Діни бірлік болмайынша, ұлттық бірлік болмайды

Home » Рефераттар » Діни бірлік болмайынша, ұлттық бірлік болмайды
Рефераттар Комментариев нет

Бүгінгі күні ислам діні еліміздегі бейбіт қарым-қатынас орнатудағы қазақ халқының ынтымақтастығы мен бірлігінің рухани негізі болып отыр. Біздің көп ұлтты және көпконфессияналды еліміздің ислам іліміне бет бұруы тек теориялық қызығушылық емес, практикалық қажеттілік екені мойыңдалып отыр. Үндістанның көрнекті қайраткері Ш.Сомайя Қазақстан Президентінің бастамасына ризашылығын білдіре отырып, «Нұрсұлтан Назарбаев — көпконфессиялы елде бейбітшілік пен келісімді үйлестіре білген ерекше лидер. Біздің оның істерінен үйренеріміз көп» деп айтқан болатын. Кең байтақ қазақ елі қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алатын ордасы екеңдігін паш етіп отыр.
Қазақстан бүгінде Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен дамып дамып келе жатқан, экономикасы ілгеріленген демократиялық даму жолына түскен, Орталық Азияда көшбасшы, халықаралық қоғамдастықта беделді әрі құрметті әріптес деп танылған мемлекетке айналды. Тәуелсіздік алғаннан берп ең ірі жеңісіміз бен үлкен жетістіктеріміздің бірі — елімізде діни наным — сенім бостаңдығының толық бекуі, соның ішінде ислам дінінің өркендеуі болып отыр.
Бүгінде ең алдымен біз діни бірлікті өз деңгейінде ұстауымыз шарт. Өйткені, діни бірлік болмайынша ұлттық бірлік болмайды. Мәдениетсіз, білімсіз, ғылымсыз қоғам болмайтыны сияқты, дінсіз де өркениетті қоғам болмайды. Діңді өз пайдасына жаратқысы келетіндер мен экстремистік ниеттегі діни ағымдар пайда бола бастаған кезде, дінаралық татулықты сақтау — басты мақсатымыз болуы керек деп ойлаймын. Жастарға арналған рухани танымдық тәрбие және теріс пиғылды діни агымдарга жол бермеу шаралары тек Діни басқарманың емес, бүкіл қоғамның жұмысы болуы тиіс. Қазіргі жағдайда ислам туралы, оның құндылықтары туралы әртүрлі жалған көзқарастардың болуы қоғамдық санада, әсіресе жастардың санасында түсінбеушілік тудырып отыр. Қазіргі жастар интернеттен дін туралы көптеген кері эсерін тигізетін ақпараттарды кездеседі. Қауіпті діни ағымдардың назар аударатын обьектісі алдымен студент жастар болып табылады Мұның себебі түсінікті, өйткені олардың нақты өмірлік ұстанымдары мен көзқарастары әлі толық қалыптаспаған, әрі студенттік кезең қиындыққа, қызыққа да толы уақыт. Олар ата-анасынан бөлініп, тума-туыстарынан алыста жүрген кезде сағыныштан рухани тірек сүйеніш іздейді. Студенттік жылдардың алғашқы кезеніңде жастарға кез келген нэрсе қызық көрінеді. Бұл кезеңде жастар материалдық жағынан да қиындық көріп содан шығатын жол іздеп, неше түрлі эрекеттерге барады. Осындай қиын кездері бұрыс жолдағы дін өкшдеріне жолығып, олардың ықпалынан шыға алмайды. Дін жолында жүрген жастардың психикасы да өзгеріске ұшырайды. Жастардың қауіпті секталарға мүше болуымен олардың өмірлік ұстанымдары мен бағыт-бағдарлары өзгеріп, олардың түлғалық қалыптасулары мүлдем басқа арнада дамиды, бұрынғы қызығушылықтарынан бас тартып, оқу үлгерімі төмендейді. Тігтгі ата-аналарымен, басқа да туыстарымен қалыпты қарым-қатынастары бұзылып, олардан алшақтау байқалады, кейбір жағдайларда оның соңы үйден кетумен де аяқталады. Қай діннің өкілі болмасын, ол өзінің қатарын көбейту үшін алдына жан салмай уағыз айтатыны бәрімізге белгілі. Қазіргі кезде дін жолына түсушілердің негізін студент жастардың құрайтыны белгілі. Жастарға арналған рухани-танымдық тэрбие жэне теріс пиғылды діни ағымдарға жол бермеу шаралары тек Діни басқармалар мен мемлекеттік органдардың жұмысы емес. Барлық оқу орыңдарында тәрбие жұмыстарын күшейтіп, жастар арасында деструктивті идеяларды насихаттаушыларға кұқық қорғау және білім беру органдары тарапынан бақылау жасалуы керек.
