Дж. Вашингтонның өмір жолдары

Главная » Рефераттар » Дж. Вашингтонның өмір жолдары

«Екі аяқты, жұмыр басты пенде – ғажайып құбылыс. Дүниеге келген əр адам əлем театрында өзі кейіпкер болып өмір кешеді. Ал сол кейіпкер тұлға болса — өмір театрының құдыреті» деген екен тарихшы, академик М.Қозыбаев[1, 4 б.]. Халық басына күн түсіп, қиын-қыстау кезең туғанда ғана тұлға өзінің көсемдігімен, ақыл-парасатымен, əділдігімен танылады. Ол «тарих» деген дарияны еркін малтып өтіп, өз тұғырына қонады. Мұндай тұлғалар тарихта күнде тумайды. Туғанның өзінде бұқара халықтың арасынан үлкен аренаға анда-санда ғана атылып шығады. Міне, кішіліктен ұлылыққа жеткен алып тұлғалардың бірі — американ мемлекеттік қайраткері, тəуелсіздік үшін күрес жүргізген əскер қолбасшысы, АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон. АҚШ тарихындағы елеулі орын алған адам жайында толығырақ тоқталып кеткен жөн болар. Джордж Вашингтон (Washington) 1732 жылы 22 ақпанда Виргиния штатында Уэйкфилдта дүниеге келді. Виргиния штатында оның төртінші ұрпағы тұрып жатты. Мектепте оқып білім алды. Он бір жасында əкесі Августиннен айрылды. Оның əкесі темекі плантациясын басқарған еді. Оны асыранды ағасы Лоуренс тəрбиеледі. Ол 1752 жылы Потомак өзені бойындағы Александрия түбіндегі Маунт Вернон меншігін мұраға алды. Өзінің көршісі Фэйрфекс лорды Томасты жетекші қылып алды[2, 57 б.].

1752 жылы жергілікті жасақтың майоры атанды. Жетіжылдық соғыс кезінде француз əскерлеріне қарсы əскери қимыл ісінде көзге түсіп полковник шенін иемденді. Генерал Эдвард Брэддоктың көмекшісі ретінде қызмет жасаған ол өлімнен аман қалды. Төрт оқ оның пальтосының быт-шытын шығарды жəне астындағы екі ат қаза болды. Оның батырлығы мен қайраттылығы оған тек соғыс майданында ғана қажет болмады. Ол əскери офицер ретінде британ офицерлеріне бағынуы керек болды. 1759 жылы Вашингтон əскери қызметтен кетіп екі баланың анасы, жесір əйел, оған қоса өте бай жəне 150 құл иеленген Марта Дендридж Кастиске үйленді. Оның өзінде бала болған жоқ, сондықтан ол Мартаның бірінші күйеуінен қалған ұл мен қызды тəрбиелеуді қолына алды.

1758-1774 жылдары Вашингтон Виргинияның заң шығаратын кеңесіне сайланды. Ол Ұлыбританияның отаршылдық саясатына қарсы болды. Британ тауарларының енгізілуіне қарап отырмады. 1774-1775 жылдары Континенталды конгресінде Виргиния өкілдерінің бірі болды[2, 58 б.]. Жақында Вашингтон метрополиямен келісудің пайдасы жоғын түсінді. Бірнеше көтерілістерден кейін əскери киімге оранды. 1775 жылы маусымда əскердің жоғарғы қолбасшысы ретінде сайланды. 1775-1783 жылдар аралығында Солтүстік Американың тəуелсіздік соғыстарында əскерді басқарды. Ол түк жоқ жерден əскер құрып, Бостон қамалынан бастап 1781 жылғы Йорктаундағы ағылшын əскерінің тізе бүгуіне дейінгі ұзақ жолды өтті. Ол еңбегі үшін конгресс оны алтын медальмен марапаттады[3, 7 б.]. Барлық соғыс кезінде Вашингтонның негізгі мəселесі əскерді қару-жарақпен қамтамасыз ету болды. Барлық саяси сұрақтарды Конгрестің шешуіне беріп отырды. Содан кейін ғана өзінің сенімді адамдары Нью-Йорктағы Александер Гамильтон жəне француз маркиз де Лафайетпен талқылап нақты шешім қабылдап отырды. Оның ойынша, шайқастағы тек қана жеңіс британдықтардың берілуіне əкеледі деді. Оның көрінісі Виргиниядағы Йорктаунда айқын болды. Вашингтонның француз əскерімен жəне флотымен жоспарының нық болуы, 1781 жылы 19 қазанда 7 000 жауынгермен соғысқан генерал Корнваллистің тізе бүгуіне əкелді[3, 127 б.]. Бұл жеңіс қарым- қатынас жасауға жол ашып берді. Екі жылдан соң бейбітшілік келісіміне қол қойылды. Йорктауннан кейін офицерлер арасында Конгресс жоғарғы билікті диктаторға беріп қояды деген сыбыс жүріп жатты. 1783 жылы наурызда Вашингтон офицерлік корпусқа барып, əскери биліктің саяси билікке бағынышты екенін халық алдында жариялады. 1783 жылы 23 желтоқсанда Аннаполис қаласында салтанатты түрде билікті Конгреске берді[4, 4 б.]. Міне, сонда Вашингтонды офицерлік достастық Цинциннати Қоғамының президенті етіп тағайындады. Бұл қоғам европалық аристократиялық қоғамды білдірді.

