Эфиопия мен Испаниядағы фашистік агрессия

Главная » Рефераттар » Эфиопия мен Испаниядағы фашистік агрессия

Германия, Италия және Жапония дүниені жаңадан қайта бөлісуді «кішігірім соғыстардан» бастады, ал бұл соғыстар екінші дүние жүзілік соғыс өртін тұтандыруға әкеп соқты. Германиямен қатар агрессияшыл саясатты фашистік Италия да жүргізді, ол Африка мен Жерорта теңізі бассейнінде ұлан-байтақ отарлық империя құруға бағытталды. Итальян фашистері Эфиопияны (Абиссинияны) басып алуды таяудағы мақсаттарының бірі етіп қойды. Эфиопия Италияны шикізат байлығымен және маңызды стратегиялық жағдаймен қызықтырды. Эфиопия өзінің ұлттык өнеркәсібі жоқ, нашар дамыған феодалдық ел еді, оның осы жағдайы, Муссолинидік пікірінше, агрессияшыл жоспарды жүзеге асыруды жеңілдетпек еді. 1935 жылдың октябрінде жақсы қаруланған итальян армиясы Эфиопияға баса-көктеп енді. Эфиопия солдаттарының көпшілігінің қолында тек шақпақ таспен атылатын мылтық пен найза ғана еді, ал итальян әскерлерінің жүздеген зеңбіректері, танкілері мен самолеттері болды. Бірақ басқыншылар, өздерінің тәуелсіздігі үшін әділетті күреске шыққан эфиоп халқының табанды карсылығына кездесті. Фашистік агрессорлар эфиоп жауынгерлері мен бейбіт тұрғындарды аяусыз қырғынға ұшыратты, калалар мен деревняларды өртеді. Қорғансыз халыққа қарсы улаңдырғыш заттар қолданды, Жүздеген мың эфиоптар басқыншылардың тағылық шапқыншылықтарының құрбаны болды. 1936 жылы майда итальян әскерлері елдің астанасы Аддис-Абебаны басып алды. Эфиопия Итальяның отары деп жарияланды. Бірақ оккупация жағдайында да партизандық күрес тынбады. Эфиопияға қарсы қарулы агрессия батыс державаларының құптауы нәтижесінде ғана мүмкін болды. Мәселен, француз үкіметі Италиямен ашықтан ашық кулық келісімге барды, Францияның ықпалы басым Экваторлық Африкада агрессияшыл кимылдар жасаудан бас тартқаны үшін, Муссолини Эфиопияға еркін басып кіруге мүмкіндік алды. Дүние жүзі жұртшылығының қысымымен Ұлттар лигасы Италияны агрессор деп жариялауға және онымен сауда-саттық жасауға біршама шек коюға мәжбүр болды. Бірақ бұл шаралар жағдайды өзгерте алмады, өйткені Италия санкцияға қатынаспаған елдермен саудасын ұлғайта берді. Егер АҚШ-та «бейтараптық» туралы заң кабылдануына байланысты Эфиопия американ қаруын сатып ала алмаса, ал Италия делдалдар аркылы оны сатып алып отырды. Эфиоп халқын қорғауға тек Совет Одағы ғана кірісті. СССР үкіметі Ұлттар лигасынан Итальяға қарсы коллективтік санкция қолдануды, соның ішінде мұнай беруді тоқтатуды және итальян кемелерін Суэд каналынан өткізбеуді талап етті. Бірақ агрессорды ауыздықтау жолындағы күресте Совет Одағы жалғыз еді. Италияның шапқыншылық әрекетіне жол берген Батыс державалары көп кешікпей Африкадан өз иеліктеріне төнген қауіптің күшейе түскенін көрді. Бұл империалистердің өз ара қайшылықтарының онан әрі шиеленісуіне әкеп соқты. Сонымен бірге фашистік екі мемлекет — Германия мен Италия бір-бірімен жақындаса берді, ал итальян саясаты барған сайын өзінен анағұрлым күшті серіктесі — гитлерлік басшы топтың мүддесіне бағындырылды. Испаниядағы итальян-герман интервенциясы Испан республикасының фашистік бүлікшілерді талқандау үшін күші жеткілікті еді. Бірақ бүлікшілерге Франкомен тығыз байланыс жасап және оған жасыратын әрекет ұйымдастыруға көмектесіп отырған Германия мен Италия көмекке келді. Гитлер мен Муссолини бүлікшілерді қарумен, оқ-дәрімен, ақшамен, әскерлерін тасу үшін транспорт құралдарымен жабдыктап қана коймады, сонымен қатар Испанияға өзінің қарулы күштерін де жіберді, олар франкистер жағында соғысты. Германия мен Италия испан революциясының әрі қарай қанат жаюын болдырмай тастағысы келді, республиканы тұншықтырып, Испанияда фашистік тәртіп орнатқысы келді, сөйтіп халыкаралық демократиялық қозғалысты әлсіретпек болды. Берген каруына айырбас ретінде интервенттер Франкодан кару жасауға керекті бағалы шикізат, азық-түлік алды. Испания агрессор мемлекеттерді жабдықтаудың маңызды көзіне айналды. Сол сияқты Германия мен Италия Пиреней түбегін батыс державаларына қарсы соғыс жүргізу үшін қолайлы соғыс стратегиялық плацдарм деп қарады. Испанияның ашистік мемлекеттердің одақтасына айналуы Англия мен ранцияны өз отарларымен байланыстырып тұрған теңіз жолдарына, сол сияқты соғыс флоты базаларына қатер төндірді. Ал Францияға келетін болсақ, ол фашистік қоршауда қалып қойды. Ең ақырында, вермахт Испаниядағы соғысты курестің жаңа құралдарын (авнация, танкілерді) кең көлемде сынау, жауынгерлік тәжірибе алу және соғыс стратегиясын жетілдіру үшін пайдаланды. 1936 жылдың авгусында Англия мен Франция, Испанияға шеттен кару мен соғыс материалдарын әкелуге тыйым салуға міндеттеме алды, Испан ісіне араласпау туралы халықаралық келісімге мұнан кейін Европаның басқа мемлекеттері, соның ішінде Германия мен Италия да қосылды. АҚШ келісімге қатыспады, бірақ Испанияға қару жіберуге тыйым салды. Лондонда Испан ісіне араласпау коми-теті кұрылды, алайда оның бақылау жасаушылық правосы болмады.