Жастардың дін саласындағы сауаттылығын мақсатты түрде арттыру жастармен жұмыстың аса маңызды бағыттарының бірі болуы керек. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясында сөйлеген сөзінде келесі жағдайды атап өтті: «Соңғы кездері біз қандай да бір діннің тереңіне бойламай, діндердің ізгілігіне, шынайылығы мен жалпыға ортақ басқа да қырларына дендеп енбей жатып дінарлықтың сәнге айналғанын көріп отырмыз. Адамдарды қандай да бір діңді қабылдауға мэжбүрлеуге болмайды. Сондықтан жастарға ерекше назар аударуымыз қажет».
Еліміздің болашағы жастар десек, бүгінп күннен бастап осындай жағдайлардың алдын алуымыз қажет. Қазіргі таңда оқу ордамызда «Дінтану» пәні енгізіліп, студенттердің бойында гуманистік дүниетанымның негіздерін, рухани адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін қалыптастырудамыз. Дінтану пәнін енгізудегі басты міндеттерге студентті әлемдік және дәстүрлі діндердің, конфессиялардың тарихымен, олардың қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру, діннің танымдық-дүниетанымдық, психологиялық-педагопікалық аспектілерін ашу, әлемдік және дәстүрлі діндер ілімінің негізгі гуманистік жағдайын және негізін түсіндіру, деструктивтік діни культтардың, діни және экстремистік ұйымдардың идеологияларын қабылдамау ұстанымдарын қалыптастыру жатады. Дін тақырыбына қатысты студенттерге ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, дәстүрлі дін туралы толыққанды мэліметтер беріліп отыр. 2012 жылдың 5 қарашасында институтымызда «Діни ахуалдың аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияда аймақтағы әртүрлі әлеуметтік топтардың діни ұстанымдары, білім мекемелеріндегі діни ахуал жэне діни тәрбие, діни бірлестіктер мен діни қызметкерлердің адамгершілік мұраттар қалыптастырудагы қызметі, төзімділік пен дінаралық сыйластықтың аймақтық тарихи тамырлары және тағы да басқа мэселелер қамтылған. Аймақтық ғылыми-практикалық конференция жұмысына облыс экімі А.Б.Мұхамбетов, ҚР Діни істер жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Кайырбекұлы Лама Шариф, профессорлар Әбдіжәлел Бәкір, Амангелді Айталы, Алтай Тайжанұлы және облысқа белгілі ғалымдар қатысты.
Дш — дінтанудың басты обьектісі және адамның табиғаттан тыс болмысының жемісі мен адамзат баласының сан ғасырларға созылған тарихи тэжірибесін адам санасына қалыптастырып, болашақ ұрпаққа бере білудің басты саласы. Дінтану заман ағысына байланысты материалды және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін қамтамасыз ете отырып, маманның рухани-адамгершілік, діни құңдылықтар болмысын байытып, жалпы мәдени құндылықгардың маңыздылыгын арттыра түседі. Демек, дінтанудың білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты студенттерді адамзат баласының діни жетістіктерін игеруге, діннің қалыптасуы мен дамуының эмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге жэне элемдік діндердің шжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

А. Ч. Ешниязова

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
оқытушы Ақтөбе к, Қазақстан

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.