.

1786 жылы күзде Массачусетсенің батысында Даниел Шейстің басшылығымен фермерлер Бостон үкіметіне қарсы көтеріліске шыққанда, ол өзінің көптеген жақтастарын қарсы тұруға шақырды. Ол орталық үкіметтің күшеюінің жақтасы болғандықтан, Конституциялық конвенттің президенті болып сайланды. Филадельфиямен келіссөздер жүргізіп, 1787 жылы мамыр мен қыркүйек айы арасындағы уақытта АҚШ-тың Конституциясын жасап шығарды. Вашингтонның əйгілілігі жəне шүбəйсіз беделі елдің президенті орнына меңзеді. Ақырында 1789 жылы 30 сəуірде президент болып сайланды[5, 103 б.]. Вашингтон сайлау алдындағы күреске қатысқан жоқ, ол Маунт Вернонда тосып отырды. 1789 жылы қаңтардың басында сайлау коллегиясының мүшелері таңдалып, 4 ақпан күні Вашингтонның президент болуын құптап, бірауыздан дауыс берді. Дауыс саны бойынша екінші орынды Джон Адамс иемденді. Ол вице-президент орнына отырды. Вашингтонның Маунт Верноннан Нью-Йорктағы Конгресс резиденциясына сапары салтанатты шеруге ұқсас болды. 1789 жылы 30 сəуірде Нью-Йорктағы Уолл Стрит көшесіндегі Федералды Залда Құрама Штататарының бірінші президенті қызметіне салтанатты түрде тағайындалды[2, 61 б.].

Бұл орында Вашингтон конституцияны өмірге тиімді етіп жасап, билік органдарының, АҚШ-тың саяси билігінің құрылуына ықпал жасауды көздеді. Вашингтон өзінің бірінші үкіметіне қарсылас саяси топтардың лидерлері – республикашыл Т.Джефферсон мен федералист А.Гамильтонды қойды. Ол өзінің министрлері Александер Гамильтон (қаржы), Томас Джефферсон (халықаралық істер), Генри Нокс (əскери істер) жəне Эдмунд Рэндольф (юстиция) сиқяты адамдардан тыңғылықты кеңес жəне көмек тосты. Вашингтонның бұл қызметке келуі Гамильтонның Конгреске мəлімдеген ұлттық экономикалық жəне финанстық бағдарламасын іске асырушы ретінде көзге түсті. Президент заң істеріне тіпті араласқан жоқ. Алайда мемлекеттік қарыздарды жəне бірыңғай ақша жүйесін қамтамасыз етіп отырған штаттардағы тəуелсіз финанстық федералды үкіметтің финансыға қатысты жауап беретін өзінің хатшысының көзқарасына бағдар жасап отырды. Гамильтонның бағдарламасының негізі ұлттық банкіні құру еді. Бұл банк мемлекеттік финансты бақылап, экономикалық дамуға инвестициялық капитал құйып отыруы керек деді. Бұл əрине конституция бойынша келіспеушілік тудырды. Себебі, шет елдер істері министрі Джефферсон Вашингтонға арнаған нəтижесінде ұлттық банк құрудағы Конгрестің құқығын даулады. Гамильтонның келтірген аргументтері бойынша Конгресс жұмысы тек конституциядағы белгіленген міндеттермен шектеліп қалмауы керек екенін түсіндірді. Оған қоса, Конгресс ұлттық банк құруда конституцияда көрсетілген жалпыға маңызды компетенцияларына сүйене алады деді. Вашингтонның конституциядағы «кең интерпретациясына» қосылғасын, 1791 жылы ақпанда банктар жайында заңға қол қойды. Сондықтан Гамильтонның арғы мақсаты қамтамасыз етілді. Федералды мемлекеттің баж салығы жəне жай салықтар арқасында, оған қоса доллар сияқты бірыңғай валютаны енгізуде негізгі фундаменті болды, ол соның арнасымен қарыздары болса да дами алды. Вашингтон Гамильтонның отандық мануфактураларды ынталандыру арманын қолдады. Оның негізгі себебі, Құрама Штаттарын Европадан экономикалық тəуелсіз ету[6, 46-61 бб.].

