Еңлік-Кебек — қысқаша мазмұны

Главная » Рефераттар » Еңлік-Кебек — қысқаша мазмұны

Еңлік Кебек операсының қысқаша мазмұны. ПРОЛОГ.

Даланың үстінен, Шыңғыс тауларының устінен қарғалардың қаптап өткен шоғырындай қап-қара үрейлі, суық хабар есіп өтті — Еңлік пен Кебек елтіріліпті. Екі рудың — Найман мен Тобьщтының жаулығы, ел басылардың қатыгездегі мен ңиянатшыл опасыздығы Махаббат пен бақытқа қол созып, ата-баба әдет-ғұрпын тұңғыш рет бұзуға батылдық жасағандардың жастығына қараған жоқ, оларды өлім жазасына кесті. Трагикәлық, ауыр музыка естіледі. Халық ңайғы мен қасірет құшағында.
Бұларды өз әнімен, өз аңылымен және сұлулығымен Еңліктің қуанышқа бөлегені кеше ғана емес пе еді? Нағыз батыр Кебектің ерен ерліктері мен даңқы жөніндегі ңауесеттің ауыздан ауызға тарағаны да кеше ғана емес пе еді? Ол халқы үшін семсерін талай рет көтеріп, туған жерін жаулардың шапқыншылығынан талай рет сақтап қалғанды. Міне, енді олар кеуделеріне жебе қадалып, тыныссыз, өлі жатьір. Қарт, дана Абыз халыңпен бірге. Зырлап өткен жылдар, туған халқының тағдыры туралы мазасыз толғаныс пен ширығу ақын жүзін терең әжімдермен айғыздап тастапты.
Ол Еңлік пен Кебекті қорғап қалуға үлгіре алмады. Оның әні әлсіз екен, оның бітімге, жақсылық пен әділдікке шақыруынан дәрмен жоқ екен. Ол билердің тас жүрегін жібіте алмады. Қашан қайғы мен қасіреттің бұлты сейіліп, ңашан туған жерге қуаныштың шапақ сәулесі төгіледі, қашан онда еркіндік, бақыттың нұры шалқиды? Қашан?..

«Таудағы кездесу»

.
.

Жаздың ашық күні. Шыңғыс тауының тарамынан, жақпарлар мен ңойтастар арасынан Жамалдың отары көрінді. Көңілді де тентек баңташы баланың жалынды әні жаңғырыға қанат қағады. Балаға ежелгі, ңұпия арманы тыным бермейді — Жәпал атақты батыр болғысы келеді, сар далада сәйгүлікпөн ағызып, ңас дұшпанмен шайңасңысы келеді. Міне, ол қазір де өзін аттылы жаулордың арасындағы ңұйғытушы сайыпңыран санайды, ңамшысын сілтей берді де, кенет… зәресІ кетті, «әлгі шабысынан» сүрініп, күтпеген жерден пайда болғән бейтаныс жігітті көрді де, ңұлап түсті.
Еуг Жапал, Жапал, сенің әлгі батырлығың мен жүректілігің ңайда? Қорңыныштан ер адәмша киініп алған ескі әрі сенІмді өз досың сұлу Еңлікті де ажырата алмай ңалдың?
Достардың арасында шертілмеген сыр болмайды, айтылмаған ой жоң, ортаға салынбаған әңгіме жоқ. Еңлік Жапалдан өз сырын жасырмайды. Оны алдында не күтіп тұр, ол шын және бүкіл өмір бойы сүйетін адамына кездесер ме? Иег ол батыр Кебек туралы, оның жайсаңдығы, аңылдылығы мен күштілігі жайлы естіген; біраң, онымен жолығуы бұған шаттың әкелмейді, себебі ол басқа, жау ру Тобыңтыдан.
Достардың шынайы сырлэсуын, Еңліктің баңыт жөніндегі әсем арманын Есеннің келуі бұзады. Жас батырды қыздың айрыңша сұлулығы әлдеңашан-әң баурап алған. Оны бұдан басқа кімнің алуға дәмесі бар, екеуі де Найман. Еңлік оның інісіне айттырылып ңойылған, біраң ол айттырылған болашаң күйеуін сүймейтін секілді, той өткізуге асыңпайды, олай болса ол ру заңы бойынша тек оған — Есенге ғана тиесілі. Есенге кездескен сайын үзілді-кесілді жауап бермей құтылу да оңай емес, оның ңызу да албырт лебізінен бастарту қиын-ақ. БІраң, Еңлік оны сүймесе, жүрегі мен арманында басқа бір сүйікті де іңкәр бейне жүрсе, онда оған не айтпақшы? Есен Еңліктің не деп шешкенін біле алмастан кетеді.
Ал, мынау немене? Ат тұяғының дүбірі жаңындап келеді, жақын… Шаң бұлтына тұмшаланып келе жатңан кім — дос па, ңас па?
Салтаттылар екеу, олардың алдарында жер қанатын-да жатып алғандай зымырап бара жатңан елік. Бұлар аңшылар екен, олар өз олжаларын енді-енді ңуып жетпекші. Жебе күн көзінде жайдай жарң етті, елік құлағына зуылдаған үн шалынды. Тимей кетті ме? Жо-жоқ, орғып бара жатқан елікті Еңлік жіберген жебе сұлатып түсірді. Қанжығасын майлауды көздемеген бұл қызық аңшылар кім? Еңлік мергендікте кіммен таласып, жеңіске жетті. Қыз олжаны кімнен жырып алды? Олар — Кебек пен оның досы Жауатай еді,
Ақырында Еңлік пен Кебек ұшырасты. Олар бір-бірін бұрыннан білетін. Олардың арасында рулардың жаулас-тығы бөгет боп тұрды. Бірақ, қазір оларды ешкім ешқашан да ажырата алмайды. Жеңімпәз махаббат, шаттықты да нұрлы сезім қыз бен жігітті баурап алған. Бақыт туралы әрман жүзеге асты.

