Еңбек нарығының сегментациясы

Главная » Рефераттар » Еңбек нарығының сегментациясы

Еңбек нарығының сегментациясы – бұл бір бірінен түрлі сипаттары және тәртіп ережелерімен ерекшеленетін жұмыскерлерді тұрақты жабық секторларға немесе сегменттерге бөліп орналастыру. Еңбек нарығының сегменттері болып: Алғашқы ЕН; Қайталама (екінші) ЕН бөлінеді. Алғашқы — бұл еңбек нарығына тұрақты жұмыспен қамтылу, еңбек ақының жоғарғы деңгейі, кәсіби жоғарлауының мүмкіндігі, үдемелі технология және басқару жүйесіне тән еңбек нарығы. Қайталама еңбек нарығы кадрлардың, жұмыспен қамтылудың тұрақсыздығымен, еңбек ақы деңгейінің  төмен болуымен, кәсіптік өсудің  және кәсіп одақтарының жоқтығы мен сипатталады.

ЕН сегменттерге бөліну себептері:

  1. Өндірістің экологиялық тиімділігі деңгейіндегі айырмашылық;
  2. Еңбектің әлеуметтік тиімділігі деңгейіндегі айырмашылық;
  3. Құқықтың әлеуметтік тиімділігі деңгейіндегі айырмашылық.

Еңбек нарығы ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі ЕН – бұл бір к/о шеңберіндегі жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының жұйесі. Сыртқы ЕН – елдің, аймақтың, саланың аумақтарымен шектеледі.

.

Экономикада істейтін тұлғалардың бәрін шартты түрде 3 топқа бөлуге болады: Мемлекеттік секторда формалды жұмыспен шұғылданатындар; Жекеленген секторда формалды жұмыспен шұғылданатындар; Формалды емес секторда жұмыс істейтіндер.

Еңбек белгілері бойынша ЕН келесідей сегменттеледі:

  1. Демографиялық сипаттамалары (жынысы, жасы және басқ.).
  2. Географиялық жағдайы, орналасуы.
  3. Жұмысшы күшінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары (тұрмыс жағдайы, еңбек ақы, күн көрісі).
  4. Экономикалық көрсеткіштері бойынша (еңбек тиімділігі, өнімділігі және т.б.).
  5. Қызметкердің психофизиологиялық қасиеттері;
  6. Мінез-құлықтық сипаттамалары бойынша.

ЕН құрылымы. Жиынтық ЕН жиынтық сұраным мен жиынтық ұсынымнан тұрады. Ағымдағы ЕН жұмысшы күші және жұмыс орындарының табиғи орналасулары арқылы пайда болады және келесі элементтерден тұрады:

  1. Ашық еңбек нарығы — бұл жұмысты үнемі іздейтін, кәсіби біліктілігін жоғарлатуға ұмтылатын экономикалық белсенді елді атайды.
  2. Жабық ЕН – бұл экономика саласында формалды жұмыспен қамтылған, алайда өндірістің қысқартылуына байланысты, жұмыстан шығып қалуы мүмкін адамдар категориясы.

ЕН коньюнктурасы  — еңбек нарығының барлық құрылымын құратын сұраным мен ұсынымның қатынасы. ЕН  коньюнктурасының 3 тұрпатын айырады:

  1. Зарарлы еңбек (трудодефицитный) нарығы;
  2. Қажеттіліктен артық еңбек нарығы;
  3. Тепе-теңді еңбек нарығы.

ЕН бәсеке — бұл еңбек нарығына еркін кіре және еркін шыға алатын тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың басым бөлігі.

Нарық жағдайларында жұмыссыздық деңгейін болжау.

.

Жұмыссыздық  — бұл жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жоспарлы — әкімшілік жүйе жағдайында жұмыс істеушілердің саны мен еңбек ақын қорының мөлшері жоғарғы тұрған ұйымдар арқылы, әдетте, жұмысшылар мен еңбек өнімділігінің қалыптасқан деңгейіне қарап белгіленетін. Мұндай тәжірибе, әрине, к/о басшылары өзінің өндірістік міндеттерін экстенсивтік факторлар есебінен жаңа жұмыс орындарын ашумен, жұмысшылар мен қызметшілер санын өсіру арқылы шешуге мүдделі болуына ықпал ететін. Нәтижесінде көптеген к/о-да жұмыспен қамтылғандардың 18 % құрайтын артық жұмыс күші ұсталып келді. Сөйтіп, жасырын жұмыссыздық нарыққа көшкеніне қарамастан қалыптасып, жұмысшыларды к/о-да тиімді пайдалануды күрделендіре түскені анық.

Нарыққа көшкеннен кейін бұрынғы артық жұмысшы күшіне қоса жұмысшылар мен к/о әкімшілігіне байланысты себептермен жұмыс уақыты шығындары арқылы жинақталған жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуіне, өнімге деген сұранымның болмауына, шикізатты, материалдарды жеткізудегі берекесіздік, тапсырушыға жіберілген өнім үшін төлемдердің дер кезінде түспеуіне байланысты к/о қызметкерлеріне жұмыспен мүлдем немесе жарым-жартылай қамтылатын жұмысшылар қосылды. Осы жағдайларға қарап нарыққа көшу кезіндегі жұмыссыздық деңгейінің өзгеруін болжауға болады.

Бірінші зона – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Осы зонаға жатқызу еңбек нарығының қалыпты жағдайда болуын сипаттайды. Бұл зонаның шеңбері (1,0— 2,0%) мөлшерінде анықталады. Екінші зона – жұмыссыздықдықтың мүмкін болатын деңгейі (2 – 7%). Үшінші зона – жұмыссыздықтың әлеуметтік тұрғыдан қауіпті деңгейі, ол жұмыс күшінің басқаруға көнбейтін гиперинфляциямен, құнсыздануы және жаппай жұмыссыздықпен сипатталады. Шын мәнінде, жасырын жұмыссыздық, жұмысшы күшінің пайдаланылмайтын резерві болып табылады. Мынаны ескерген жөн, ол мақсатты тұрғыда емес, кездейсоқ түрінде туындайды. Жұмыскердің жасырын жұмыссыздыққа және онымен байланысты уақытша жұмыссыз болуына көзқарасы әр түрлі болады. К/о-ғы жұмысшылардың көпшілігі өздерінің  жұмыс орындарын құрмет тұтады. Қызметкерлердің бір бөлегі  белгілі бір мерзім өткеннен соң жұмыс болатынына кепілдік берген к/о әкімшілігінің ұсынысымен келісіп уақытында келіп жұмыстарын жалғастырады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.