Еңбек тәрбиесінің жүйесі

Главная » Рефераттар » Еңбек тәрбиесінің жүйесі

Еңбек тәрбиесінің анықтамасы мен еңбек тәрбиесінің жүйесі әр түрлі әдебиеттерде өзінше берілген. Жалпы еңбек тәрбиесі дегеніміз — оқушыларды педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әр түрлі қоғамдың пайдалы, өзіне де пайдалы еңбекке үйретіп, өндірістік тәжірибе жинақтап, еңбектен білім беріп, дағдыны қалыптастырып, іскерлікте, ілкімділікте ңызмет жасауға сауатты араласуға мүмкіндік жасау. Бұл жерде оқушылардың тәжірибелік ой-өрісі кеңейеді, еңбекқорлығы қалыптасады, жүмысшы адамның санасы нығаяды. Еңбек тәрбиесіне — оқушыларымызға бастапқы кәсіптік білім (мамандықтың алғашқы ңадамы) де жатады. Мұнда кәсіптік бағдарды, еңбекқорлыңты, еңбексүйгіштікті қалыптастыруды басқа да еңбекке деген өнегелі, сауат-ты ңатынастар жатады.

Бүгінгі Қазаңстан мектептері негізінен жалпы орта білім беретін, еңбекке тәрбиелейтін политехникалық оқу орны болып келеді. Кешегі кеңес дәуірінде де солай аталған. Бірақ мазмұны бөлек болуға тиіс. Болуға тиіс деп айтып отырғанымыз тегін емес. Себебі бүл салада өзгеріс шамалы, керісінше материалдық базаның нашарлығына байланысты шеберхана, еңбек біліміне, төрбиесіне арна-лған түрлі өндірістік бригадалар, кәсіптік өндірістік ком-бинаттар жөнді жүмыс істемейді немесе кей жерде тоқтап та тұр. Бірақ біздің ойымыз болашаңқа бағытталған. Кейінгі жылдары жалпы орта мектепке деген көзқарас өзгере бастады. Кейбір мектептерде 12 жылдыққа көшуге әксперимент жүргізілуде. Осыған орай еңбек тәрбиесіне байланысты өзгерістер болатын шығар деп үміттенуд еміз. Сонымен мектебіміз — жалпы орта білім беретін, еңбекке тәрбиелейтін политехникалың мектеп. Бұл дегеніміз — оқушыларға жалпы орта білім беріп, еңбекке тәрбиелеп, техникадан мәлімет беру. Осы үшеуінің ең негізгісі — жалпы орта білім. Сол жалпы орта білім беру барысында 1-сыныптан бастап оқушыны мектеп бітіргенше еңбек сабағында еңбекке тәрбиелейміз, сабақтан тыс уақытта түрлі еңбекке тартамыз және соңғы техникалық жаңалықтар тіліне үйретеміз.

Еңбек тәрбиесі нәтижелерінің ұтымдылығы көп жағдайларға байланысты:
— Еңбектің ңүндылығы, пайдасы. Ол ңоғамға немесе оңушының өзіне ңандай пайда келтіреді;
— Еңбектің ңазіргі өмір талабына сөйкестігі, жаңа техника, технологияны ңолдану. Бүгінгі күні компьютерді пайдалану, кішігірім нан, сыра зауыттарын, шүжың цехтарын іске қосу, т.б.
— Еңбектің дәл ұйымдастырылуы, оның өнімділігі және тиімділігі.

Бала еңбегінің ерекшелігін, оның психологиялық өзгешелігін естен шығармағанымыз жөн. Олар:
— Еңбек әр уақытта нәтижелі болуға тиіс. Нәтижесіз жүмысңа бала салғырт қарайды, құлшынбайды.
— Нөтиже баланы жаңа іске құлшындырады. Мүны балаларды жұмысқа жұмылдырғанда үстаздардың есінде болғаны жөн.
— Нәтиже баланың жүмыстағы төуелсіздігін қалыптастырып, өздігінше іс тындыра алатындығына сенеді, іс-керлік пен дағды ңалыптасады, еңбекке деген ңүштар-лығы артады, еңбектену қажеттігі туындайды. Нөтиже-сіз еңбек баланың психикасын бүзады, жігері, еркі қүм болады, еңбекке деген зауқы соқпайды. Мүндай жағдай-да үстаз шәкіртті қуаттап, балаға не себепті еңбегінің еш болғанын, үлкен еңбекке үлкен талпыныс, жігер, қайрат, білім, ңайсарлық керек екенін түсіндіру ңажет.

Еңбек тәрбиесіндегі педагогикалың басты заң — еңбектің шәкірттерге, қоғамға қажеттігін балаларға түсіндіру, бүгінгі шәкірт ертең сол қайнаған еңбектің ортасында болатынына, еңбек үжымының бірауыздылы-ғына байланысты екеніне көзін жеткізу. Еңбек төрбиесіндегі педагогикалың келесі заң — бала еңбегін әрдайым қуаттау. Бала еңбегі ересектер тарапынан ңолдау тауып тұрғаны жөн. Еңбектің нәтижесі көрінсе бала қуаттанады, жауапкершілік сезімі оянады, ұжым алдында марқаяды, қызығушылық танытады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.