Әдіснаманың бір аспектісі ретіндегі-ғылыми-зерттеу әдістері

Главная » Рефераттар » Әдіснаманың бір аспектісі ретіндегі-ғылыми-зерттеу әдістері

Педагогикалық құбылыстарды әдіснамалық негізде зерттеу құралдары ретінде бірқатар әдістер қолданылады. Педагогикалық зерттеу әдістері — педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олардың арасындағы заңдылық байланыстар, қатынастарды анықтау және ғылыми теорияларды тұжырымдау мақсатында ғылыми ақпараттар алу жолдарының өзі болып табылады. Бірқатар әдістерді ұштастыра қолдану педагогикалық мәселені, оның барлық аспектілері мен параметрлерін жан-жакты зерттеуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық зерттеу әдістері тек ғылыми зерттеу жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар білім беру жүйесіндегі жүретін практикалық іс-әрекеттерде де жиі қолданылады. Бұның басты себебі — білім беру практикасында дидактикалық модельдердің жаңартылып отыруы мен зерттей окыту әдістерінің қолданыла бастауына байланысты. Мұндай жагдайда оқушылар мен студенттердің таиымдык үдерісін гылыми ізденіс логикасына сәйкес жүргізу қажеттілігі бар. Міне, осыган байланысты педагогикалык зерттеу әдістерін тек гылыми зерттеулерде гана емес кез келген гылым саласына сэйкес пэндерді оқып-үйренуде де қолдану тиімді.
Педагогикалық зерттеу эдістері сипаттамасын карастырмастан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешу үшін оларды таңдау прин-циптерін атап өткен жөн. Мұндай принциптер екеу. Біріншісі: зерт-теу эдістері жиынтыгы принципі. Мэні бойынша бұл принцип кез келген ғылыми мәселені шешу үшін бір емес, бірнеше эдістер кол-дану кажеттілігш негіздейді. Және ол эдістер зерттелетін құбылыс табигатына сэйкестендіріле қолданылуы кажет. Екіншісі: әдістердің зерттелетін құбылыс магынасы мен оның алынуы тиіс нақты нәтижесіне сәйкес болуы принципі.
Сонымен, педагогика гылымын дамытудың жэне осы гылым сала-сына сэйкес пэнді окып-үйренудщ маңызды факторы оның зерттеу эдістері болып габылады, сондыктан оларды жетілдіру, дамытып отыру кажет.
Педагогикалық гылыми-зерттеу әдістері үш топқа бөлінеді: педа-гогикалыктэжірибені зерттеу (эмпирикалык) әдістері, теориялык зерт-теу эдістері жэне математикалык эдістер.
Әмпирикалық эдістер күнделікті практикадан гылыми фактілер жайлы мағлұматтарды жинау, алу және тіркеу мүмкіндігін береді.Мұндай әдістерге кіретіндер: бакылау, іс-әрекет нәтижесін, құжаттарды зерттеу, сұрау эдістері (сауалнама, әңгімелесу. сұхбат), социометрия, тэуелсіз сипаттамалар эдістері жэне т.с.с. Ал нәтижелерді кешенді түрде алу үшін эксперимент эдісі колданылады. Бұл арнайы ұйымдастырылган кандай да бір окыту эдісгерінің. кұралдарының тиімділігін аныктау мақсатында тексеру эдісі болып табылады. Әкспериментте кандай да бір жаңалыктың мүмкін болатын тиімділігі жайлы ғылыми, алдын ала негізделген болжам тексеріледі. Эксперимент барысында әдістер кешенді түрде колданылады.
Теориялық эдістер мэселені анықтау, болжамды тұжырымдау жэне жинақталган фактілерді багалау үшін қажетті. Теориялық эдістер адамтану мен педагогика мәселелері бойынша классиктер еңбегін зерттеу; педагогикалық жалпы және арнайы жұ-мыстарды зерттеу; педагогикалық баспасөз материалдарын зерттеу; мектеп, тэрбие, мұғалімдер жайында көркем эдебиеттерді оқып-үйрену; педагогикалык жэне басқа ғылымдар саласына қатысты аныктамалык әдебиеттерді, оқулыктар мен эдістемелік құралдарды зерттеумен байланысты. Бұл эдебиеттерді зерттеу көтеріліп отырған мэселенің кай жақтары жақсы карастырылған, қандай жактары бойынша ғылыми пікірталастар бар, кандай аспектілері шешілмегенін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттермен жүмыс эдістері:
Библиография құру;
Реферат жазу;
Конспектілеу;
Аннотация жазу;
Дэйексөз.
