Демократия туралы ұғым

Главная » Рефераттар » Демократия туралы ұғым

Демократия деген сөз гректің “Демос”— халык және “кратос’”— билік деген сөздерінен тұрады, яғни халык билігі деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада колданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар,

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялык мемлекеттердің көптүрлілігіне карамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтың заң жүзіңде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекетгерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы зандар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АКШ-тың  төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды.

.

2. Халык билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген гректің атакты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп тендікке негізделген мемлекетгі айтады деген болатын. Тендік барлық салада — халык жиналысында, мемлекеттік істерге катысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т. т. болуга тиіс.

3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар өр түрлі болды. Солардың бәрін қалай тендестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық—жалпы және барлығына бірдей қоғамдык және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және корғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұксат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекетгерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірак қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, аксүйектер) заң мен кұқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?

4. Оның кепілі — әділеттілік. Әділетгіліктің де бірыңгай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу — әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, когам-дағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетініңдәрежесімен айқындалады.

5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостан-дық, еркіндік үшін алаңга шыққан болатын. Бұл—демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіңдікке жету үшін гасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, тендік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлык түрлерінен азат етілу үшін мындаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Тендікке, әділеттілікке, еркіндікке, демокра-тияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Кұкық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заң-сыздықтан кұтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

Сонымен біз халықтың мемлекетгік билікті жүргізуге қатысу керектігі, құқык, тендік, еркіндік жөнінде әңгіме еттік. Осы принциптердің бәрі түгел болғанда ғана әділдік болады. Бұл — әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол, өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман-мұраттары сияқты бірден толық орыңдала бермейді. Жоғарьща көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жуйелі турдемемлекеттің негізгі органдарьін сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс.Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағаңда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу керектігі мойындалды. Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдерде қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с. (Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол — шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты. Ағылшынның көп жылдар Премьер-Министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы бойынша, “демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда — бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ».

Демократияның антикалық теориясы

Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылык әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматгар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді. Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол_аткарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындады.

.
.

Афины мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды демократиялық органын он бөлімнен тұратын халық соты кұрды. Істің қандай бөлімде қаралатындығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық сияқты зиянды әдеттерге жол бере қоймайды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін. Зандар халық жиналысында қабылданатын. Афинының азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға ғана бағынатын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке қызмет ететін.

Ежелгі грек полисінде мемлекет кауым сиякты еді. Қауымның тіршілік негізінде жерге коғамдык меншік жатты. Әрбір толық құкыкты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын. Өзіне тиісті үлесін кожасы мұра етіп қалдыра алатын, сатқысы келсе сататын. Бірақ ол жер өңделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алатын. Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын басқа біреуге беру деген ойға да келмеді. Ондай жағдайда азамат толық құқығынан айырылғандай болып көрінетін. Антикалық демократия тура демократияға жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жок. Афинылық демократия Перикдтің (б.з.б. 490—429) басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Шынындада, асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халык көсемі болып есептелді және тиранияға карсы тұрды. Оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады. Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық теңдік біртіндеп бұзылып, жойыла бастады. Азаматгардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдет-ғұрып бүлініп, көпшілік тарапынан азшылыққа бассыздық, зорлық-зомбылық көбейді. Осының бәрі демократиялық принциптерді әлсіретіп, төмендетті. Б.з.б. 322 жылы афинылық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афиныда демократиялық басқару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен айрылды.

Афиныдағы сиякты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда демократия одан әрі дамыды. Институционалдық және әлеуметтік билік бөлінді. Басы бос, бірақ саяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау-жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.