Дидактика пәні және оның міндеттері

Главная » Рефераттар » Дидактика пәні және оның міндеттері

Педагогика ғылымында дидактика пәніне де қатысты әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір көзқарастар бойынша дидактика пәніне қатысты оқытуды білім беру мен тәрбиелеу құралы деп таныса, енді бірінде оқыту заңдылықтары мен принциптері, оның мақсаттары. білім беру мазмұнының ғылыми негіздері, әдістері, кұралдары, формалары, ал үшіншілерінде сабақ беру мен оқудың бірлік негізде өзара әсерлесуі, төртіншісінде сабақ беру мен оку жүретін жағдайлар дидактика пәні ретінде карастырылды. Мұндай әр түрлі көзқарастардың болуы негізінде оқыту үдерісінің жүйелі, максатты сипатта жүруімен катар, кездейсоқтык, стихиялық сипатта да бола алуымен түсіндіріледі.
Оқьггу барысында әр түрлі дидактикалық катынастар жүйесі өмір сүреді: оқытушы окушы, окушы — оқу материалы, оқушы -баска оқушылар. Окытудағы қатынастардың көптүрлілігі окыту мәнін ашады. Ал әлеуметтік тэжірибені ұрпактан ұрпаққа мақсатты түрде беруде арнайы, басты қатынас міндетін екі үйымдасқан іс-әрекет: сабақ беру мен оку арасындағы кагынас аткарады. Сабак беру — оқу қатынасы окыту үдерісінен тыс өмір сүре алмайды, ал баска қатынастар, керісінше, оқыту үдерісінен тыс та жүре алады. Сондықтан оқытудағы педагогикалык іс-әрекет мәнін «сабақ беру -оку» қатынасы бейнелейді. Демек, дидактика пәні сабақ беру мен оку жайлы ғылым деп түсінуге болады. Дидактика ғылым ретінде зерттеу пәніне катысты заңдылықтар жайлы білімдер беріп, оқыту үдерісі барысы мен нэтижесін талдайды. зкушыларда жоспарлы өзгерістерді қамтамасыз ететін оқыту әдістерін, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды.
Дидактика ғылым саласы ретінде теориялык (оның ішінде диаг-ностикалық және прогностикалі.іқ) жэне мрактикалык кызмет атқа-рады. Жалпы дидактика барлык пэндер бойынша барлық деңгейде кандай максатта жзне неге, қалай оқыту керек деген сұрақтарға жауап береді. Жекелеген дидактикалар, яғни пэндік дидактикалар накты оку пэндерінен сабак беру теориясын жасайды. Дидактиканың міндеттері: 1) оқыту үдерісі мен оны жүзете асыру жағдайларын бейнелеу жэне түсіндіру; 2) оқыту үдерісінің жетілдірілген түрде ұйымдастырылуын, жаңа оқыту жүйелерін, жаңа окыту технологияларын жасау.
Жалпы алганда, дидактика біркатар категориялар мен ұгымдарды қолданады.
Дидактиканың негізгі ұгымдарына «сабак беру», «оку», «оқу пәні», «оқу материалы», «оку ситуациясы», «оқыту әдістері», «оқытушы», «оқушы», «сабақ» жэне т.б.жатады. Сонымен қатар «оқыту», «білім беру», «өз бетімен білім алу», «тәрбиелеу» сияқты ұгымдарды да колданады.
Дидактиканың базалык ұгымдары мэніне тоқталайық.
Сабақ беру — оқытушылардың, ягни оқытуды ұйымдастыру-шылардың іс-әрекеті, оқу — окушылардың іс-эрекеті. Білім беру -оқушылардың гылыми білімдерді, практикалық білік, дагдыларды меңгеруі, ақыл-ой танымдык қабілеттіліктерін дамыту, дүниетанымы, кұлықтылыгы мен жалпы мэдениеттілігінің калыптасуы жүретін үдеріс.
Оқыту білім алу, тэрбие және даму үдерістері жүзеге асырылатын, окушылардың адамзат тэжірибесінің, іс-әрекет гэжірибесінің, танымның жекелеген жақтарын меңгеруін қамтамасыз ететін мақсатты, алдын ала жоспарланатын қарым-катынас.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.