Эфиоптық облыс

Home » Рефераттар » Эфиоптық облыс
Рефераттар Комментариев нет

Облыс Сахарадағы шөлдаланың оңтүстікке қарай Африка материгін қамтиды, оңтүстікті (таулы) Арабиялық түбек бөлігін жəне Үнді мұхиттағы Сокотру аралын алып жатыр. Облыстағы тіршілік ортасы тропикалық аймақ шебіндегі Африканың рельефімен жəне географиясымен анықталады. Негізінен Африканың беті гигант жалпақ үстіртті құрайды. Шығысында оларға Орталық Африканың эфиоптық таулы өлкесі мен жанартауларының қатары көтеріледі, ал қиыр оңтүстігінде Айдаһар тауы, батыста Камерун жəне Гвинеяның шоқтықтары көрінеді. Бұл таулар материк шетінде орналасқан, сондықтан жел арқылы теңізден келетін ылғалға бөгет болады, осылайша тропикалық климаттық Африка аудандарының орталықтарында құрғақшылық үстем болады. Қиыр оңтүстік жылы бірқалыпты Жерорта теңіздік климатымен ерекшеленеді. Эфиоптық облыстың үлкен бөлігін саванналар алып жатыр, олар сирек ағашты ормандардан жəне парктік ормандардан биікшөпті саваннадан жəне далалық саванналардан тұрады. Саванналар жыл бойына жоғары температуралар жағдайында тек ылғалды мерзімде ғана дамиды. Құрғақ маусымында ылғал түскеннен көп мөлшерде буланады немесе керісінше, дымқыл маусымда булану түскен ылғалдан аз болады. Құрғақ маусымда ағаш тұқымдастары жапырақтарын жоғалтады, олар өрттерге бекемді келеді. Саваннаның ормансыз кеңістіктері қалың астық шөппен жабылған, негізінде оларды піл шөп деп атайды. Ағаштардан ең көп таралған түрі баобаб, акация, майлы пальма жəне ағаш сияқтылардан сүттіген кездеседі.

Африканың дымқыл экваторлық немесе жаңбырлы конго бассейніндегі экваторлық облыс бөлігінің батысы мен орталығын жəне Гвиней шығанағы жағалауын ормандар алып жатыр. Тауларда ылғал ормандар өскен, олар бүкіл жыл бойына жоғарғы тұрақты температураны жəне көп ылғалды қажет етеді. Ал, өзендердің алқаптарында галереялық ормандар орналасқан. Экваторлық ормандардың өсімдіктер əлемі төтенше бай жəне əртүрлі. Мысалы, 1 га ауданда ағаштардың 50 түрі, ал орташа есеппен өсімдіктің 600 түрі өседі. Гүлдер флорасының жалпы байлығы болатын осы африкалық жаңбырлы ормандардағы түрлері 11 мыңнан асады. Эфиоптық облыс фаунасы (сурет) өте бай жəне əртүрлі. Көбіне олар тропикалық, əсіресе орманды аудандарды қамтиды. Осында сүтқоректі жануарлардың дамандар отрядының эндемиктік терлері (Hyracoidae) жəне құбыртістілердің Orycteropodidae жалғыз тұқымдасы (Orycteropus afer) мекендейді, олар термиттермен коректенеді. Ал, дамандардың орманды жəне таулы түрлері қоянның өлшемі сияқты болып келеді. Майбасарлар – өсімдіктермен қоректенуші хайуан, оның табанында оларға ағаш діңдерімен жəне тік жартастарға өрмелеуге мүмкіндік беретін айрықша жабысқақ ұлтаны бар. Сонымен қатар, жертесерлер, сары көртышқандар, бегемоттар, керіктер, тиіндер жəне басқа жануарлар көптеп кездеседі. Осы облыс үшін тұяқтылардың көптеген үйірлері тəн. Олардың ішінде күйісқайырушылар 40 тектік түрлері кездеседі, оның ішіне де антилоптар, бөкендер – ұсақ дукерлер (көгілдір дукер биіктігі 30 см) бар, ал ірі тұяқтылардан: канн, куду жəне гну үйірлері тіршілік етеді. Өгіздерден кафр буйволы бар, олар материк бойына көп таралған, тек солтүстіктегі шөлдалаларда жоқ. Оленьки жəне керіктер африкалық күйіс қайырушылардың тұқымдастары. Оленьки – ең ұсақ тұяқтылар (қоян өлшемді).

Еркектерінде мүйіздер болмайды, бірақ жоғарғы азу тістері жақсы дамыған. Оленьки жаңбырлы ормандарды мекендейді. Керіктердің эндемиктік 2 түрі ғана бар, оларға Конгоның қалың ормандарында тіршілік ететін биіктігі 2 м болатын окаптар (Okapia jonstoni) жəне саванналардың сирек ормандарын мекендейтін биіктігі 6 м болатын (Giraffa cameleopardais) керіктер жатады.