Келесі үлкен жетістік Мэдисон арқылы Конгрестен өткен жəне 1791 жылғы конституцияға алғашқы он түзету енгізілген құқық декларациясы (құқық жайлы Билль) болды[3, 130 б.]. Вашингтонды сескендірген үндістерге қатысты мəселе болды, олар оңтүстік-батыстан төніп келе қоныс аударушылар испандықтардан, солтүстік- шығыстағы британдықтардан қорғаныс іздеді. Президент жергілікті тұрғындармен шынайы қатынастың болуына, ассимиляцияға даяр екеніне сенді, жеке өзі олардың көсемдерімен келіссөздер жүргізді. Алайда, оның империясына жеке тайпалардың қауіпі төніп тұрғанда, ол түп-тамырымен құртуды ойлады. Қару-жарағы шамалы жəне нашар басқарылған американдық экспедициялық əскері 1790 жəне 1791 жылдары Огайо жазығында үндістерден жеңіліп қалғанда, ол жоғарғы басқарушы ретінде өзін кінəлі санады. Сондықтан бірнеше жыл өткен соң генерал Энтони Уэйн Эри өзенінде одақтық солтүстік-шығыстық үндістер тайпаларын жеңгенде, Вашингтон бір жеңілденіп қалды. Сосын 1795 жылы Гринвиллде Огайо аймағында бейбітшілік келісімі арқасында Құрама Штаттарының осы аймақтағы егемендігін қолдады.

Аграрлық шаруашылықты көздеген шетел істері министрі Гамильтон Вашингтонды аристократияға немесе монархия бағыт алды деп айыптады. Джефферсон Мэдисонды газет бетінде жарық көріп жатқан осындай анонимді мақалаларға қарсы күресуге шақырды. Оған қарсы Гамильтон өз қарсыластарын Құрама Штаттар территориясында «француздық жағдай» туғызбақшы деп айыптады. Мұнымен «аса толық ынталанбаса да», вице-президент Адамс келісті. Джефферсон позициясын оңтүстік штаттардың тұрғындары , ал Гамильтон мен Адамстың позициясын Нью-Йорк пен Жаңа Англия қолдады. Тағы да оны көндіру үшін достарының көмегі қажет болды. Вашингтон өзінің қолындағы бар күшінің əлсіреп кетіп бара жатқан жағдайын тек одақтың ыдырауы шыңдайды деп ойлады. Оның көркемділігі мен абыройы түскен жоқ. Оған дəлел ретінде 1792-1793 жылдары өткен сайлау коллегиясының мүшелері арасындағы Вашингтонға бір ауыздан дауыс берулері болып табылады[7, 86 б.]. Людовик XVI өлімінен кейін екі жұма өткен соң 1793 жылғы 4 наурыздағы өзінің екінші инаугурациялық сөйлеуінде, Вашингтон басқарудың конституциялық формасы «Американың түп-тамырына» негізделу керек деді. Кариб теңізімен жəне Европамен сауда-саттық британ жəне француз флоттарының жағдайына байланысты болады. Шекарадағы əскер аз шоғырланған жерлерде, ол Миссисипи маңында испандықтармен жəне Огайо жазығында британдықтармен қақтығыс болады деп көзделді. Бұл жайында Вашингтон 1793 жылы 22 тамызда Құрама Штаттарының бейтараптығын жариялады. Ол АҚШ-тың француз революциялық үкіметін қолдап, 1778 жылғы американ-француз одағының дұрыс екенін түсіндірді. Ең алғашында мұнымен барлық министрлер келісті, кейіннен барлығы шашырап кетті. Ол кезде Гамильтон британ жағын қолдаса, Джефферсон американдықтардан көмек сұраған Жене деген елшісін қолдады. Тек қана Вашингтон өзі ойлаған бейтараптықты нық ұстап отырды. Түп соңында Джефферсон шетел істері министрі орнын босатады.

