Дхарма теориясы

Главная » Рефераттар » Дхарма теориясы

Буддашылдар болмысты, эмпирикалық әлемді шынайы бар нәрсе-нің бастаусыз жүзеге асатын толқуы деп қарастырған, өйткені ол – құлдыраудың, өтелуді қажетсінетін күнәнің салдары емес, шынайы бар нәрсенің бастаусыз азабы. Болмыстың өзі де азап және бұл екеуі өзара барабар нәрсе болып табылады.

Шынайы болмыс шексіз дхармалар санына жіктеледі және олар-дың әрқайсысы азаптың өзіне тиесілі үлесін иеленеді. Ондай үлес өткен өмірде жасалған кармаға тәуелді: әрбір жеке өмір алдыңғы өмірмен байланысты болып, азаптың белгілі бір түріне душар болғанына кінәлі болады. Бұл жеке өмірдің бастауы мен шегі жоқ құрама бөліктердің уақытша сәйкес болуының салдары және ол уақыттың белгілі бір кесіндісіндегі бастауы мен шегі жоқ жіптерден тоқылатын таспа тәрізді нәрсе. Өмір өрнек болса, өлім – сол өрнектің ыдырауы, тарқатылған жіптердің жаңа өрнегі бар таспада қосылуы.

Азапты болмыстан арылу үшін жіптердің айқасу үдерісін тоқтату қажет немесе буддашылдардың сүйікті теңеуін қолданар болсақ – болмыс мұхитының аласұрған иірімінен шығып кету қажет болады. Кемелдену жолының мәнісі болмыстың лай ағынынан шығып, көмескілену мен толқудан ада мөлдір тамшыға айналуда. Қараң-ғылықтың тұңғиығынан шыға білген адамдар құтқарылған болып есептеледі, олар бодхисаттва деген атаққа лайықты болады. Сөзбе-сөз аударғанда бұл сөз – “мәні ағару болатын жаратылыс” деген мағына-ны білдіреді. Бодхисаттвалар буырқанған мұхиттың “жағасында” толық тыныштық табуға жақындаған адамдар, бірақ олар сол игіліктен өз еркімен бас тартады, тіпті, басқаларға көмектесу үшін   тұңғиыққа қайта оралады.

.

Бодхисаттвалардың арасында жағаға жеткен, көңілі жайланған аз ғана ерекше жарқын тұлғалар болады, олар – буддалар. Әрбір будданың үш “денесі” болады: бірі – инсандыққа жеткен дене, екіншісі – бодхисаттвада көрінетін жеке дене, үшіншісі – иірімдегі бұлдыр тамшыларда көрінетін дене. Басқа адамдардан көрініс табудың арқасында буддалар олар үшін —  ұстаз, тәлімгер, мінсіз бағдарға айналады.

Енді дхарма теориясының мәнімен жақын танысайық, өйткені бұл теория буддизмнің құрамындағы ең маңызды әрі ең ірі бөліктің бірі.

Кейбір зерттеушілер бұл теория гносеологиядан (таным теория-сынан) басқа ештеңе емес деген пікір айтады; басқалары дхарма теориясын психологияға жатқызады; ал үшіншілер оны болмыс туралы ілім деп түсінеді.

Бұл мәселеге байланысты айтылған пікірлердің өзгеше болуына қарағанда, дхарма теориясы буддалық доктринаның барлық қырын қамтыса керек. Әсілі, солай болар, өйткені гносеология психология-дан, ал психология этика мен онтологиядан бөлек өмір сүре алмайды, өйткені адам әлемнің бір бөлігі және әлем адамның ішінде болады.

“Дхарма” дегеніміз не?

Бұл үнді философиясында ежелден белгілі әрі кең тараған термин. Бірақ ол тым көпмағыналы, контекске байланысты алуан түрлі реңкті жеткізіп тұрады. Дәстүрлі үнді түсініктер бұл ұғымды этикалық, діни, жалпы ғарыштық “заңмен” байланыстырады. “Дхарма сөзіне этика мен дін кіреді, сонымен қатар оның ауқымды контексі де болады. Ол “дхри” (қолдау, атқару, қуаттау) деген түбірден тарайды, сондықтан атқарушы және атқарылатын әрекет болып табылады. Ғалам – Дхарманың атқарылуы және оны ұлы Атқарушы болатын Жаратушы иеміз мәңгі заңда жүзеге асырған”, – деп жазады белгілі шығыс-танушы Артур Авалон (сэр Джон Вудрофф).

Сонымен қатар буддизмдегі дхарма ұғымына этикалық, діни және ғарыштық заңдардың мағыналары да кіреді, ал соңғысына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені “дхарма” деген ұғымның мағынасы өте ауқымды.

Дегенмен, буддизмде дхарма ұғымына әншейін кең ғана емес, ең бастысы, өте нақты әрі мүлде біртума мағына туындайды. Дхарма баршаны қамтитын Біртұтастықтың синонимі ғана емес, керісінше, ол ең ұсақ жекелік. Сондықтан дхарма жалғыз нәрсе емес, дхармалар саны өте көп. Дхарма ұғымының мағынасын ашу үшін бірнеше беделді пікірді келтіре кеткен дұрыс болады.