 

Kazorta.org

Күйісқайырмайтын жануарлардан Африкада бегемоттар (гиппопотамдар) жəне шошқалар мекендейді. Бегемоттар (Hippopotamidae) 2 түрі кездеседі: алып бегемот (Hippopotamus amphibius), еркектерінің денесінің ұзындығы 400-420 см жəне салмағы 3 тонна болады, сол сияқты ергежейлі бегемот (Choeropsis liberiensis) кезедеседі, оның денесінің ұзындығы 150 см жəне салмағы 250-260 кг болады. Оларға туыс болатын шошқа болады. Жалпақтұмсықты шошқа (Phacochoerus) азу тістері қайырылған, сонымен қатар аққұлақты шошқа (Potamo-schoerus) ашық жирен түсті болып келеді, олардың құлақтарына ақ шаштардың шоғы өскен. Африкада нағыз шошқалар (Sus тектес) жоқ.

Эфиоптық облыста бізтұмсықтардың 2 түрі мекендейді, олардың алдыңғы тістері жоқ, бірақ екі мүйізі бар, сонымен қатар зебралар көп, олардың үйірлері саваннада қазірге дейін өріп жүр. Барлығы африкада зебралардың 3 түрі бар.

Тұмсықтылар отрядынан Африкалық піл кездеседі (үнді пілдерінен айырмашылығы олардың еркектері мен ұрғашыларында азу тістер болады). Африкалық піл табындары саваннада жəне ормандарда тіршілік етеді жəне кейде тауларға көтеріледі. Осы облыстағы жыртқыш аңдар əртүрлі. Оның ішінде (Viverridae) виверлердің 10 түрі бар. Қорқаулар барлық жерде көп таралған жəне олар өлекселерді жеу арқылы санитарлар рөлін атқарады. Қорқаулардан (3 түрінен) басқа, олардың туысы жалды қасқырлар (Proteles cristatus) осында мекендейді. Жалы бар қасқыр виверлерге жақын келеді, кейбір жүйелік жіктелуде оны бөлек тұқымдас ретінде белгілейді. Африкада нағыз қасқырлар жоқ. Олардың орнына иттердің гиендік облысының (Lycaon pictus) эндемиктік топтары алмастырады. Барлық жерде жаппай түлкілер кездеседі. Мысық тұқымдастар аз таралған, бірақ олардың түрлері африкадан тыс жерлерде де кездеседі. Тек Африкада ғана кездесетін мысық тұқымдасы ол – арыстан. Арыстандар саваннада немесе жартылай шөлдалада (көптегендерді аудандарда жойылған) кездеседі, ал басқа түрлер қабылан, сілеусін, сервал жəне мысықтардың ұсақ түрлері жер бетінде кеңінен таралған. Африкалық жабайы мысық үйтұқымдастарының арғы атасы болып табылады.

Облыста кеміргіштер ішінен жайралар (Hist-ricidae) кездеседі (олар Азияда көп таралған) жəне эндемиктік өкілдері: тиіндік (Anomaluridae), ұзақ аяқты (Pedetidae), қамыс егеуқұйрықты (Thryonomyidae), таулы тышқан (Petromyidae), егеуқұйрықты (Ctenodactylidae) жəне құмдауытты (Bathyergidae) жайралар бар. Құмдауытты жайралар жер астында жүреді. Жəндіктердің 3 эндемиктік отряды бар. Сары көртышқандар (Chrysochloridae) кездеседі. Олардың 30 түрі бар. Олар Оңтүстік Африкада Угандаға дейін көп таралған. Сары көртышқандардың қазіргі көртышқандармен ұқсастығы таза конвергентті болып келеді. Сары көртышқандар құмды жерлердің беткі жағына жақын үңгірлер қазады. Сонымен қатар, жертесердің эндемиктік түрі (Potamogalidae) бар, олар Африканың батысында су жағасында тіршілік етеді. Олар балықтарды жəне шаянтəрізділерді аулау үшін жақсы жүзеді жəне сүңгиді. Сонымен қатар, тағы бір эндемиктік түрі пілдік жертесерлер немесе секірушілер (Масго-scelididae) тіршілік етеді. Олардың 40 түрі саналады, көбіне қосаяқтарға ұқсас келеді, бірақ ұзын тұмсықтарымен жəндіктермен қоректенеді.

