Дені сау нәрестелердің сарғаюы

Главная » Рефераттар » Дені сау нәрестелердің сарғаюы

Нәрсетеледің физиологиялық сарғаюы. Қандағы билирубиннің транзиторлы жоғарлауы тәжірибе жүзінде барлық нәрестелердің өмір сүруінің 2-5 күнінде байқалады. Кіндік қанының сарысуындағы билирубиннің қалыпты концентрациясы 26-34 мкмоль/л болып табылады. Тәжірибе жүзінде нәрестелердің барлығында туылғаннан кейін алғашқы күндерінде қан сарысуындағы билирубин концентрациясы 1,7-2,6 мкмоль/л жылдамдықта жоғарлайды. Билирубин деңгейі 80 мкмоль/л жоғары болған кезде сарғаю айқын көріне бастайды, бұл физиологиялық сарғаю деп аталады. Дене салмағы төмен нәрестелерде терің сарғаюы қан сарысуындағы билирубин деңгейі көбіне жоғарғы көрсеткіштерде көрінеді, бұл баладағы теріасты шел майының жеткіліксіз дамуымен байланысты. Клиникалық түрде физиологиялық сарғаю туылғаннан кейін 36 сағаттан кейін көрінеді. Мерзіміне жетіп туылған нәрестелердің 50% -ында өмірінің 3-4 күнінде гипербилирубинемия өз шыңына жетеді, ал шала туылған нәрестелердің 80% -ында өмірінің 5-7 күнінде шыңына жетеді. Физиологиялық сарғаюда баланың клиникалық жағдайы қанағаттанарлық: бала белсенді, жақсы емеді, дене температурасы қалыпты. Тері қабаттарының сарғыштығы қызғылт сары тісті, Крамер шкаласы бойынша 1-3 аймақта орналасады. Бауыр мен талақ ұлғаймаған, зәрі ақшыл, нәжісі сары түсті. Бірінші аптаның соңында сарғаю біртіндеп өше бастайды және мерзіміне жеткен нәрестелерде 10-14 күні толығымен жойылады, ал шала туылған нәрестелерде 14-21 күні толығымен жойылады.

Лабораторлы өлшемдері: кіндік қанында билирубин деңгейі 51 мкмоль/л – ден төмен, 3-4 тәулікте шеткері немесе веналық қанда жалпы билирубиннің концентрациясы максимальды деңгейі: мерзіміне жетіп туылған нәрестеде  ≤ 256мкмоль/л, щала туылған нәрестелерде ≤ 171 мкмоль/л. Жалпы билирубин тура емес фракцияның әсерінен жоғарлайды, тура фракцияның салыстырмалы бөлігі 20% -дан төмен. Жалпы қан анализінде — эритроциттердің, ретикулоциттердің, гемоглобиннің мөлшері қалыпты. «Физиологиялық сарғаюы» бар балалар арнайы емді қажет етпейді. Ескішілдікке негізделген жалпы билирубин деңейін анықтауды қажет етпейді. Бірақ, есте сақтау керек, физиологиялық сарғаю диагнозын патологиялық сарғаюды жоққа шығару үшін қойылады, сондықтан сарғаюы бар нәрестелерді динамикада бақылау керек.

Төспен емізу сарғаюы. Соңғы жылдары төспен емізу сарғаюының этиологиясына деген көз қарастар өзгерген. ХХ- ғасырдың 60-80 жыларында ана сүтіндегі кейбір заттардың (прегнандиол, липаза, май қышқылдарының кейбір түрлері және т.б.) әсер етеуімен байланыста бауырдағы билирубиннің конъюгациясының төмендеуі деген  механизімді негізгі деп есептелген. ХХ ғасырдың соңында бұл қағида теріске шығарылды.

Қазіргі кезде төспен жеткілікті емізбесе, салыстырмалы аштыққа алып келеді, ол тура емес билирубиннің реабсорбциясының жоғарлауына алып келетіні дәлеленген. Сонымен қатар, баланың алғашқы күні ашығуы меконияның шығуының кідіруіне алып келеді. Меконияда баланың қанына қайта түсетін тура емес билирубиннің мөлшері көп болады. Жүргізілген зерттеулер, баланың өмірінің алғашқы 5 күнінде төспен дұрыс емізген жағдайда пайда болған сарғаюдың дәрежесі, жасанды тамақтану кезінде де пайда болған сарғаюдың дәрежесінен еш айырмашылығы жоқ екндігін көрсетті. Төспен емізу сарғаю кезінде тура емес билирубин әр дайым қалыпты көрсеткішке дейін төмендейтіні дәлелді дерек болып табылады.

МКБ-10 –ның орыс тілді нұсқасынан төспен емізу сарғаюына сәйкес шифр табу мүмкін емес. Сол сәтте Р59.3- шифріндегі «лактацияны тежейтін заттармен негізделген неонатальды сарғаю» деген патологиялық жағдай өзіне назар аудартады. МКБ-10- ның түпнұсқасында З59.3 шифріне «neonatal jaundice from breast milk inhibitor» деген сәйкес, оны «ана сүтінің тежеуіштерімен негізделген неонатальды сарғаю» деп аударған жөн болар (МКБ-10 1989 жылы құрылғаның ескере отырып, конъюгацияны тежелуінің негізгі патогенетикалық механизмі болып есептелген).

Бұл сарғаюдың түрі дені сау, ана төсін еметін нәрестелердің 3-5% -да диагностикаланған. Бұл, жалпы жағдайында бұзылыстар болмағанда дені сау баларда диагнозды теріске шығару үшін қолданылатын диагноз болып табылады. Ана сүтімен байланысты сарғаю билирубиннің екі ретті шыңға жоғарлауымен жүруі мүмкін, біріншісі — 4–5 күнде, екіншісі – 14-15 күнде. Осыған байланысты төспен емізу сарғаюын «ерте басталу»: төпен жеткіліксіз емгізген кезде және глюкозамен қосымша тамақтандырғанда пайда болады; «кеш басталу» деп ажыратылады.

«Кеш басталу» жай бәсеңдеп, 12 апталық жаста анықталуы мүмкін. Сарғаюы бар балаларда тәбеті жоғары және дене салмағын да жақсы қосады. Бауыры мен талағы ұлғаймаған, қалыптыдан неврологиялық ауытқулар жоқ. Сарғаю біртіндеп басылады және әдетте екінші айға таман жойылады, бірақ терідегі сарғыш түс төспен емізудің барлық кезеңінде де білінуі мүмкін. Билирубиннің деңгейі қауіпты сандарға дейін сирек көтеріледі, сондықтан көбіне төспен емізуді жалғастыра беруді ұсынады. Тәсілі бақылау. 24-48 сағат ішінде билирубиннің деңгейі жоғары болса, ана сүтін сауып, балаға жасанды тамақтандыруға арналған қоспаны беруді ұсынады. 3 күні билирубиннің деңгейі едәуір төмендейді ол төспен емгізуге бола беретінің көрсетеді. Міндетті түрде ананы төспен емізу қажет екенідігін көндіру керек. Сарғаюдың бұл формасының болжамы жағымды, қосымша зерттеулерді және емдеуді қажет етпейді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.