Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірбаяны

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев»

(1912-1993)

 

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері, қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымның докторы, КСРО, шет ел ордендері мен медальдерінің иегері. Верный(қазіргі Алматы) қаласында, Қызметкердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл алтын  институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп,у тау-кен инженері мамандығын алған Д.Конаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат рунигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогиның машинесі, цех бастығы, руднигтің бас инженері және оның директоры болып істеді.

Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтай полиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қоргасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Ленингор кең басқармасының директоры кызметтерін атқарды. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Қенесінің төрағасының орынбасары болып кызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ  КСРҒылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымның дамуы жолына зор еңбек сіңіреді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми-зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзге асырылады.

Д. Қонаев 1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің төрагасы, 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан коммунисттік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатсышы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету өзінің білімін, мол тәжіребесін және ұйымдастырушылық қаблетін аяндай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кенесінің депутаты болып сайланды. СОКП-тың 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясының басқырып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП  Орталық комитеттінің мүшесі. Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық комитетінің Саяси бюросының мүшелегіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумның және қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумның мүшесі болды.

Д. Қонаев өз заманның ұлы саясаткер бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншылықты күрделі, қарама қайшылықтыболғанымен, елдің экономикасын, әулеметтік саласын, ғылымың, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдарды басында  Н.С Хрущевтің озбырылғымен Өзбексанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлегін  қайта қайтырып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

1986 жылы СОКП Орталық комитетінің Бас Хатшысы болып. М.С.Горбачевтің келуіне байланысты Д.Конаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босаталды. Орталықтың жүргізіп отырған «ділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарың білдіріп аланға шықты. Бұл әйгелі Желтоқсан оқигасына ұласты. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республик партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білітің, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін корсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді. Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Советтік Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаев. Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама-қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Бірақ, қайраткердің көзі тірісінде-ақ оның бедел-бейнесінің даулы тұстары көп еді. Дінмұхамед Қонаев кішіпейіл басшы есебінде танылды. Ол ертеменен Коммунистік даңғыл мен Киров көшесінің (бүгінгі Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің) қиылысындағы үш қабатты үйден шығып, ылдидағы Үкімет үйіне қарай жайбарақат жұмысқа бара жататын. Қонаев сол үйде көп жылдар бойы тұрды, тіпті, Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болған кезінде де, қаланың орталығында үш бөлмелі пәтері бола тұра әлгі үйде тұрды. Ал басқа үйге көшкенде Қонаев пәтерін өзінің кадрлық саясатын қатты сынап жүрген жазушы Әлжаппар Әбішевке сыйға тартып кетті. Мен де сол кезде Алматының орталығында тұрдым, менің де жұмысқа баратын жолым Коммунистік даңғылдың бойы еді. Анда-санда алдымнан жалғыз келе жатқан ұзын бойлы Қонаевтың сымбатты тұлғасын сыртынан көретінмін. Осыны айтсам, адамдар сенбейді: қалайша ол күзетсіз жүр деп. Расында да күзет қызметінің саны көбейтіліп, кім көрінген жанына күзет қаптатып жатқан уақытта мемлекеттің бірінші адамы жұмысқа жаяу және күзетсіз барады дегенге сену өте қиын. Министрлер кеңесінің төрағасы болғанда Қонаев академик атағы үшін өзіне төленетін 340 сом шамасындағы ақыдан бас тартқанын білеміз. Бұл ақшаны ол балалар мен жас ғалымдарға көмектесу мақсатында жұмсауға бұйырды. Осындай кішіпейілділік оның туа бітті қасиеті екені көзге көрініп тұрды және жұрттың оған деген сенімін күшейтті. Оның жеке басының байлық-дәулетке қызығушылығы байқалмады. Оның айналасындағы адамдардың арасында оны ұлықтаудан жарыс болған жоқ, есесіне олар оның көшбасшылық беделін қызғыштай қоритын, оның жетістіктеріне қылау түсірмеуге тырысатын.

