Девианттық мінез-құлықтың негізгі формалары

Главная » Рефераттар » Девианттық мінез-құлықтың негізгі формалары

Қазіргі заман жағдайында девианттық мінез-құлықтың негізгі формаларына қылмыс жасаушылықты, алкоголизм мен нашақорлықты, өз-өзіне қол жұмсаушылықты жатқызуға болады. Қылмыскерлік пен оның шығу себептері туралы алғашқы зерттеушілердің бірі — орыс статисті К. Ф. Герман (1824). Қылмысты зерттеу ісіндегі келесі ірі зерттеуші бельгиялық ғалым, математик-статист А. А. Кетле болады. Өзінің «Әлеуметтік физика» (1935) де-ген еңбегінде ол әрбір қоғамдық қүрылыс өз ерекшеліктеріне қарай белгілі бір реттік және сандық тұрғыдан қылмыстарды болжауға мүмкіндік береді деп есептеді. Қылмыскерліктің шығу тегін зерттеу оның динамикасына әсер ететін көптеген факторларды айқындайды: әлеуметтік жағдай, айналысатын қызмет саласы, білім деңгейі, кедейлік, тапсыздық, яғни индивид пен әлеуметтік топ арасындағы байланыстардың бүзылуы, жұмыссыздық, инфляция, бәсекелестік, т.б.
Маскүнемдік — спирт ішімдіктерін өте көп қолдану және соның нәтижесінде сырқатқа айналатын ішімдікке құмарлық.
Адамды мас қылатын сусындар адамзатқа өте ерте замандардан белгілі. Олар көбіне өсімдіктерден дайындалды да, оларды қолдану түрлі мейрамдарды атап өтудегі діни дэстүрлердің бір бөлігі бо-лып есептелді. Ішімдіктерді өндірудің салыстырмалы түрдегі арзан тэсілі ашылғаннан кейін бүл сала тез қарқынмен дами түсті. Дэл осы жағдай ХҮІІІ ғасырда Англия, Германия, Швеция сияқты елдерде маскүнемдіктің кең таралуына себепші болды. Шамамен осы кез-дерде Ресейде де арақты қолдану кең етек алды. Адамзат өркениеті үшін күрделі проблема болып отырған маскүнемдік XIX ғасырда белең алып, ХХ-ХХІ ғасырларда ғаламдық түрғыдағы індетке ай-налды десек қателеспейміз. Маскүнемдікпен күрестің тарихында негізгі екі бағытты көреміз:
1. Спирттік ішімдіктердің өндірілуі мен сатылуын шектеу, ба-ғасын өсіру, тыйымдар мен шектеулерді бүзғандарды жазалау шара-ларын мейлінше қатайту
2. Ішімдікке деген сүранысты азайтуға бағытталған шаралар — өмір сүрудің элеуметтік жэне экономикалық деңгейін жақсарту, жалпы мэдениет пен руханилықтың өсуі, ішімдіктің зияны туралы салмақты да сабырлы ақпарат, халық арасында ішімдіксіз мінез-қүлық стереотиптерін қалыптастыру, т.б.
Бірінші бағыттың ең соңғы шараларының бірі — «қүрғақ заң». Бүл шараны эр кезеңде Англия, АҚШ, Финляндия, Ресей (КСРО) қолданып көрді. Бірақ мүндай заңдар нэтижелері ешқашан түпкілікті жеңіске жете алған емес. Себебі тек қана ішімдіктің болуы маскүнемдіктің бірден-бір себебі емес. Маскүнемдікті жою үшін элеуметтік, экономикалық, мэдени, психологиялық, демографиялық, заңдық жэне медициналық жағдайлар кешенді түрде ескерілуі жэне үнемі жақсартылуы тиіс.
Бүкілэлемдік денсаулық сақтау үйымы бекіткен анықтама бой-ынша, маскүнемдік дегеніміз — спирттік ішімдікті қолдану, сонымен бірге қоғамға және оның жеке мүшелеріне зиян келтіру. Алкогольдің эсер етуі адам ағзасының физиологиялық жағдайына байланысты. Сондықтан кейбір адамдар өте аз ішкенде, ал енді біреулері көп ішкенде мас болады. Негізгі психологиялық өзгерістер алколгольді аз ішкеннен-ақ басталады. Мүндай адамдар себепсізден-себепсіз көңілденіп, сезімталдығы жоғарылайды: жылайды, күле береді, ашуланады, ызаланады. Ықыласы, зейіні төмендейді, еңбек етуі ба-яулайды. Алкоголизм адамның қызғанышпен жасыратын ақауының бірі деп есептеледі. Күнделікті ішетіндер ішінде өзінің маскүнем екенін мойындайтындар аз. Алкогольге тэуелділік наркотикті қол-данғанға қарағанда, элдеқайда жай пайда болады. Маскүнемдік түқым қуалайды, гендер мен хромосомалар бүзылады. Бүл бүзылыс үрықтану кезеңінде алкогольді бір қолданудан кейін пайда болуы мүмкін.
Статистика бойынша маскүнем екіқабат эйелдердің 50 %-ы түсік тастайды немесе уақытынан ерте туады, 35-40 %-ының балалары мүгедек немесе өте элсіз болып туады. Туа пайда болған кемтарларды немесе жындыларды ерте уақыттан бері «мерекелік түннің баласы» деп айту кездейсоқтық емес. Өкініштісі сол, алкоголь, ең алдымен, ішкен адамға емес, оның балалары мен немерелеріне зиян келтіреді, алкоголизммен байланысты түқымқуалаушылық ауытқушылықтары өседі. Соның нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің қызметі бүзылады. Есте сақтау, мидың интеллектуалды қабілеттілігі бірден төмендейді. Соңында ағзаны зиянды заттардан тазалайтын жүйелер шыдамайды: бауыр, үйқы безі, бүйрек зақымданады. Мишықтың қүрамына жэне қызметіне алкоголь зиянды эсерін тигізеді. Ішімдікке салынған адамдардың мишығы уланып, оның дене қалпын үстауына мүмкіндік бермейді. Алкоголь ас қорыту мүшелерінен өте жылдам өтіп, қанмен мишыққа келіп, оның қүрамына жэне қызметіне зиян-ды эсерін тигізеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.