Еңбек әлеуметтануы

Главная » Рефераттар » Еңбек әлеуметтануы

1.Еңбек социологиясының құрылымы мен функциялары, негізгі ұғымдары. 2.Әлеуметтік еңбек мәні және түрлері. Даму кезеңдері мен бағыттары. 3.Еңбектік мінез-құлықтық ниет. Еңбек тәртібі мәселелері. Мамандық мәселелері.

«Адамды адам еткен-еңбек» деп  Ф.Энгельс анықтама берген.  Жалпы еңбек деп — адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай атқарылатын қызметін айтамыз. Қоғамның өмір сүру негізі, адамдардың өзінің қалыптастырудағы шешуші факторы.

Еңбек процесінің негіздері: мақсатты еңбек, еңбек заттары, еңбек құрылымы. Мұның бәрі адаммен қоғамдық араласулар арқылы жүзеге асады. Осыдан адам өз қажеттерін өтеуі пайда болады және өндірістік экономикалық қатынастар жасалады.  Бұл қоғамдық еңбек деп біледі.  Адамның еңбек  ету құбылысы –тарихи процесс.  Бұл жөніндегі тарихи әлеуметтік талдаулар Ф.Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі»  атты  еңбегіндегі  жан-жақты көрсеткен.  Адамның қазіргі биологиялық тұрпайы қоғамдық мәнділік санада өмір сүрудің негізі болады.  Тарихи дамуларда еңбек түрлері өзгеріп отырады, ол қазірде солай. Еңбек биржасы деп- жұмысшы күшін сату, сатып алу кезінде жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық (посредник) қызмет түрін атқаратын мекемені айтамыз.  Алғаш батыс Европада ІХ ғасыр басында пайда болды. Ресейде ХХ ғасырда пайда болған.

Еңбек биржасы бастапқыда буржуазиялық мемлекеттер үшін монополия мүддесіне сай еңбек рыногын жасаған. Әсіресе Англия, Франция, Италияда.   Еңбек мекемелер деп- олар еңбек заңдылықтарын бұзғандар үшін  қылмыстылар үшін оларды қоғамдық өмірге бейімдеудің мәселелерімен айналысушылар.  Еңбек заңы-ол еңбекті пайдаланудың тәртібін реттеуші, яғни  өндірістік еңбектің әлеуметтенуі, жеке тұлғалардың еңбек ету мүмкіндіктері, қоғам мүдделерінің үйлесімділігі. Еңбек өнімі- өндіріс құралдар көмегімен формасын өзгертіп, адамның қажетіне бейімделген табиғат заты.  Адам еңбегінің нәтижесінде өнім дайын күйінде қоғамдағы адамдарға жетеді.  (Әрине тұтыну заты ретінде) Еңбек өнімі-өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары. Осындай өзара байланыстардан шығатын қорытынды еңбекті қорғаудың заңдылықтары болып табылады. Еңбекті қорғау дегеніміз- еңбек етуге және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында жасалатын шаралар жүйесін айтамыз. Еңбекті қорғау- жұмысы- ірі кәсіпкерлік мекемелер мен әкімшіліктерге жүктеледі. Олар үшін бекітілген, жинақталған заңдар, көмекші бола алады. Заң негізінде барлығы адам қоғамының игілігі үшін жасалуы керек.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.