Ол былай деп мойындаған: «Өзімді өзім ақтайын деп отырған жоқпын, дұрыс та, бұрыс та шешімдер қабылдадым: қателік те болды, жетістік те болды. Жалғыз ғана көзімнің жеткені – көп уақыт билік басында болуға болмайды. Айналаңдағы адамдарды тану түйсігің жоғалады, тың ойларды түсінбейсің немесе қабылдамайсың, өзіңе өзің сын көзбен қарауды қоясың. Сосын міндетті түрде қателіктер жасайсың, әсіресе кадрлық саясатта. Негізінде айналаңа өзіңе табынушыларды емес, идея беретін ақыл-парасат иелерін жинау керек».  Қонаев билікте болған кезде өмір сүріп, жұмыс істеген біздің бәріміз адамды биік қызметке қою үшін еңбегіне қарамайтынын, қызметке келгендердің бас салып өз руластары мен жерлестерін сүйрегенін көрдік. Дінмұхамед Қонаевқа руға бөлінудің етек жайғанын, оның қоғамға қауіптілігін тіке айтқандар да болды. Қазақтың алдыңғы қатарлы жазушыларының бірі Әлжаппар Әбішев Қонаевқа жазған хатында былай деген: «Неліктен халықтар достығының зертханасы боп саналатын Қазақстанда өз жүздеріміз бен руларымыздың арасында достық жоқ? Руға бөлінуді ойлап жүргенде басымыз бөгде біреудің аяғының астында қалып жүрмесін!»

Бірінші басшымен сөйлескеннен де, арызданғаннан да еш нәтиже шықпады. Жазушы бостан бос дабыл қағуды доғарып, өз ойын халыққа пьеса арқылы жеткізуді қолға алды. Сол кезде дүниеге «Даңғойлық пен ар-ұят» шығармасы келді. Осы туынды бойынша Алматыдағы Әуезов атындағы театрда белгілі режиссер Әзірбайжан Мәмбетов қойған және басты рольдерде ең танымал әртістер Асанәлі Әшімов пен Ыдырыс Ноғайбаев ойнаған спектакль халықты дүр еткізді.

Алайда, екі күннен кейін спектакль қойылымнан алынып, ауторы ҚКП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы Саттар Имашевпен әңгімеге шақырылды. Ол спектакльді көрмепті, пьесаны оқымапты. Бірақ, екі сағат бойы жандайшап жеткізушілерден естіп алған «Қанша жерден дана басшы болса да, айналасына жағымпаздарды жинап алып отырғанда қателікке ұрынбауы мүмкін емес», «Аспан ашық, жол тегіс. Бірақ, тізгінді тура бір мас адам ұстап отырғандай, қорыққанымыздан діріл қағамыз» деген спектакль кейіпкерлері айтатын «идеологияға жат» сөздердің төңірегінде әңгіме жүргізген.

Бұл сөздердің қай жерінен ерсілік көріп тұрсыз деп сұрайды жазушы. Бірақ жауап ала алмайды. Билікке жағымсыздау тиетін сын бар, әрине, бірақ, оны жат санаға жатқызу мүмкін емес. Жазушының бұл жөніндегі естеліктері оның «Шерлі шежіре» атты кітабында бар. Жуырда Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп жариялаған заңның 20 жылдығы атап өтілді. Бірақ, мемлекеттік тіл өз дәрежесіне сай болып отырған жоқ. Құр әңгіме, үндеу немесе үгіт-насихат. Қазақ балабақшалары мен мектептері әлі күнге аз болып отырғанда басқа себептер туралы айтудың да жөні жоқ.
Советтік Қазақстанның бір кездегі басшысы Жұмабай Шаяхметов орыстың көптігіне қарамастан, ана тіліне деген құрмет пен көңіл бөлуді іс жүзінде көрсетіп, кейде ОК бюросын қазақ тілінде жүргізетін. Нұршайықовты Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы етіп бекітетін ОК бюросын Шаяхметов қазақ тілінде жүргізіп, артынан өзі орысшаға аударғанын белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың естелігінен білеміз.
Шаяхметов ОК хатшысы болып бекітіліп жатқан ОК комсомолы Анатолий Шаловтан өз өмірбаянын пленумға қатысушыларға қазақша айтып беруін сұраған. Тілдің қадірін қашырғанымыз соншалықты, ана тілімізде сөйлеуді қорашсынатын халге түстік. Қоғамдық іс-шараларда, үйдегі отырыстарда менен жасырып бірдеңе айтып жатыр деген ойға қалмасын деген желеумен сонда отырған бір орыс үшін туған тілімізде сөйлеуге қысылатын болдық.