Себебі, британдықтардың бейтараптықты бұзатындары көбейіп Англиямен соғысқа əкеп тақады. Вашингтон 1794 жылы мамырда Джон Джей елшіні Лондонға өте қауіпті сұрақ бойынша жібереді. Президент өз елі ішінде ауыр дағдарысқа ұшырады. Пенсильванияның батысында жəне бірнеше көршілес штаттарда Гамильтонның финанстық бағдарламасы бойынша Конгресс енгізген салықты фермерлер төлеуден бас тартты. Гамильтон əскери күшті кеңінен қолданып шешпекші болды. Ал Вашингтон болса келіссөздердің барлығын жойды. Тек қарсыласу ядросы саяси бөлектенгенде, Вашингтон мен Гамильтон бірігіп, 1794 жылы қазан айында 3 мың əскермен Филадельфиядан батысқа беттеді. Мұндай əскери күштің келе жатқанына байланысты шайқас басталмай жатып аяқталды. Көшбасшылары өлім жазасына берілді, кейіннен Вашингтонның өзі кешіріп босатып жіберді. Президент 1794 жылы 19 қарашадағы сөзінде АҚШ-тағы якобиндік клубтардың негізінде құрылған 30 демократиялық қоғамдар «бөлінбейтін одақтың» көтерілістері мен қаупіне жауапты деп жариялады[7, 92б.]. Осылайша, əкімшілік солтүстік штаттардың саясаткерлері басқаратын федералды партиялық үкіметке айналып бара жатты. Ең даулы қызметкер Александер Гамильтон 1795 жылы қаңтарда отставкаға кетті. Бірақ оның кетуі Вашингтонның жалғыздық сезімін толғандыра түсті.

Бір-екі айдан соң Лондондағы Джон Джей саудаласып келіскен Англиямен келісім дау туғызады. Бейбітшілікті сақтап қалу үшін аса қауіпті сұрақтар бойынша елші британдықтарға бірнше пунктте келісім берген. Мысалы, 1783 жылғы келісім бойынша контрабанданы анықтау жəне бірнеше ашық сұрақтар жайында. 1795 жылы маусымда ратификациядан кейін сенат Джейдің келісімін басып шығарғасын наразылық туа бастады. Алайда, Вашингтон жəне оның үкіметі қарсы тұра алды. Республикандықтар үкіметті француздармен одақты бұзып, британдықтарға тəуелді болып қалдыңдар деп айыптады. Вашингтонның өзі де уайымдай бастады. Бірақ та тамыздың ортасына қарай келісімге қол қойғызды. Оның сенімсіздігі кең тарала бастады. Ол шетел істері министрі Рэндольфті француздармен құпия шарттасып жүрсің деп айыптады. Партиядағы дау-жанжал өрши түсті. Республикалық газетшілердің назары осы мəселеге ауды. Олар тіпті Вашингтонды жылына мемлекет есебінен 25 000 доллар өз мүддесіне жолдайды деп айып тақты[2, 73]. Шынында да, президент жалақысынан өзінің хатшысына, барлық үй қызметшілеріне, іс сапарларына төлеп отырған екен.

1796 жылы ақпанда Джей келісімі жайындағы пікірсайыс тағы да өрши түсті. Себебі, келісімдегі келеңсіз жайттарға қаражат жұмсауға өкілдер палатасының республиканшылары қарсы болды. 1796 жылы 28 сəуірде өткен сайлау кезінде палатаның республикалық спикері, шығу тегі неміс Фредерик Муленберг берілген дауыстардың тең болуында өз дауысын қаражат бөлуге берді. Осылайша, дау-жанжал жұмсартылды. Келісім нақты күшіне енген соң, париж Директориясы 1778 жылғы альянсты бұзды. Вашингтонның ерекше істер жөніндегі елшісі Томас Пинкни 1795 жылы қазанда испан үкіметімен өте пайдалы келісімге келген болатын. Оның негізі Миссисипи арқылы су жолымен американдықтардың емін-еркін жүруіне жəне олардың тауарын Жаңа Орлеан арқылы ешқандай салықсыз өткізу болды [2, 74 б.].

