Драмалық жанрлар

Главная » Рефераттар » Драмалық жанрлар

Орта ғасырларда Францияда тұрмыстық мазмұндағы театр негізінде алғашқы комик театрлар пайда болды. Күлкі элементтері драманың жаңа түрлері болған мистерияларда, әсіресе миракльдерде ерекше көріне бастайды,
Комик театрлар халық ауыз әдебиетіне тән болған қызықты ойындарды қамтыды. Шіркеу тарапынан демократиялық әрекеттер тұншықтырылып жатқан сол дәуірде тұрмыстық пьесаларды сахнаға шығару өте ңауіпті еді. Сонда да Адам де Ла Алдың (шамамен 1238-1286 жылдары) түрмыстың мазмүндағы екі кіші пьесасы өз дәуірінде үлкен даңңңа бөленді. Ол «Шшіон-дағы ойын» атты пьесасында ңала жәрмеңкесіндегі түрлі адамдар — қаңғыбас монах пен есуасты емдемекші болған тәуіп, шарапханадағы маскүнем және басқалардың өмірін шынайы бейнеледі. Шығарма комик пьеса — фарс жанрына жаңын үлгіде жазылған. «Робин мен Марион туралы ойындар» пьесасы қарапайым және өткір тілде жазылған шығарма болды, онда француз шаруаларының өмірі мен әдет-ғүрыптары өзінің шынайы көрінісін тапңан. Аяр, арсыз Обер сері Марион есімді қызға көз салады. Марион шопан жігіт Робинді сүйеді. Сері ңызды алып ңашып бара жатңанда, шаруалар оны ңүтңарып ңалады. Осындай көріністер арңылы ойын-күлкі басталып кетеді. Бүкіл пьесаның дамуында автор ғашың жастар жағында болып, арсыз серіге ызамен ңарағандығын аның байңаймыз.
Әлемдік мәдениеттің ілгерілеуі нәтижесінде қалалардағы комик театр өнері өте шапшаң дамыды. Франция-да білімді жастардан ңүралған көңілді актерлік топтар («Базой яки Базилика» және «Бейғам балалар») пайда болды. XV ғасырда діндарлар ертеден келе жатңан «Тен-тектер мерекесі» атты тамашаны жойды. Біраң бүл ак-терлардың дәстүрлерін «Бейғам балалар» тобы жалғас-тырды. Олар «тентектер князін» өздеріне басшы ңылып сайлап, үстеріне шебер сайңымазаңтар сияңты үзын, кең шапан, сүйір ңалпаң киіп, ңолдарына шекілдек үстап, халың алдында өз өнерлерін көрсеткен.
Фарс пен соти. «Бейғам балалар» тобы екі драмалың жанр — фарс пен сотиды («тентектік» тамаша) ңолдады. Осы дәуірге тән болған драмалың жанрдың бірі фарс өзінің даму бағыты және сатиралың рухымен фабльоға өте жаңын келеді. Фарс XIII ғасырда туды және оның гүлденген дәуірі ХІУ-ХУ ғасырлар болды. Тіпті, Қайта өрлеу дәуіріндегі комедия да оны сахнадан ығыстырып шығара алмайды. Фарс XVI ғасырда да жалғасты және болашаң классика-лың комедияның дамуына белсенді түрде ыңпал етті.
Фарстың сюжеті — күнделікті өмір. Ол түрмыстың өзекті оңиғаларды алып, ащы күлкі арқылы ңоғамдағы кейбір топтардың кемшіліктерін әшкереледі. Хайуанат-тар туралы сатиралың эпос — «Түлкі туралы роман» си-яңты мүнда да ептілік, тапңырлың кімнің ңатысына қарай я мадақталады, я сынға алынады. Фарстың күлкілі эпизодтан басңа үлкен ерекшелігі жеке әрекеттерге емес, дайын типтер — маскаларға сүйенуінде. Олардың масқаралауына айлакер монах, сауатсыз, дүмше емші, өсекші, жанжалкеш әйел, мылжың адвокат, мақтаншақ солдат, т.б. нысана болады. Фарстарда, әсіресе, маекү-нем бүзық поп, феодалдық өзара қырқысулар, ақшаға қүмар бай және жемқор соттар қатты сынға алынады. Ақсүйектерге және діндарларға қарсы мазмүндағы фарс-тарда қарапайым адамдардың әрекеті мен мүдделері қор-ғалады.
XV ғасырдың екінші жартысындағы комик қойы-лымдардың бірі -<«Адвокат Патлен» туралы фарс. Онда жаңа туып келе жатқан буржуазияға тән болған жағдай-лар көрініс тапқан.
Айлакер адвокат Патлен саудагер байды алдап, несие-ге ақша алады. Саудагер ақшасын өндіріп алу үшін адво-каттың үйіне барғанында, ол өзін өлім халінде жатқан науқас етіп көрсетеді. Бай ақшасын ала алмағанына қай-ғырып, үйіне қайтады. Мүның үстіне «жығылғанға жүдырық» дегендей, саудагердің шопаны бірнеше қойды базарға апарып сатып жібереді де, келген соң «өліп қалды» деп сылтау айтады. Ашуға булыққан қожайын батырақтан қойдың қүнын жылдам төлеуді талап етеді. Болмаса оны дарға асатындығын айтады. Бүл хабарды естіген адвокат шопанмен кездесіп, оны сотта қорғағысы келетіндігін білдіреді және ақыл-кеңес береді. Шопан берілген сүрақтарға қой сияқты маңырап жауап кайта-руы тиіс екендігін, қалған жағын адвокат өзі рет-тейтіндігін, бүл үшін шопан еңбекақы төлеу керектігін ескертеді.
Шопанның ісі қарала бастайды. Соттың сүрақтарына шопан «бе-бе» деп жауап береді. Адвокат сөз алып «бүл адам жануарлар арасында көп жүргендіктен тілді үмы-тып қалған, ол тек қойдың тілін ғана түсінеді» деп, шо-панды қүтқарады. Мүндай күтпеген жағдайдан сауда-гер сасқалақтап, не істерін білмей қалады. Сот та амал-сыз шопанды босатып жібереді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.