Дінмұхамед Қонаевтың қабылдауында екі қазақ, бір орыс отыр. Олар аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына бекітілейін деп жатқандар еді. Ана тілінде амандасқан екі қазақты Қонаев сол жерде тоқтатып, жалпыға түсінікті орыс тіліне көшулерін сұрайды. Үшінші жолдас әлденені жасырып отыр деп жаман ойлап қалмас үшін. Сол үшеудің бірі менің ескі танысым Рахымбай Тазабеков болатын. Ол ауылда туған адам. Зоотехник болып өмір бойы ауыл шаруашылығы саласында істеген нағыз ауылдың қазағы. Оған республика басшысының өзі секілді екінші қазақтан орысша сөйлеуін талап етуі оғаш болып көрінген. Менде ұйғыр жазушысы Әбдікерім Ғаниевтің «Исмаил Юсупов: «С чистотой помыслов» атты деректі повесі бар. Содан үзінді келтірейін: «Республикаға басшылық етуге мен келгенде «менің қаракөз достарым» Қазақстанның басына ұйғыр келді деді. Ал, Қонаев туралы ондай әңгіме айтылған жоқ. Оның ұлты татар еді ғой. Мұны мен Қазақстанның бұрынғы басшысы ретінде толық жауаптылықпен мәлімдеймін. Қонаевты және оның ата-анасын менен артық ешкім білмейді. Себебі, менің ата-анам оның ата-анасымен Алматыда көрші тұрған. Ал, біз Д.А.Қонаев екеуміз бала кезден бірге өстік, сосын Сопы Зарват атындағы ұйғыр орта мектебінде бірге оқыдық. Қазақстан басшысын ұлттық кадрлар сапынан бекітеміз деген мәселе көтерілген уақытта Қонаев өз паспортын бір-ақ түнде жойып жіберіп, ұлты қазақ деп көрсетілген жаңасын алған болатын. Оның сол қулығын мен жақсы білетінмін. Бірақ, ол деректі ашық айтатын уақыт ол кезде әлі келмеген еді». Партияның көнекөз қызметкері Сатыпалды Тотанов «Өткен өмір өткелдері» деген кітабын шығарды. Кітап бірінші жақ – қатысушы және көзбен көруші тарапынан баяндалған әртүрлі деректерге толы. Деректер біреудің шамына тиер-тимесіне қарамастан, боямасыз, қаз-қалпында берілген. Естелікте нешетүрлі қызықтар жетіп-артылады. Партиялық қызметтен кеткеннен кейін Сатыпалды Тотановқа республика үкіметінің жанындағы дін жөніндегі кеңесті басқару тапсырылған. 1975 жылы теруден алынып тасталған жазушы Медеу Сәрсекеевтің Қазақстан Ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Сәтпаев туралы кітабын еске алайық. Жазушы қаламақысының біршамасын алып, жұмсап үлгерген баспадан шығуға дайын тұрған кітапты кімнің не себеппен өндірістен алып тастағанына жауап ала алмай өзінің әуре-сарсаңға түскенін, еш нәтиже шығара алмай әрі-бері сенделгенін кейін жеке бір кітап етіп жазып шықты. Дінмұхамед Қонаев оның екі бірдей хатын жауапсыз қалдырған. Жазушыны Қазақстан Компартиясы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы Саттар Имашев он үшінші күні қабылдаған, бірақ, нақты жауап беруден жалтарып баққан. Ол жазушының Сәтпаев туралы кітабын жарияламауын сұрап, не ұсынбады десеңізші, моралды-материалды игіліктің барлық түрін беруге даяр болған. Бірақ, ақыр-аяғында бұл «үйде» өзінен басқа да адамдардың бар екенін айтып, шындықтың бетін ашпасқа амалы қалмаған. Әлгіден соң басқа сөздің қажеті жоқ, бәрі де түсінікті болған.

 

 

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.