Дуалау

Шынында дуа сөзі айтуға оңай болса да оның ғылыми түп тамыры әлі толық дәлелденбей келеді. Сонда да «дуа жасалыпты, дуаланыпты» деген сөз халық арасында жиі айтылады. «Ісім алға баспады, жолым жабылды, үй ішімізбен ауру-сырқауға ұшырадық, ерлі-зайыптылар арасы бұзылды, көңілім көтерілмей желкемнен бір нәрсе басады, ұйқым қашты, қорқыныш пайда болды» дегендер көбеюде. Өзін өлімге қиюшылар да аз емес. «Мен пәлен көкемді, апамды, ұстазымды көрмесем тұра алмаймын» дегендер де баршылық. Өз жанұясынан безіп жазықсыз, балаларын жетім, жарын тұл еткен ерлер мен әйелдер де көбеюде. Өз тапқанының бәрін бата бергеннің колына ұстатып, ақшалай қаражаты мен бүкіл мал-мүлкіне дейін айырылғандар да жетерлік.
Сонда бұларды бір-біріне байлаған ненің күші? Неге дені сау адам аяқ астынан дәрігерлердің емі қонбайтын ауруға душар болады? Неге аяқ астынан адамдар дел-сал болып бүкіл денесін қозғалта алмай қалады? Неге белгілі бір ағзасына зақым келіп, ол адам ауыр зардап шегуде? Осындай ауру түрлерін арнайы тудыратын арам ниетті, адамның денесіне кері энергия (қара) бағыттап дуа жасайтын дуашылар бүгінде көбейе бастады. Олар өздерінің ойларын діннің атын жамылып, кері әсер беретін, адамнын денесіндегі негізгі нұр көздері — нүктелерін зақымдайтын дұғаларды оқып, аралықтан ой арқылы (телепатиялық әдіспен) бағыттайды. Бұдан басқа дуашылар адамдарды дуалауды оның суреті аркылы, үй айналасына, есік алдына әртүрлі заттарды кері оқып тастап кету мен шашып кету арқылы да жүзеге асырады. Кейде киімдеріне кері окып ине, түйреуіш қадап, шегені иіп тастап «жүрегіне қадалсын, шегедей бүктеліп қалсын» деп — сау адамды сол жағдайға әкеледі. Шайға, қантқа кері дұға оқып дем салады. Ішетін тамақка, сусынға, шарапқа т.б. тағамдарға да кері дұғалық дем салады. Қарсы адамның бір тал шашын ептеп алып оны кері оқып тастап, жазылмас бас ауруына душар етеді. Осындай кері окылған киімдерді кигендер мен тамақты ішкендердің денесі ауырлап, дел-сал болып, көңіл-күйі біртіндеп төмендей береді. Денелерінде жазылмас жаралар, мүшелерінде күтпеген зақымдық, кемтарлық пайда болады. Қысқасы айналма мал сияқты ауруға ұшыраған адам, өзін дуалағанның торына түсіп, дегенін істеп, оған өмірлік азық тауып берушіге айналады. Бұндай адамдар дуашыны көруді аңсап тұрады. Кейде барғысы келмесе, оны дуалаушы өзі-ақ аралыктан әсер етіп шақырып алады. Дуа — ол ауру. Дуаланған адамның денесінің ғарыштан нұр қабылдайтын нүктелері жартылай, кейбіреуі толық жабыла бастайды. Денедегі қан айналымның жылдамдығы мүшенің әр бөлігінде әр түрлі болады. Денедегі бір-бірімен қоректік қатынастағы ткандардың қызметі нашарлап, тұйықталып, адам ағзаларының электр зарядын бөлуі нашарлайды. Адам денесіндегі нүктелер қызметі төмендейді, денеден сыртқа бөлініп шығатын әрі қорған болып қоршап тұратын өңі әртүрлі сәулелер (аура) көлемі азаяды. Ойлау қабілеті бұзылып, есінен адасады. Өліп кетуі де мүмкін. Дуа жасалғанын алғаш білмей, денесіне кері (қара) энергия өтіп кетіп, содан о дүниеге аттанғандардың бары бұрыннан белгілі болған. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген қағидаға сай, дуаланған адамның кері қуаты оның жанұясы мен жақын қатынастағы адамдарын да зақымдайды әрі алғаш жеңіл, одан кейін ауыр ауруға душар етеді. Кейбір өзіне сенімсіз, денсаулығы осал әрі көп нәрседен секем алатындар дуашының торына тез түседі. Олар кейде өте күшті дуа алғандардың жанында болғанда дуаны өзіне қабылдап алуы да мүмкін. Дуа жасайтын дуашылар бір жанұяда бір адамды өз торына түсірген соң (біздің елдегі баска дінге қандастарымызды кіргізіп жатқан миссионерлердің көбі, осы кері әсерлік дуа күшін пайдаланады), оның ең жакын жанұя мүшелерін, ағайындарын, тіпті жолдас-жораларына дейін білуге асығады. Олар ниеттерін білдірмеу үшін жакындарымен арақатынасқа өте шеберлікпен көшеді. Сөйтіп дуашы олардың өзіне деген сенімін орнатып, одан әрі өз мақсатын жүзеге асырады. Осындай айлакерлікпен қызылордалық С. деген әйел алматылық «Алмагүл» мөлтек ауданының бірнеше тұрғынын өз сеніміне кіргізіп, олардын долларларын алып тайып тұрған. Бүл жөнінде зардап шеккендер маған 1996 жылы хабарлады. Дүашылар көбінесе бай адамдарды іздейді. Коммерсанттар мен бизнесмендерге жақын. Атақты адамдар мен үлкен жауапты қызметтегілермен де олардың жанұя мүшелері мен жакындары арқылы тез танысуға жол табады.