Педагогикада қолданылатын математикалық әдістер сүрау жэне эксперимент әдістері көмегімен алынған мэліметтерді өңдеу үшін, сол сияқты зерттелетін күбылыстар арасындағы сандық байланыстарды аныктау үшін қолданылады. Бүл әдістерді қолдану эксперимент нэтижелерін бағалауға, жасалған түжырымдар сенімділігін арттыруға мүмкіндік бере отырып, геориялық жалпылаулар жасауға негіз бола алады.
Педагогикада сандық эдістерді қолданудың екі бағыты бар. Бірі — бакылаулар мен эксперимент нэтижесін өңдеу екіншісі — оку-тэрбие үдерісін модельдеу, диагностикалау, алдын ала болжам жасау. компьютерлендіру бағыттары болып табылады.
Бірінші бағыттағы математикалық эдістерге тіркеу (регистрация) рангке бөлу (ранжирлеу), шэкілдеу (шкалалау) жатады.
Тіркеу — карастырылып отырған қүбылыстардағы белгілі бір қасиеттің байкалуын тіркейді жэне ол қасиеттердің болу, болмау санын аныктайды.
Рангке бөлу — жинақталған мэлімегтерді белгілі бір ретпен орна-ластырады (белгіленген көрсеткіштердің кемуі немесе артуы), белгіленген қатардағы зерттелетін объектінің орнын аныктайды.
Шәкілдеу — зерттелетін сипаттамаларды үпай немесе баска да сандык көрсеткіштер арқылы көрсетеді.
Өлшемдік шэкілдер: атаулар (номиналдық) шэкілдері, реттік (рангтық) шэкіл т.с.с. болып бөлінеді.
Педагогикалык зерттеулерде түрлендіруші қүрал ретінде модельдеу колданылады. Ғылыми модель — бұл зерттелетін объектіні сәйкес ойша бейнелейтін немесе материалды түрде іске асырылған жүйе. Ол зерттеу пэнін алмастыра алады жэне оның зерттеу объектісі жайлы жаңа акпараттар алуға көмектеседі. Модельдеу — модельдер жасау жэне зерттеу әдісі. Модельдеудің басты артықшылығы акпараттарды тұтастай бейнелеп көрсетуге мүмкіндік береді.
Модельдеуді үш мақсатта қолдану пайдалы. Олар: эвристикалық мақсат — жаңа заңдар, жаңа теориялар тауып, белгілеп, жіктеу жэне алған мәліметтерді интерпретациялау үшін қолданылады; есептеу мақсатында — модель көмегімен есептеу мэселелерін шешу үшін; ал экспериментальдық максатта — қандай да бір модельдерді қолдана отырып, жасалған болжамды эмпирикалық түрде тексеру үшін қол-данылады.
Материалды жаппай өңдеуде алынған көрсеткіштердің орташа шамасын, орта арифметикалык мэнін, қатар ортасы көрсеткіші -медиананы, дисперсияны (орташа квадраттық ауытқуды, вариация коэффициенті жэне т.б.) қолдануға болады.
Математикалық эдістерді колдана отырып, сандық байланыстарды графиктер, диаграммалар, кестелер түрінде беруге болады.
Педагогикалық зерттеулерді теориялык жэне колданбалы деп екіге бөлуге болады.
Теориялық зерттеулер арнайы ғылыми максатпен байланысты жүргізіледі. Ал қолданбалы (ғылыми-практикалық) тікелей практи-кадағы мэселелерді шешу жэне жетілдіру максатында практик-мүға-лімдер жүргізетін зерттеулер болып табылады.
Қолданбалы зерттеулер бірнеше кезеңдерден түрады: мәселені дайындау, оны практика жүзінде шешу, алынған мэліметтерді сандық өңдеу, интерпретаииялау, қорытындылар мен үсыныстар түжы-рымдау.
