Дулат Бабатайұлы, Он бес деген жас қайда?

Home » Рефераттар » Дулат Бабатайұлы, Он бес деген жас қайда?
Рефераттар Комментариев нет

Он бес деген жас қайда?

Жарға ойнаған лақтай.

Қайда кеттің жиырма бес,

Тастан шыққан бұлақтай?

Жиырма бес бар ма маңайда,

Жайқалған жасыл құрақтай?

Отыз кеттің алыстап,

Толықсыған сынаптай

Отыз бес, неге келмейсің,

Көз іздетіп жылатпай?

Қырық астың кезеңнен,

Суырған қыннан қынатпай.

Қырық бес шықтың кезеңге,

Маң — маң басып бұла аттай.

Елу қондың ауыл үй,

Тізгіндеп ұстап құлақтай.

Алпыс келдің арсаңдап,

Нөсер жауған ылаттай.

Жетпіс қараң көрінді

Тұрсам — дағы ұнатпай.

Сексеннен алған хабардың

Ызғары тұр шыдатпай.

Көргім келмес тоқсанды,

Келіндерге сынатпай.

Жүз, сірә, мені қоймассың,

Қараңғы көрге құлатпай.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.