Көптеген байлар Өзбекстаннан келген дуа жасаушы емшісымақтардан бата аламын деп (Жамбыл, 1994 ж.) жолдарының байланғанын сезбей қалды. Әр нәрсенің себеп-салдары бар. Егер ғылымда анықталмаса біз дуа жөнінде жазбас та едік. Ол касиетті Құран мен баска діни кітаптарда да ашық айтылады. Десе де, көшеде тұмар деп сатқандардан тұмар алып жаманшылыққа да ұшырағандар кездеседі. Ол қалай десеңіз, осындай тұмарлардың арнайы сырткы биоөрісін тексеретін қарапайым құралмен тексергенде құрал кері әсер бағытын керсетті. 1990 жылы қыста маған Өскемен қаласынан жиырмадан жаңа асқан бір студент қыз келіп каралды. Ауруы — су ішпейді. Суға түспейді. Судан өзі өте алмайды. Туыстары оның көзін байлап жуындырады, судан көтеріп әткізеді. Бірак, басқа сұйық ішкенімен таза суды көріп тұрып ішпегенше он бес жылдан асқан. Жас қыз бес жасында анасымен қонақта болғанда дастарқан басындағы бір үлкен кісіге қылығы ұнамаса керек. Әлгі шал жас нәрестеге су ішкізеді. Сол күні ертесінен ол «судан қорқу» ауруына душар болады. Арада қанша жыл етсе де ем қонбайды. Құдай сәтін салды ма, алғаш келгенде суы бар ыдысты қолына ұстаудан қорқатын студент қыз бір сағаттан аса қарсылық білдіріп барып, денесі қалтырап, әрі үрей пайда болып, әрең дегенде бір стакан суды ішті. Суды ішіп болып: «Аға, су кандай тәтті, тағы бір стакан су беріңізші» — дегені. Сонымен, ол жазылып еліне қайтты. Ол кезде менің тәжірибем аз еді.
Аурудың көбі дуаланғаннан, сиқырланғаннан, көз бен тіл тигеннен болатынын ата-бабаларымыз ертеден білген. Оған қарсы ем-домын жасау жолында тапқан. Ал қазір таза діни дуаланғанның денесіндегі дуасын ала алады. Дуа тұқым қуалайтын ауру. Егер дер кезінде дуа алынып тасталмаса, ол ұрпақ куалап кетуі мүмкін. Дүниеге келген жас баланың ата-анасының бірінде немесе екеуінде дуа болса, жас нәрестенің денесінің кедергі күші аз болғандықтан ол да әлсіз дуалы дүниеге ие болып туады. Дуа қайтарылғанда ол дуа жасаған кісінің өзіне кері қайтады. Егер ол өліп кетсе, оның дуасының зардабын ұрпағы көреді. Дуашылар мәңгілік қиратушы багындырушы және жеңімпаздар емес. Дуашылар мен сиқыршылар ұқсас, кейде бір адам болуы ықтимал. Дегенмен, іліміне карай олар да нағыз дуашы, сиқыршы немесе екеуіне де ортақ болып бөлінеді. Дуашылық та тұқым қуалайтын дерт. Олардың ішінде жасанды шәкірттік жолмен дуалық ететіндер де бар. Бұлардың көбі адамдарды жыланша арбап, алдап, өзінің кері қуатын оған жіберу арқылы өзіне сенімін арттырып, басын айналдырып алады. Әсіресе оңтүстіктегі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында дуашылар ордасы жетерлік. Басқа жерлерде де құр алақан емес, олардың да қатарлары өсе түсуде. Ал ауру адамдарды әулиелі жерлер мен киелі кесенелерге арбап апарушылар нағыз пайдакүнем «Зомбилар». Бүгінде өз жанұясы ішінде де, жақынына да дуалық жасайтындар да баршылық. Енді олардын «жасанды» дуашы шәкірттері республиканың басқа аймағындағы жерлерге де тарай бастады. Мен бірінші рет 1992 жылы 7-9 мамырында Шымкент қаласында арнайы карсыластардың ұйымдастыруымен дуашылардың қарсы күшіне жолықтым. Маған әсері онша болмағанымен, (мен алдын-ала біліп, қорғаныс жасадым), жанымдағы бірнеше ондаған адамдарға ауыр тиді. Көптеген адамдар есік алдында тұз, құм, топырақ шашылып қалатыны, одан секем алып ауырып қалатындарын жыр етіп айтады. Басқа да түрде жаманшылыққа іліккендерін баяндайды. Бұдан секем алудың қажеті жоқ.

2 thoughts on - Дуалау

  • Саламатсыз ба! Мен бир келиншекпен урыска келип калган ем, ол айел маган басынды окытам,4 айдан сон ауырып олесин деди. Менин еки кишкентай кызым бар, турмыстам, жасым 28де. Енди кайтем, бойымды урей билеп алды

    • Үрейге жол бермеңіз, еш қорқудын қажеті жоқ. Өйткені мұндай нарсе адам қолынан емес, тылсым күштердің де қолынан келмейді. Бірақ сол келіншекпен татуласқаныңыз дұрыс болатын шығар.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.