«Махаббат»

.

Еңлік Кебекті күтуде. Ол Кебекті бүкіл жан-жүрегімен сүйеді. Оған Кебексіз жер бетінде бақыт пен қуаныш жоқ. Ол өз сөзінде тұра ала ма? Кездесуге келе ме? Алайда күтпеген жерден бірінші болып Есен келеді. Бір сезікті жайдан күдіктенген ол қыздың әрбір басқан ізін аңдыйды — қыз тау арасына тым жиі кетіп жүр-ау… Ол тағы да алаулы махаббатын айтады. Оның шыдамы біткен, енді ол Еңлікпен үйлену тойын көйінге қалдыра алмайды.
Ізін аңдыған болашақ күйеуді қалдыру үшін Еңлік үш күн мұрсат сұрайды, содан кейін үзілді-кесілді шешімін айтпақ. Кебек келеді. Әр басқа екі рудың батырлары өздерін бақталас деп біледі. Бір қанды айңас болары сезсіз? Ендеше, екеуінің қайсысы Еңліктің махаббатын иемденерін жекпе-жек шешсін. Қыз ақылдығымен тыныштандырып, Есенді Кебекпен татуластырады. Ұзақ уақытқа ма? Екі батыр да келесі, бір-ақ қатерлі кездесуден құтылмасын біледі. Еңлік пен Кебек екеуі ғана ңалады. Бұдан былай олардың бәлек өмір сүргілері жоқ. Жол біреу-ақ, — рулардың ғасырлар бойғы ғұрпына қарсы шығып, қатал заңнан, Есен мен ақсақалдардың кекжазасынан қашу. Махаббаты үшін Еңлік бәріне де дайын. Балалық шақтан қымбат туған өлке мен туыс-таныстарды тастап кету оған өте ауыр. Жан-жүйеңді қозғайтын қайғылы «Еңліктің қоштасу әні». Шыңғыс таулары үстінде соңғы рет қалықтап тұр.

«Абыздың батасы»

О ңарттыңтың ұлы данагөйлігі, жақсылың пен білімнің алтын түйірлерін, өмір тәжірибесін, аңылдылың азабын, турмыс қуанышын қосып, ңымбат ңұймаға айналдырасың. Сен сәуле шашңан ңарлы шың сияңты әбігер күйбеңшіліктің ңұмтөбешіктерінің үстінен асңақтай қарайсың, маңыңнан айналып өтіп атаңқумарлық пен жағымпаздықтың, пайдакүнемдік пен екіжүзділіктің лайлы үсақ арналары ирелеңдеп ағады, сен жер мен аспанды алып және сұлу ңалпында көресің. Алыс аймаңтарға да ңарт Абыздың даналығымен даңқы шыққан. Халыңтағы барлың қасиет-қазына аңынның ары мен жанына, аңыл-ойына жинақталғандай. Ол жақсылыңтың, адамгершілік пен әділеттің жеңісіне деген сеніммен, аңыл-кеңес пен көмек сұрап келген Еңлік пен Кебекке де баңытты өмір сүріңдер деп бата береді. Иә, олар әр түрлі рудан шыңңан күйеу мен қалыңдықтың некелесу заңын бұзып, тиым салтын әрІ ңатаң жазаға душар ететін ңылмыс жасады. Билер соты олардың тағдырын шешеді. Абыз соларға барады. Ол солардан кешірім мен ңайрымдылың сұрайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.