Дайындық кезеңінде шешімі оқушыларды оқыту, тэрбиелеу жэне дамытуда оң нэтиже алуға мүмкіндік беретін өзекті педагогикалық мәселені анықтау мақсатында практикалық іс-эрекетті талдау жүр-гізіледі. Сонан соң таңдап алынған педагогикалык мэселенің пайда болу себептерін нақтыландыратын алдын ала материалдар жинау жүмысы өткізіліп, осы мэселені шешудің мүмкін жолына қатысты болжам жасалады. Мүнан соң зерттеу эдістемесі жасалып, ол мэселені шешу бағытында іс жүзіне асырылады.
Педагогикалықзерттеуәдістерінқолданабілупедагог-практиктердің өзінің және баскалардың педагогикалык тэжірибесін зерттеп, талдап, өз жаңалықтарын ашуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық практикада қолданылатын зерттеу эдістерін дэс-түрлі-педагогикалык жэне заманауи зерттеу эдістері деп те бөліп қарау жиі кездеседі.
Дәстүрлі зерттеу эдістеріне педагогика ғылымы бастауында тұрған зерттеушілерден бері қолданылып келе жатқан эдістер жатады. Олар: бақылау, тэжірибе зерттеу, оқушылар шығармашылығы өнімдерін зерттеу, әңгімелесу, сұхбат алу т.с.с.
Заманауи эдістер қатарына педагогикалық экспериментті, педаго-гикалық тестілеуді жэне ұжымдағы құбылыстарды зерттеу эдістерін жатқызуға болады.
Енді осы педагогикалық ғылыми зерттеу эдістерін колдану ерек-шеліктеріне тоқталайық.
Алдымен эмпирикалық эдістер тобына кіретін зерттеу эдістерін талдаймыз.
Бақылау — педагогикалык практиканы зерттеудің ең ыңғайлы жэне көп тараған зерттеу эдісі. Бақылау зерттеушінің зерттелетін педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді тікелей қабылдауы ретінде анықталады.
Бақылау ғылыми жэне тұрмыстық болып екіге бөлінеді. Ғылыми бакылаудың басты айырмашылықтары: 1) алдын ала шешілетін міндеттер анықталып, объектілер бөлінеді, бакылау сызбасы жасалады; 2) нэтиже міндетті түрде тіркеледі; 3) алынган мэліметтер өңделеді; 4) нэтиже белгілі мэліметтермен салыстырылып, басқа да эдістер көмегімен қайта тексеріледі.
Ғылыми бақылаудың бірнеше түрлері бар. Тікелей, жанама, тұтас, үзік бақылау, ашық жэне жабық бақылау, ал әдіснамалық тұргыдан тагы да лонгитюдті бакылау және ретроспективті бақылау болып бөлінеді.
Тікелей бақылау зерттеушінің тікелей қатысуымен жүргізіледі. Ал жанама бақылауда зерттеу көмекшілер аркылы немесе зерттелетін фактілер жанама көрсеткіштер бойынша талдануы мүмкін.
Тұтас бақылауда үдеріс немесе құбылысқа бақылау басынан аягына дейін жүргізілсе, үзік бақылау деп қандай да бір құбылыстарды, фактілерді гана байқалу сәтіне сэйкес үзіп бакылауды айтады.
Ашық бақылауда бақылау жүргізілетін фактілер мен зерттеуші іс-әрекеті жайлы белгілі болса, жабық бақылауда бақылауға қатысты мэліметтер берілмей жасырын түрде жүргізіледі.
Лонгитюдті бақылауда бақылау бүкіл оқу жылдарын қамтиды да, ретроспективті бақылауда құбылыс немесе фактіні зерттеуді өткенмен байланыстыра қарастырады.
Бақылаудың барлық түрінде алынған ақпараттар мен қолданылған материалдар тіркеліп отыруы қажет.
Бақылаудың оң жақтарымен бірге, кейбір кемшіліктері де бар. Бұл зерттеу эдісін колдану педагогикалық құбылыстардың ішкі жактарын аша алмайды да, соның нэтижесінде алынған ақпараттардың толық объективтілігін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бақылау көбінесе зерттеудің бастапқы кезеңдерінде ғана қолданылады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.