ең біріншіден демодекоз бет терісі жарақаттануымен байланыстырылады. Жтыру жолы. Адамдардың кене ауруын жұқтыруы бір-бірімен қарым-қатынас кезінде, жеке гигиеналық заттар арқылы жүзеге асады. Күндіз кенелер фолликулада болады, ал түнде ғана тері жабынына шығады. Осыдан шығатыны, кенелердің бір иесінен екінші иесіне өтетін қолайлы уақыты — түнгі мезгіл. Алайда кенелердің белсенді қозғалуы бет терісі жабынында күндізгі уақытта да тіркелген. Күнделікті тұрмыстық құралдар арқылы жұғуы мүмкін, сонымен қатар кенелер ие ағзасынан тыс та өмір сүре алатындығы анықталған.

.

Клиникалы крінісі. Аурудың тері жəне көз ауруы түрінде пайда болуы мүмкін. Демодекоздың безеу ауруымен ұқсас белгілері болады жəне де оның негізгі белгілері: терінің қызаруы, қышуы (тұрақты түрде), ісік түрінде көрініс береді, сондай-ақ салқын сумен жуынған соң, соның есебінен безеулерге ұқсас қабынған, іріңденген қосылыстарды тудырады, бұлар стафилококк пен стрепкокктың есебінен жүреді. Зақымданған қас айналасының қатпарлануы, кірпіктердің жабысқыштығы, муфта түріндегі қабықтармен қоршалу белгілерінен көрінеді. Қазіргі кезде аллергиямен ауыратын адамдардың саны өте көп. Кейбір мемлекеттерде төрт немесе үш адамның ішінен біреуі аллергиямен ауырады. Осы жағдайға байланысты Европаның ғалымдары аллергияны жұқпалы індет ретінде таралғанын мəлімдейді. Аллергия дегеніміз созылмалы індеттің бір түрі болып шықты. Аллергия ауруын қоздыратын себепшілердің ішінде бірінші қатарда ұсақ, көзге көрінбейтін кенелер екен. Соның ішінде демодекс кенелері, олар жалғыз ғана болмай, ағзасының ішінде міндетті түрде əр түрлі микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтарды жəне т.б.) ала жүреді. Кесел ағзаға енгеннен бастап бірінші субъективтік белгісін бергенге дейін көп уақыт өтуі мүмкін. Көп себептер, соның ішінде адам ағзасының мықтылығы (иммунитеті), жеке гигиенасы, тағам қабылдау, тірлік жасау жəне демалыс қабілеттері (əдеттері), тағы да басқалары бұл мезгілдің ұзақтығына əсер етеді. Кеселді «көрмегендік», онымен тиісінше күреспегендік бірте- бірте аурудың асқынуына əкеліп соқтырады.

.

Зерттеу əдістері. Микроскопиялық əдіс – демодекозды анықтаудың негізгі əдісі болып табылады. Демодекозды клиникалық анықтау кезінде бет терісінде жəне кірпік-қас, мұрын маңы қатпарларынан, шаш фолликуласының сөлінен кенелер табылған. Яғни, кірпік талын немесе зақымдалған теріден заттық шыныға қырып алу арқылы жасалады. Осындай жолмен таза заттық шыныға салып алынған материалды физиологиялық ертінді тамызып, 5-10 минуттан соң микроскопияның астында бақылауға болады. Бұл əдіспен зерттеу арқылы 30 минут ішінде демодекоз ауруы бар-жоғы анықтамасы сырқат адамға беріледі [4, 191б.]. Батыс Қазақстан облыстық тері — венерологиялық диспансердің мəліметі бойынша облыс тұрғындарының демодекоз ауруымен келіп тіркелгендер саны жылға 13-15 адамнан аспайды, себебі, көпшілігі безеумен шатастырып, бұл ауру туралы білмегендіктен дəрігерге қаралуды жөн деп санамайды екен. Мироскопиялық зерттеу жүргізбей демодекоз деп диагноз қоюға болмайды. Сондықтан, белгілері байқалған бойда дерматологқа қаралу керек немесе зерттеуден өту керек Алдын алу жолдары. Бұл аурудың алдын алу шаралары жеке гигиена ережелері, теріні дұрыс күту ережелері, еңбек жəне демалыс тəртібінің қатаң сақталуымен, сонымен бірге толыққанды тамақтану қажеттілігімен байланысты. Еш уақытта басқаның косметикасын, жақпамайларын, жеке заттарын (бет орамалдар, көзілдірік, сүлгі жəне т.б.) қолданбау қажет. Демодекспен бұрын ауырған адамдарға аса мұқият болулары шарт, өз жағдайларына көңіл бөлу, əсіресе бет терісі мен көздің аз ғана өзгерістеріне мəн беріп, дерматолог дəрігерге уақытылы қаралған жөн. Өйткені, демодекоздың ауыр түріне қарағанда, алғашқы кезеңдерін емдеу тез, əрі оңайға түседі. • диета сақтау, майсыз қуырылған, ащы тұзды тағамдардан бас тарту; • жалпы дезинсекция! төсек жабдықтарын қайнатып алу, заттарды тазалау; • демодекс кенесімен зақымдалған заттардан құтылу; • ағзаның иммунитет жағдайын көтеру жұмыстарымен айналысу, ас қорыту жəне басқа да мүшелердің созылмалы ауруларын емдеу; • созылмалы шаршау жəне күйзеліс жағдайларына түспеу емделу ережелерін бұзбау үшін — саунаға бармау, соляри алмау, күн сəулесіне қыздырынбау, декоративті косметика қолданбау жəне де ешқандай косметикалық іс-шаралар жасамау; • емдеуді кешенді жəне бір уақытта жүргізу; • Demodex Complex жəне т.б. сабындармен күнге екі мезгіл жуыну; • толық сауыққанша отбасы мүшелері, жəне басқа адамдармен беттен сүйіп амандасуды шектеу қажет[5, 144б.]. Ал демодекоз аурумен бұрын тіркелген адамдар жылына екі рет, яғни көктем жəне күз айларында дерматолог дəрігерде болуы керек, өйткені бұл мезгілдерде кенелердің белсенділігі артады жəне адамда екінші ретті зақымдалу жүруі мүмкін. Демодекоз ауруын емдеу ұзаққа созылады жəне жақын адамдарын бұндай зақымдалудан қорғау немесе қайталама аурудан сақтану үшін алдын алу шараларын сауатты жүргізе білуі қажет.

Əдебиет: 1. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. Москва, Изд. «Владос» 2002 г., 120 с. 2. Дəуітбаева К.Ə. Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы, 2000ж., 84б. 3. Жаксылыкова Р. Д. Аллергия как причина роста заболеваний к началу третьего тысячелетия (Аллергия – акариаз). – Алматы, «Ақыл кітабы», 1999, 192 с. 4. Сюч Н.И. Паразитарные болезни кожи. Демодекоз: этиология, патогенез, клиника, лабораторная диагностика // Consilium-Medicum.-2004.-T. 6.- №3. — С. 191-194. 5. Барышников Е. Н. Клещи – обитатели человеческого жилья. М.: Изд-во ВЛАДОС-Пресс, 2005. – 144с.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.