Драма мен театрдың дамуы

Home » Рефераттар » Драма мен театрдың дамуы
Рефераттар Комментариев нет

Қайта өрлеу дәуірінің жаңа театры XVI ғасырдың екінші жартысында дами бастады. Бұл театр орта ғасырдағы халық театры негізінде пайда болды. Жаңа жағдайда өзінің бұрынғы діни мазмұнын жоғалтып, әлемдік түрге енген мистерия, сондай-ақ сатиралық пьесалар — фарс пен моралите осы театрдың негізгі репертуарлары еді.
Бірақ алғашқы театрлар мазмұнының тар және қарапайымдылығы Қайта өрлеу дәуірі талаптарына толық жауап бере алмайтын еді. Христиан діні қағидаларынан алыс жатқан көне антикалың мәдениет үлгілері мен формаларын пайдалану нәтижесінде жаңа театрдың дамуының негізі ңаланады. XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың басында-ақ өнерпаздар үйірмесінде студенттер көне Рим драматургтері Плавт пен Теренцийдің комедияларын, соңынан Сенеканың трагедияларын сахнаға шығарады. Сарай театрында да итальян үлгілеріне ерекше көңіл бөліне бастайды. Ағылшын халың ауыз әдебиеті негізінде жазылған пьесалар да сахнада орындалады.
Рим комедиялары тақырыптың жағынан тың болмаса да, композициясының ыңшамдылығымен сол кезең-дегі театр талаптарына сай келеді. Гуманист драматургтер халың шығармашылығына тән ерекшеліктер мен классикалың көне мәдениеттен алынған элементтер негізінде Англияның үлттың драмасын дүниеге әкелді.
Алғашңы пьесалардың бірі — мектеп мүғалімі Нико-лас Юдолдың «Ральф Ройстер Дойстер» (1551) комедия-сы. Шығарманың мазмүны Рим жазушысы Плавтың «Маңтаншаң жауынгер» шығармасынан алынған. Қаһарман Ральф көне әдебиеттегі «маңтаншаң» образы-на үңсайды, біраң ол өз дәуірінің епшіл адамы сипатын-да бейнеленеді. Сол арңылы үнамсыз ңаһарман-сері әжуаланады.
XVI ғасырдың 50-60-жылдарында түраңты театрлар жоң болатын. Актерлар труппасы бір жерден екінші жерге көшіп жүретін. Оларда фарс, мистерия және моралителерден үзінділер көрсетілетін. Қаңғыбас актер-лардың жағдайлары өте ауыр еді. Актерлар қаңғыбастар-ға щығарылған заңмен жазаланатын. Ең мәртебелі байлардың ңызметшілері болған актерларға ғана кеңшілік жасалатын. Сондықтан да көп актерлар ңандай да бір бай қожайынның қол астына өтуге мәжбүр болатын. Осы дәуірлерде қала билігіндегі ірі буржуазия өкілдері — пу-ритандар (ригиз — таза) ағылшын шіркеуін католиктік жене көне діндер ықпалынан тазарту саясатын жүргізеді. «Театр таза дінге дүшпан, ол адамдар сана-сын бүзады» деп оның дамуына тосқауыл қояды. Мәрте-белі адамдар қолындағы отбасылық — жеке театрлар ғана жүмые істеуге мүмкіндік алды. Бірақ, олардың да қала орталығына орналасуына рүқсат берілмеді.
VI ғасырдың 60-70-жылдарында да театр труппалары-ның түрақты ғимараты жоқ еді. Олар өз ойындарын қонақжайлар ауласына көшпелі сахна орнатып көрсе-тетін. Граф Лестер атындағы труппаға талантты актер-лер жиналды. Оларды қабілетті актер Джемс Бербедж басқарды. 1576 жылы Бербедж Лондонның солтүстік бөлігіндегі Темза өзені бойына алғашқы түрақты театр ғимаратын салады. 1577 жылы «Куртина» театры бой көтереді; осыдан соң қаланың оңтүстік бөлігінде тағы 3 театр салынады. 1599 жылы Ричард Бербедж жетек-шілігінде осы жерде ағылшын және дүниежүзілік дра-матургияны Шекспир шығармаларымен байытқан «Гло-бус» театрының ғимараты салынды. Ғимарат алдына Жер бейнесін көтеріп түрған алып Дәудің мүсіні орна-тылған еді. XVI ғасырдың еоңына қарай Лондонның өзінде 9 театр жүмыс істеді.
Осы кезде пайда болған жеке, сондай-ақ халық театр-лары қүрылысы жағынан қазіргі театрлардан өзгеіпе бол-ды. Көптеген халық театрлары жүмыртқа пішінінде бо-лып, оның айналасы биік тақтайлармен қоршалды. Ғима-ратта терезелер жоқ, үсті жабылмағандықтан барлық жағынан жарық түсіп түратын. Ойындар күндіз көрсеті-летін. Қарапайым халық ғимарат «ауласында» (партер-де) ойындарды аяқтарынан тік түрып тамашалайтын. Қабырғаларды бойлап созылған үш ңабатты галереяның үсті жабылып, оған орындыңтар ңойылды. Галереяның төменгі ңабатында лауазымды, дәулетті адамдарға арнал-ған ңымбат ложалар орнатылды. Сахна ңүрылысы да өте ңарапайым еді. Ол таңтайдан жасалып, ңорғанның көрінетін жеріне орналастырылды. Кейбір театрларда сахна перде арңылы алдыңғы, ішкі және жоғарғы бө-лімдерге бөлінді; алдыңғы сахнада, негізінен, ашың жер-де болған оңиғалар көрсетіліп, ішкісінде үй ішіндегі, ал жоғарғы сахнаны биік жер мен тауларда болған оңиғалар-ды көрсету үшін пайдаланды. Декорация мен жиһаздар да ңарапайым болды. Ыдысңа орнатылған ағаш — орман-ды, стаңан ңойылған үстел — шарапхананы, ңара кілем -түнді, ал аң кілем күндізгі мезгілді білдірді. Сахнаның нағыз-декорациясы көрерменнің оңиға болған жер тура-лы пікіріне байланысты еді. Сахнада безендірулердің аз-дығы көрерменнің актер әрекетіне назарын арттыра түсетін. Актерлердің киінуі де шартты характер туғызып, тарихи талапңа аз көңіл бөлінген.
Театрларда актерлер жетіспегендіктен бір актер бірнеше рөлде ойнады. Қатысушылары көп болған пье-саларда әуесңой жастар да ңатысып отырған. Әйелдер рөлін кәмелетке толмаған ер балалар ойнаған.
«Глобус» театрының демократиялың мазмүны оның халыңшылдығымен, репертуарының жан-жаңтылығы-мен және ңоғамдық өмірді шынайы бейнелеуі арңылы белгіленеді. Бүл театрдың үлкен даңңқа бөленуінде үлы драматург Шекспирдің ңызметі ерекше болды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.