Диагностикалық лапаротомия

Главная » Рефераттар » Диагностикалық лапаротомия

Диагностикалық лапаротомия әдісі — белгілі клинико-лабораториялық, инструменталдық тексеру әдістерінің көмегімен шешілмеген жағдайда дұрыс диагноз қоюдың ең соңғы жолы. Әрине, операциямен байланысты болғаннан кейін бұл әдісті сирек, барлық қолда бар мүмкіншілікті пайдаланғаннан соң, басқа еш лаж қалмаған жағдайларда ғана қолдану керек. Себебі, лапаротомияның өзі қанша жеңіл болғанымен барлық операцияларға тән асқынулар беруі мүмкін. Соңғы жылдары хирургияда әр-түрлі инструменталдық тексерулерді пайдалануға байланысты диагностикалық лапаротомия сирек кездеседі. Мысалға біздің іс тәжірибемізде 1970-80 жылдары жедел хирургияда бұл әдістің жиілігі 6-8 % болса соңғы жылдары 2-4% аспайды. Онда да бұл әдіс клиникада әр-түрлі себеппен (аппараттардың істен шығуы, керек маманның жоқтығы т.б.) инструменталды тексерулерді жүргізу мүмкін болмай қалған жағдайларда пайдаланылады. Сонымен, диагностикалық лапаротомия қолдағы бар мүмкіндІкті пайдалануға қарамай инструменталды тексерулер, мамандардың консультациясы, аурудың түрі анықталмай, іштегі ауру асқынып, аурудың халі нашарлап бара жатқан жағдайда жасалады. Міне, мұндай жағдайларда уақытты одан әрі созу, аурудың түрін анықтап, керек емді бастамай отыру үлкен қателік болады. Операцияны кеш жасап, ауруды асқындырып алу лаларотомиядан әлде қайда қауіпті. Бұл бірінші жағдай. Диагностикалық лапаротомияға баруды мақұлдайтын екінші жағдай — жедел хирургия тәжірибесінде ауруды анықтау үшін жасалған операция көп жағдайларда ауруға керекті және оны өлімнен құтқарушы емдік операцияға айналады. Лапаротомия кезінде хирургиялық ауру табылса операция емдікке айналады, өзінің «диагностикалық» деген маңызын жояды. Диагностикалық лапаротомия деп — операция кезінде операцияны керек етпейтін аурулар табылса ғана айту керек.
Осы салада нақтылы көңіл аударатын тағы бір жағдай хирургия тәжірибесінде кездесетін «іш бүлігі» («острый живот») диагнозы. Бұған хирургтің көз қарасы қалай болу керек, бұндай жалпылама диагноздың күнделікті жумыста пайдалануы дұрыс па? «Іш бүлігі» диагнозы нақтылы аурудың түрін анықтау қиын болып, бірақ іш қуысы пердесінің қабыну белгілері бар жағдайда поликлиника, жедел жәрдем станцияларында істейтін дәрігерлер практикасында пайдаланады. Бұл дәрігерлер үшін ол диагноз заңды. Себебі ол сұрқос адамды тез хирургияға жіберуді көздейді. Ал бөлімшеде Істейтін кезекші хирург бұл жалпылама диагноз орнына нақты анықталған ауру түрін көрсетуі тиіс. Аурудың даму барысында, асқынуларына байланысты бөлімшеде де нақтылы ауру түрін анықтау қиын болып, одан әрі тексеру, не бақылау уақыт алатын болса дәрігердің сол жалпылама диагнозбен операцияға баруы тиіс. Әрине, «іш бүлігі» диагнозының орнына мазмұны жағынан әлде-қайда толық «себебі анықталмаған перитонит» деген терминді пайдалану керек. Сонымен, «Іш бүлігі» диагнозы хирург емес дәрігердің пайдаланатын, ауруды тез хирургиялық бөлімшеге жеткізуді талап ететін уақытша диагноз. Хирургиялық бөлімшеде, маман хирург қарағаннан кейін ол не нақтылы ауру түріне, не перитонит диагнозына ауыстырылады. Бұл диагнозбен жасалған операция диагностикалық лапаро-томияға жатпайды, себебі перитонитті операцияға дейін анықтап, оны емдеу үшін жасалатын емдік, негізгі операция.
Жедел хирургия іс-тәжірибесінде анық диагноз қоя білу медицинаның күрделі де маңызды, өз шешімін толық таппаған мәселелердің бірі. Іш қуысының жедел ауруларынан болған кісі өлімдерін әдейі талдап қарағанда ең басты себеп диагноз қою қатесі, керекті операцияны кеш жасау. Қате, әсіресе, хирургиялық ауруларды өте ұқсас белгілері бар басқа сұрқостардан айыру барысында, диагноз қоюға басқа да мамандар (терапевт, инфекционист, уролог, гинеколог) қатысқан жағдайда көбірек кездеседі. Шақырылған консультант мамандардың қате пікірі хирургтің қателесуіне, операция керек ететін сурқостарды басқа бөлімшелерге жіберуге әкеліп соғады. Мысалға диагноз қоюдың қиындығынан кезекші хирург инфекционисті шақырады делік. Егер келген инфекционист қателесіп ез диагнозын қойып, не диагнозды анықтау үшін сұрқосты инфекция бөлімшесіне аударуды ұсынуы мүмкін. Осы жағдай барлық мамандармен де кездесуі мүмкін (уролог, терапевт, гинекологт.б.). Бұндай жағдайларда сұрқосты басқа бөлімшеләрге аудармай хирургиялық ауруларды анықтау үшін хирургиялық белімшеге салып динамикалық бақылаудың маңызы зор. Сол бақылау кезінде сұрқостардың жағдайындағы болатын өзгерістерге байланысты бірнеше топтарды белуге болады және олардыңәрқайсысы езіндіктактиканы талап етеді.
І-топ — бақылау барысында сұрқостың жағдайы жақсарып, белгілі бір жедел операцияны керек етпейтін аурудың белгілері керіне бастайды. Тактика — бақылауды жалғастыру.
ІІ-топ. Сұрқостың жағдайы жақсармай, сол келіп түскендегі күйінде қалу.
Ш-топ. Сұрқостың жағдайы ауырлап, іш қуысының өзгеріс-тері ұлғаяды. Бұл көрсетілген соңғы екі топқа жататын сұрқостарға диагностикалық лапароскопия, не лапаротомия жасау керек. Осындай жағдайларда хирург не істеу керек?
1. Бірнеше мамандар қатысып диагноз қоюда соңғы шешІм және барлық жауапкершілікті хирург алуы тиіс.
2. Шақырылған консультант мамандар өз диагнозын қойып, ауруды басқа бөлімшелерге аударуды ұсынған жағдайда мәселені тек қана хирург шешуі тиіс. Консультант мамандардың усынысын хирургиялық аурудың жоқтығына толық көзі жетсе ғана орындауы керек. Егер анық сенім болмай, аз да болса күдік болса ауруды хирургиялық бөлімшеде өзі тікелей бақылауы тиіс.
Себебі:
а) басқа бөлімшелерде ауру үздіксіз бақылаусыз қалады;
б)бұрыннан инфекция, урология, гинекология т.б. аурулармен ауыратын адамдарда жаңа жедел хирургиялық ауру болуы әбден ықтимал Егер хирургиялық бөлімшеде бақылануға тиісті сұрқоста жұқпалы ауру күдігі болса белгілі эпидемияға қарсы шарттар мухият сақталуы тиіс.
Осы айтылған тактика біздІң клиниканың көпжылдық тәжірибесінде өзінің өте тиімді және нәтижелі екенін дәлелдеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.