Демонстрациялық тəжірибелерде ойыншықтарды пайдалану əдістемесі

Главная » Рефераттар » Демонстрациялық тəжірибелерде ойыншықтарды пайдалану əдістемесі

Мақсаты: демонстрациялық тəжірибелерде ойыншықтарды пайдалану методикасын анықтау. Сабақта демонстрациялық тəжірибелер жасау үшін негізінен мектептегі физикалық кабинеттің типтік жабдықтарын пайдаланған жөн. Ол оқу процесіне қойылатын дидактикалық жəне методикалық талаптарды қанағаттандырады. Балалардың көптеген техникалық ойыншықтары іс-əрекетінің принципі əр түрлі физикалық құбылыстарға негізделгендіктен демонстрациялық экспериментті, мысалы, техникалық ойыншықтарды пайдаланып, түрліше жасап көрсетуге болады. Алайда, оларды типтік жабдықтармен тиімді түрде үйлестіріп пайдаланған жөн.

Физиканы оқытуда ойыншықтарды пайдалану оқушыларды оқу пəніне қызықтырып, əуестендіре түседі жəне эксперименттік біліктерінің қалыптасуы мен бекітілуіне жақсы əсер етеді. Ойыншықтар балаларға бұрыннан таныс нəрселер, олардың сабақта пайдаланылуы балаларда жақсы эмоция тудырады жəне оқып үйренілетін материалды жақсы қабылдауы үшін жағдай туғызады, ал ойын түріндегі жағдайда өткізілген тəжірибе оқушыларға түсетін психологиялық ауырлықты жеңілдетеді.

Ойыншықтармен өткізілетін демонстрациялық тəжірибелер оқушыларға көптеген құбылыстарды қарапайым жабдықтардың көмегімен бақылауға жəне зерттеуге болады. Ойыншықтар оқушылардың кейбір эксприменттерді өз бетімен жасауларына жəне физикалық заңдылықтардың байқалуын бақылауға болады. Демонстрациялық эксприментке қойылатын талаптарды ескере отырып, ойыншықтардың үлкендігін оларды сыныптың əр тұсынан көре алатындай етіп алу қажет. Таңдап алынған ойыншықтар мықты жəне пайдалануға ыңғайлы болу керек. Осы талаптарға сəйкес демонстрациялық тəжірибелер үшін 7 сыныпта механикадан мынадай техникалық ойыншықтарды ұсынуға болады.

.

1-тəжірибе. Тəжірибе үшін жебелі садақ пен шырша белгілер керек. Жебенің бойына араларын бірдей етіп бояумен ашық түсті жолақтар жүргізу керек.

Мақсаты: Садақтың ұшып түсетін жерінің алыстығы жебенің керме бауының қаншалықты керілгеніне байланысты. Демонстрация кезінде садақты жебе горизонталь қалыпта болатындай етіп орналастырып, оның керме бауын шамалы керіп алып, ату керек. Жебенің түскен жерін шырша белгімен белгілеп қояды. Керме жіпті əр жолы түрліше кере, жебенің түскен жерін белгілеп, тəжірибені қайталау керек.

Оқушылардың назарын жебенің ұшу алыстығы керме жіптің керілу дəрежесіне байланысты, оны жебедегі керме жіп пен садақ арасындағы жолақ саны бойынша сапа жөнінен бағалауға болатынына аударады. Бірнеше тəжірибелер нəтижелерін салыстырып, қорытынды жасайды: садақтың керме жібі керіле түскен сайын жебенің ұшу алыстығы артады. «Механикалық қозғалыс» тақырыбын түсіндіруді механикалық қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығын демонстрациялап көрсететін тəжірибе төмендегідей:

2-тəжірибе. Тəжірибе үшін электрлендірілген бірдей екі трактор, бұрмалы автомобиль аламыз. Демонстрациялық үстелге бірнеше полиэтилен шыршаларды тізіп қоямыз. Үстелге сол шыршалар қатарын бойлай қозғала алатындай етіп, екі трактор қойып, екеуін бір мезгілде жүргізіп жіберу керек. Оқушылар екі трактордыңда шыршаларға үстелге қатысты орын ауыстыратын, бірақ олардың арақашықтығы өзгермейтіндіктен бір-біріне қатысты олар тыныштық қалыпты болатынын байқайды. Оқушыларға трактордың бір-біріне қатысты тыныштық қалпын көрсету үшін олардың үстіне сызғыш қоюға болады, ол болса қозғалыс кезінде өзіне өзі паралель орын ауыстырады. Бір қалыпты жəне бір қалыпсыз қозғалыс ұғымдарын бергенде, мынадай тəжірибе жасаймыз:

3-тəжірибе. Демонстрация үшін электрлендірілген трактор, инерциялық автомобиль полиэтилен шыршалар, тағанға орнатылған стрелкалар мен метрономды пайдаланған жөн. Ең алдымен электрлендірілген трактордың қозғалысын бақылайды. Мысалы, 1 с-қа сəйкестеп қойылған метрономның соғуларымен бір кезде үстелдегі трактордың орнын стрелкалармен белгілейді, содан кейін инерциялықавтомобильдің қозғалысын үстелдегі орнын метронгомның соғулары бойынша белгілеп отырып бақылайды. Оқушылар стрелкалардың бір-бірінен бірдейқашықтықта орналасқанын, ал шыршалардың арасы бірте-бірте кішірейе беретінін көреді. Олай болса, электрлендірілген трактордың қозғалысы бір қалыпты, ал инерциялық автомобильдің қозғалысы бір қалыпсыз болып табылады.

.