Егер де барша мемлекет испан ісіне араласпау туралы келісімді қатал сақтаған болса, онда булікшілер тағдыры тез арада шешілген болар еді. Бірақ келісім жүргізу дегенді бүркемеленіп Англияның, Франция мен АҚШ-тың көмегімен Германия, Италия және Португалия франкистер жағына шығып испан ісіне кеңінен араласты. Республикашылдардың қарсылығы артқан сайын интервенция өрістей берді. Жалпы алғанда соғыс кезінде Испанияға 200 мыңнан астам итальян, неміс және мароккалық солдаттар келді. Итальян-герман интервенциясы Англия мен Францияның ұлттық мүдделеріне қол сұқты, олардың Жерорта теңізі мен Атлант мұхиты бассейніндегі қатынас жолдарына қауіп төндірді. Бірақ ағылшын және француз империалистерінің саясатында антикоммунизм бел алды. Испанның революцияшыл демократиясына таптық өшпенділік, интервенттер көмегімен халықтық майданды талқандауға ұмтылушылық, сөйтіп бүкіл дүние жүзіндегі қоғамдық прогресс күштерін әлсірету олардың бірінші кезектеп жоспары еді. Англия мен Францияның реакцияшыл топтары республикашыл Испанияның жеңістері батыс Европада революциялык демократиялык козғалыстың ерлеуіне көмектеседі және капитализмнің іргесін шайкалтады деп үрейленді. Герман өнеркәсіп концерндері сиякты Англияньщ, Францияның, АҚШ-тың ірі монополияларының да Испанияда едәуір күрделі қаржысы бар еді, сондыктан олар Франконың жеңуіне мүдделі болды. Батыс державаларының Испан республикасына дұшпандықпен қарауынын, олардың интервенттерді қолдануының, Испанияға қарсы бір тұтас империалистік майданның пайда болуының себебі міне осында еді. Соғыс барысында, әсіресе оның аяқталар кезінде, араласпаушылық саясатының сыры ашылып калған кезде Англия, Франция және АҚШ бүлікшілерінің жеңісін қамтамасыз ету үшін қолдарынан келгендерінің бәрін істеді. 1938 жылдың жазында француз үкіметі француз-испан щекарасын жауып тастады. Араласпау жөніндегі комитет Испаниядан барлық шетел еріктілері шығарылсын деген шешім қабылдады. Бірақ тек интернационалдық бригадалар ғана шығарылды да, ал еріктілер пердесін жамылып Испанияға келген италиян-герман түрақты әскерлері қалып қойды. Англия мен Франция үкіметтерінің Франконы ресми тануы астыртын орекетшілердің бас көтеруіне белгі болды. Олар Испан республикасын ту сырттан соққылады да, Мадридты фашистерге берді. Осы кезден бастап СССР испанның заңды үкіметіне шетелден қару сатып алуға еркіндік берілуін жақтады. Совет Одағы республикашыл Испанияға соғыс каруын және 85 миллион доллар қарыз берді. СССР испан халқының фашизмге қарсы қаһармандык күресін барынша қолдады. Бірақ республиканы блокадаға алудың күшеюі Испанияға көмек беруді барған сайын қиындатты. СССР-дің испан халқың қорғаудағы күресі Советтер Елінің төңірегіне бүкіл бейбітшілік сүйгіні күштерді біріктірді, оларды соғыс қатеріне қарсы белсенді қимылға рухтандырды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.