Академик Ф.И. Щербатскийдің “Буддизмнің орталық тұжырым-дамасы және “дхарма” терминінің мағынасы” деп аталатын белгілі еңбегіндегі пікірі бойынша, дхармалар материяның, рух пен күштің нәзік, түпкі, одан әрі талдауға келмейтін материя элементтері болады және болмыс сондай элементтерден құралады.

Дхармалардың ең терең, толық әрі барабар анықтамасын          О.О. Розенберг жасады, ал Ф.И. Щербатский жоғарыда келтірілген пікірінде сол анықтаманы негізге алған. О.О. Розенбергтің пікірінше, буддалық философиядағы “дхарма” ұғымының ерекше маңызын ескерсек, белгілі бір мәнде буддизмнің жүйесін дхармалар теориясы деп атауға болады. Бұл жерде “дхарма” деген нәрсе “сана ағымының мазмұны жіктелетін элементтерді сақтайтын нағыз-болмыс, трансцен-дентті әрі танылмайтын субстрат” болады (Розенберг О.О. Труды по буддизму. – М.,1991. – С.110).

Аталмыш анықтама бәрін егжей-тегжелі қамтығындықтан, дхар-маның ең қолайлы анықтамасы: “дхарма” дегеніміз баршаны білдіре-ді, өйткені ол баршаның қарапайым негізі болады. О.О. Розенбергтің анықтамасына қатысты мыналарды нақтылау қажет.

Біріншіден, дхармаларға сананың ағымы ғана емес, түйсінудің мазмұнына кірмейтін барша басқаның ағыны, яғни “рухани” және “материалдық” құбылыстарды қоса алғанда, жалпы өмір сүретін болмыс та жіктеледі.

Екіншіден, О.О. Розенберг: “Дхармалар “танылмайды” деген пікірден дхармалардың өмір сүруін пайымдау мүмкін емес деген түсінік шықпауы тиіс, өйткені, солай болған жағдайда ешқандай дхарма “теориясының” қажеті де болмайды”, — дейді. Бұл жердегі мәселе сезімталдық қабылдаудың дхармаға қолы жетпеуіне және әрбір дхарманың ішкі, меншікті табиғатының танылмауына қатысты.

.

Дегенмен, О.О. Розенберг мәселенің мәнісін дұрыс түсінген. Мәселе барша болмыс “махабхута” деп аталатын тығыз заттың қарапайым қасиеттерінің, олардың атомдарының (параману), ұсақ заттық атомдардың (ану) және платондық идеяларға ұқсас қандай да бір мінсіз үлгі-мәндердің немесе әуелгі бейнелердің қиысуларының үйлесуі туралы Будданың көзқарасына қатысты болады.

Барлық заттардың, жағдайлар мен құбылыстардың, қасиеттер мен қатынастардың осындай ұстатпайтын түпкі тұлғасы, яғни болмыстың барша “элементтері” Будданың дхарма деп атайтын нәрсесі болады.

Алайда, олар мәңгі, берік тәңірлердің қатып қалған, жылжымай-тын патшалығы емес. Оны жаңа платоншыл Плотиннің “эйдос-тарымен” ұқсатуға болар еді және олардың әрқайсысы басқаға өтіп, оның ішінде шағылысып, жарқырап, сол басқаға айналады.

.

Буддизмде бұл сәт күшейтіліп беріледі: дхармалардың ағу қасиеті-мен қоса, олардың өмірі бір-ақ сәттілік болады. Қызметтік, темпо-ралдылық тұрғыдан алғанда дхармалар өмірі тым қысқа (кшана) және ол 0,013333 секундқа ғана созылады.

Бұл көріністің релятивистік сипатының әсерінен кейбір будда-шылдар, мысалы, сарвастивадиндер, дхармаларды әлеуетті күйлерін-де, “өз ішінде” (дхарма-свабхава) және актуальды, яғни олардың мезеттік, сәттілік көрінісіне (дхарма-лакшана) байланысты ажыратуды ұсынған. Бұл орайда дхармалар жұлдыздардың Ғаламның сан жетпес шоқжұлдыздарын “тоқитыны” сияқты, болмыстың алабажақ матасын тоқиды деуге болар еді; бірақ бұл теңеу сәтті болмайды, өйткені дхарма жұлдыз да, шоқжұлдыз да емес, ол солардың артында жасырынатын, тікелей қабылдауға келмейтін ғарыштың бүкіл элементтерінің топтасуының негізі мен тірегі болады. Буддалық ойдың микроәлем құрылысына терең бойлайтыны таң қалдырады. Бұл мәселеге қатысты Будданың идеялары ХХ ғасырға дейін ғылымда үстемдік құрған заттың құрылысы туралы түсініктерден әлдеқайда бай көрінеді. Кванттық механиканың негізін қалаған Нильс Бордың Будданы із салушы ретінде бағалауы тегін емес.

Түптеп келгенде буддист те, қазіргі физик те барша өмір сүретін нәрсені квант, жарылыс, толқын деп таниды. Сондай-ақ, буддизмнің кванттық механикадан озатын тұстары да бар. Мінсіз түптұлға (прототип) ретінде дхарма идеясы – физик-ғалым айналысатын таза қуаттың кванттары мен толқындарының ішінде өзінің психикалық қасиеттерін жасыратын және сол қасиеттерден туындайтын реал-дылық бар деген ойды ашық айтады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.