4-тəжірибе. Тəжірибе үшін бұрмалы автомобиль алуға, бірнеше ұзын қағаз жолақтарын жəне қарапайым тамызғыш дайындап алуға болады. Тамызғышты былай істеп аламыз: сымның изоляциялық түтігінен 20-25 см шығарып алып, оған су толтыру керек те, бір ұшын шағын аздап бояу қосылған суы бар ыдысқа салып, екінші ұшын ыдыстың шетінен асыра түтіктің шеті ыдыстағы сұйықтың деңгейінен аздап төмен болатындай етіп, төмен түсіріп, осының бəрін сымнанжасалған тұзақпен бекітеміз. Ыдыс шетінен асыра тасталған түтік ұшынан су тең уақыт аралықтарында тамшылап тұрады. Түтіктің диаметрі үлкен болған сайын жəне ыдыстағы тамшы пайда болатын түтіктің ұшындағы сұйықтың деңгейлері арасындағы айырма үлкен болған сайын тамшылардың түсу жиілігі соғырлым көбірек болады. Тəжірибені демонстрациялап көрсету үшін қағаз жолағын бекітіп, оған қатарластыра автомобиль қою керек. Тамызғыштытамшылар қағазға түсетіндей жəне оқушыларға көрінетіндей етіп орналастырамыз. Бұрмалы автомобильді жолақты бойлай қозғалатындай етіп жіберіп, тамшылардың орналасу бойынша автомобиль қозғалысының сипатын анықтау керек. Жолақтың орта бөлігінде тамшылардың арақышықтығы тең болатынына, ал қозғалыстың басы мен соңында сəйкес артатынына жəне кемитініне оқушылардың назарын аудару керек.

Алынған нəтижелерді қорытынды жасай отырып: автомобиль қозғалысы бір қалыпсыз, ал ол алғаш жылдамдық алған кезде жəне тоқтайтын кезде де бір қалыпсыз, ал жүрген жолының орта кезінде бір қалыпты қозғалады деп есептейміз.

5-тəжірибе. «Инерция» тақырыбына мынадай тəжірибе жасаймыз: Тəжірибе үшін пружиналы пистолет немесе пружиналы ракеталық қондырғыны алуға болады. Ракеталық қондырғыны демонстрациялық үстел деңгейіне горизонталь қойып ату керек. Ракета оған сығылғын пружина əсер еткенде ұшып шығады да, сонан соң инерция бойынша қозғалады. Ракета үстел бетімен қозғалғандықтан, үстелге үйкелуі мен ауаның кедергісі оның қозғалысын баяулатады, жылдамдық едəуір тез кеміп, ракета тоқтайды. Қондырғыны аздап көтеріп, тəжірибені қайталаймыз. Енді ракета үстелмен емес, үстелден жоғары ұшады да, оның қозғалысына тек ауа ғана кедергі жасайды. Жылдамдық баяу кеміп, ұшы қашықтығы артады. Сонда оның инерция бойынша қозғалысы тұрақты жылдамдықпен ұзақ уақытқа созылады.

6-тəжірибе. Энергия ұғымын енгізгенде мынадай тəжірибе жасауға болады. Демонстрациялап көрсету үшін бұрмалы автомобильді пневматикалық автоматты жəне пружиналы ракеталық қондырғыны пайдалануға болады. Жеңіл машина тəрізді бұрмалы шағын автомобильдің кузовын бұрмалы механизмді шассиден айырып алуға болады. Сонда бұралған болат жолақ-пружина жақсы көрініп тұрады. Оқушыларға пружина сығылатынын, автомобильдің бұралуына қарай оның да көбірек бұралатынын көрсету, автомобильді үстелге қойып, ол қозғалғанда пружинаның ағытылуын бақылау керек. Автомобиль қозғалысқа келгенде жұмыс пружинаның потенциялық энергиясы есебінен істеледі деген қорытынды жасайды.

.

Ракеталық қондырғының көмегімен механикалық энергияның бір түрінің екіншісіне айналуын көрсетеді. Қондырғыны ракета вертикаль атылып шығатындай етіп бекіту керек. Пружинаны сығып, фиксатор қою керек. Ракетаның потенциялық энергиясы да, кинетикалық энергиясы да болмайды жəне тек деформацияланған пружинаның энергиясы болады. Фиксаторды алып қойып, пружина жазыла отырып, ракетаны түріп жібереді – сығылған пружинаның потенциялық энергиясы қозғалыстағы ракетаның кинетикалық энергиясына түрленеді.

7-тəжірибе. «Жай механизмдер» тақырыбын оқып үйренгенде машинаға орнатылған көтергіш кранның моделін пайдаланған жөн. Демонстрациялау үшін жүктер жиынтығы сызғыш көтергіш кран моделі. Көтергіш кран моделінен ең алдымен əртүрлі механизмдерді тауып алған жөн: рычакты айырыпалу, жылжымалы жəне жылжымайтын блоктарды, шығырды жұмыс үстінде көрсету керек.

Қандай жағдайда да бұл кран ең көп жүк көтере алатынын экспримент жүзінде анықтау керек. Көтергіш кран жебесін аздап көтеріп немесе түсіріп, жүк салмағының енін үлкейте немесе кішірейте отырып, оның қалпын өзгертуге болады. Эксприменттік есепті шығару үшін машинаны демонстрациялықүстелгеқойып, оған жүктеу керек. Жүкті тепе-теңдік бұзылғанға дейін сала беру керек. Жебенің əртүрлі қалпы үшін тəжірибені бірнеше қайталап қойылған есептің жауабын табу керек. Сондай-ақ жүкке конвейерді машинаның адына орналастырып, кранның жебесін 180 градусқа айналдырып, бақылау керек.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.