.

Бұл орындағы екінші мерзім «дағдарыстарды басқару» болды. Вашингтонның нейтралитет сақтауы американдықтарға бейбітшілік əкелді. Құрама Штаттарының позициясын американдық континентте нығайтты жəне экономикалық өрлеуді ынталандырды. 1796 жылдың көктемінен бастап оның американ халқымен қоштасу уақыты болды. Дереккөз ретінде 1792 жылғы Мэдисон жасаған пунктті Гамильтонның көмегі арқылы қайта жасап шығарды. 1796 жылғы 19 қыркүйектегі газет беттеріндегі басылып шыққан бөлімдер Вашингтонның өзі жасағаны анық болды. Вашингтон өзінің тақ мұрагерінің сайлауына аса назар аудармады. Вице-президент Адамс Джефферсонға қарсы тұра алды. Вашингтон сегіз жылдық ел басқаруынан кейін жағымды нəтижелерді қорытындылады. Ойлаған барлық мақсаты орындалмады. Мысалы, президент ұлттық университет құруға шақырды, бірақ бұған Конгресс көнбеді. Ол көп адамға міндетті болды. Ең бірінші Гамильтонға міндетті.

Вашингтон өмірінің ақырғы кезеңін Маунт Вернонде отбасы жəне мыңдаған келушілер ортасында өтті. Экс-президенттің беделі 1798 жылы жаздағы Франциямен қатынастың өрши түсуіне байланысты қажет болды. Вашингтон генерал-лейтенант шенін иемденіп, американ əскерінің жоғарғы басқарушысы болып тағайындалды. Ол қызметіне кіріспей-ақ, дағдарыс басылып қалды. Оның соңғы сөзі Виргиния мен Кентукки штаттарына байланысты болды. Джефферсон мен Мэдисон бұл штаттарға одақтық заңды жоюға рұқсат берді. 1799 жылы 12 желтоқсанда Вашингтон салт атпен қарлы жаңбырдың астында өзінің иелігін қаруға шыққан болатын. Осылайша, оған суық тиіп, ауруға шалдығып 14 желтоқсанда 67 жасында қаза болды. Ол кезде бұл аураға қарсы медицинада емдеу құралдары болған жоқ. 18 желтоқсанда оны Маунт Вернонде жерледі[5, 106 б.]. Осылайша, барша Құрама Штаттарында өткен қайғылы жерлеу рəсімінің бірінде оның досы Генри Ли Вашингтон жайлы былай деді: «первого в войне, первого в мирное время и первого в сердцах его соотечественников»[2, 76 б.]. Президенттің жазып қалдырған өсиетінде өз қарамағындағы құлдардың бəріне бостандық берді. Вашингтон құлдықты тəуелсіздік Декларациясына сай келмейді деп түсінген болатын. Бұл өсиетті оның əйелі Марта Вашингтон 1802 жылы өлерінің алдында орындап кеткен болатын. Осылайша, ол өз парызын орындады. Вашингтонның есімімен елдің астанасы, штат, көл жəне арал, тау жəне шатқал, көптеген қоныстанушы аймақтар, колледждер жəне университеттер, көшелер жəне алаңдар аталды. 1888 жылы АҚШ-тың астанасында тұңғыш американ президентіне арнап жасалынған айбынды монумент ашылды.Оның портреті бір долларлық банкнотада суреттелген.

.

Əдебиеттер: 1. Қозыбаев М. Тарих зердесі (Арыстар тұғыры). 2-кітап. – Алматы: Ғылым, 1998. 280 б. 2. Американские президенты: 41 исторический портрет от Джорджа Вашингтона до Билла Клинтона. – Ростов-на-Дону.1997. -636 бет. 3. Война за независимость и образование США. Под ред. д-ра ист.наук проф. Г.Н.Севостьянова. М., Наука, 1976. 131 бет 4. Айтмұхаметова Ж. 17-18 ғасырлардағы Солтүстік Американ отарларының құрылуының саяси негізі: тарих. Вестник. 2007. 5. Юзефович И.С. Джордж Вашингтон и борьба за независимость Америки, М., 1941. 6. Ленин В.И. Америка жұмысшыларына хат. Шығ., 28-т. 7. Очерки новой и новейшей истории США. М., Госполитиздат. 1956.-562 бет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.