Динамикалық стереотип жайлы ілім

Главная » Рефераттар » Динамикалық стереотип жайлы ілім

Табиғи жағдайда сыртқы дүние организмге белгілі бір ретпен әсер ететін тітіркендіргіштер көзі болып табылады. Демек, тіршілік барысында организм тітіркендіргіштердің белгілі стереотипті тіркесімен кездесіп отырады. Осындай стереотипті тітіркендіргіштер тіркесі көп мәрте қайталанса, ми қыртысында белгілі бір ретпен бірін-бірі алмастырып отыратын қозу және тежелу ошақтарының өрнегі (мозайкасы) пайда болады. Осыдан үлкен ми жарты шарлары қызметінде жүйелілік немесе И. П. Павлов айтқандай, динамикалық стереотип, қалыптасады. Мұның нәтижесінде организм үнемі қайталанып отырылатын тітіркендіргіштер жиынтығына белгілі әрекеттер ретімен жауап береді. Сонымен, динамикалық стереотип дегеніміз — ми қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесі, белгілі бір ретпен атқарылатын шартты рефлекстердің жүйелі тізбегі.

Егер жануарда белгілі ретпен қайталанып отыратын бірнеше рефлекс қалыптастырылса, онда олар өзара тығыз байланысқан жүйеге бірігеді. Мысал ретінде тәжірибесі аз ит үйретушілері жиі жіберетін қателікті келтіруге болады. Кейбір жағдайда «отыр!» деген бұйрықтан кейін ит отыра қалады да, одан әрі өз бетімен жатады, кедергіден әрі-бері қарғи бастайды. Мұндай әрекеттің себебі жаттықтырушының кезінде осындай ретпен көп мәрте бүйрық қайталағанында. Осының салдарынан динамикалық стереотип қалыптасып, алғашқы берілген бүйрық иттің бірнеше тізбекті әрекетінің атқарылуына себепші болады. Динамикалық стереотип қалыптастыру ми қыртысының өте күрделі синтездеу жұмысымен байланысты жэне жүйке жүйесі үшін ең қиын міндет болып табылады. Бірақ бір рет қалыптасқан стереотипті сақтау онша қиынға соқпайды, оны жою немесе өзгерту өте қиын. Жақсы қалыптасқан стереотипті өзгерту мүмкін болмайды жэне көп жағдайда бұл жоғары дэрежелі жүйке қызметінің бүзылуына соқтырады. Сондықтан жас малды белгілі тәртіпке үйреткен кезде олардың қойылған талапты толық орындауын жүйелі түрде қадағалап отырған жөн. Өйткені малды үйретуде жіберілген қателер оларды болашақта тиімді пайдалануға, малдың шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.
Болымыстың сигналдау жүйелері. Адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі жүйкелік қызметі сыртқы немесе ішкі ортаның әртүрлі тітіркендіргіштерінің әсерінен қалыптасады. Бұл тітіркендіргіштер түрлі сезім мүшелері арқылы әсер етеді. Осы сезім мүшелерінің қызметі нәтижесінде жануарлар нақты жағдайды талдап және жинақтап отырады, сондықтан сезім мүшелері бірінші сигналдың жүйені құрайды. Бұл жүйе адамға да, жануарларға да ортақ, ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі болып табылады.

Болмысты сигналдаудың тағы да бір ерекше екінші жүйесі болады. Ол әлеуметтік даму процесінің әсерінен адамдарда ғана дамыған. Бұл жүйе — сөз. Сөз арқылы сыртқы және ішкі ортада болып жатқан қүбылыстар хабарланады. Екінші сигналдық жүйенің арқасында адамдар ойлау қабілетін иеленеді. Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде қалыптасады. Адамда екі сигналдық жүйе функционалдық байланыста болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.