Эфиоптық облыста жартылай маймылтəрізділер бар, ол – лори (Lorisidae). Лорилар Үнді-Малай облыстарында кездеседі. Африкалық жартылай маймылтəрізділер мадагаскарлік лемурлерден өте алыс, бірақ үнділік түрге туыс болып келеді. Барлығы 2 түр – потто жəне галаго бар. Маймылдың осы облыста түрлер саны көп жəне олар əртүрлі болады. Олар мартышкатəрізділер (Cercopithecidae) жəне понгидтер (Pongidae) болып бөлінеді. Понгидтерге горилла жəне шимпанзе жатады. Гориллалар жəне шимпанзе – орман маймылдарына жатады. Гориллалар топ болып тіршілік етеді, ал шимпанзелер үйірмен жүреді. Африкада мартышкатəрізділерден мартышкалар (100 астам түрі) мекендейді, павиандар, мандрильдер жəне колобустар кездеседі. Олардың тіршілік етуі əртүрлі. Мартышкалар үлкен топтармен ормандарда жүреді жəне үнемі қозғалыста болады. Павиандар тауларды жəне ормандарды мекендейді. Олар үйірмен тіршілік етеді. Ол үйірде қатаң иерархиялық тəртіп болады жəне оны ең күшті еркегі басқарады. Жалпы алғанда, сүтқоректі жануарлардың эфиоптық облыстағы фаунасы Үнді-Малай облысының эндемиктік түрлерімен, тұқымдастарымен араласып кеткен, себебі олар өзара тығыз байланысқан. Дегенмен, мұнда көртышқандар, аюлар, еноттар, құндыздар, бұғылар жəне түйелер кездеспейді. Солтүстік Африкадағы бірөркешті түйе – үй жануарлары болып саналады. Олардың жабайы түрлері ежелгі өткен уақытта болған. Сүтқоректі жануарлардың эфиоптық облыс құстарының айырмашылығы көп жəне əртүрлі, кеңінен таралған. Эндемиктік түрлер саны көп, бірақ ареалдары шектелген болады. Таза африкалық құстарға түйеқұс (Struthionidae) жатады, оның қос саусақты түрі бар; құстардың ішінен хатшықұс (Sagittariidae); көкектің туыстары турако (Musophagidae) кездеседі; құстардың Coliidae, Balaenicipitidae, Scopidae түрлері бар. Кеңінен таралған цесаркалар (20 астам түрі), тоқымашылар, балжинаушы, шырынжинаушы құстар тіршілік етеді. Осы облыс ареалы африкалық жəне үнділік топтарды біріктіреді, себебі тотылар, трогондар, питтер, сонымен қатар космополитті құстар көкектер, тоқылдақтар, балықшы құстар бар. Қысқы уақытта Африканың орнитофаунасы Европадан келетін құтандар, тырналар, қарлығаштармен жəне т.б. жылықұстардың ұшып келуімен толығады.

Эфиоптық облыстағы рептилиялар саны көп, бірақ жоғарғы рангтегі эндемиктер аз. Қабыршақтылар отрядынан хамелеондар бар. Бірақ, олар Мадагаскарда да (осы түр аса ірі болып келеді), Оңтүстік Испанияда, Арабияда, Индияда, Цейлонда (Шри-Ланкада) кездеседі. Осы облыста кесірткелер көп, геккондар, эндемиктік түрлері (Cordylidae) жəне құрттəрізді кесіртке (Feylinidae), агамдар жəне алып варандар (нильдік түрінің ұзындығы 2 м жетеді), сонымен қатар жылан кең тараған. Эфиоптық облыста ірі жыландар Typhlops humbo жəне олардың ұсақ түрлері мекендейді. Ірі жыландар (Pythoninae) питондардың бірнеше түрі тіршілік етеді. Аустралияда Python тектес түрлерінің ұсақтары (ұзындықтары 1-1,5 м) жəне ірілері (ұзындығы 7-9 м) тіршілк етеді. Африка ормандарында оның Calabaria reinhardti калабария түгі тіршілік етеді. Бұл ірі жылан жерді қазып тіршілік ететін жалғыз түрі.

Жұмыртқа жегіш жыландардың (Dasypeltidae) Африкада 2 түрі кездеседі. Үндістанда 1 ғана түрі кездеседі. Бұл жыландар құс жұмыртқаларымен қоректенеді, олар жұмыртқа қабығын алдыңғы омыртқалардың өңеш қабырғасының үстіңгі жағынан шығатын өсінділерімен теседі. Африкада аспидті улы жыландар (20 түрі, 10 тектік түрі) көп. Оларға қазіргі кобралар жатады. Басқа да жыландар түрлері көп, мысалы, аспидті Elaps, улы сұр жылан (Viperinae) бар. Эфиоптық облыс олардың таралу орталығы болады, бірақ олар Мадагаскарда жоқ. Африкаға тəн Causus (құрбақа жегіш), Atractaspis (жердегі улы сұр жылан), Bitis (африкалық) жылан бар, оның ішінде габон ашық түсті улы сұр жылан кездеседі, оның ұзындығы 2 м жетеді. Сонымен қатар, мүйізді (Cerastes) жəне ағашты мекендейтін (Athens) улы сұр жылан тіршілік етеді. Африкада құрлықтық тасбақалар (Testudinidae) кездеседі, үштырнақты (Trionychidae), сонымен қатар пеломедуз тасбақалары (Pelomedusinae) бар. Пеломедуз тасбақалар Африкада, Мадагаскарда жəне Оңтүстік Америкада көп таралған.

Осы облыста қолтырауындар көп. Африкалық қолтырауынның 2 түрі бар. Олар көбіне суда тіршілік етеді жəне кейде тұзды суда да болады. Қосмекенділер эфиоптық облысты мекендейтін эндемиктік түр Phrynomeridae (немесе басқа түрі Xenopus) деп аталады, құрбақалардың түрлері (мысалы, Nectophryne түнде тіршілік ететін жабысқақ саусақтары бар жəне Nectophrynoides тірілей туатын құрбақалар) көп. Құрбақалардың Азияда кездесетін түрлері жіңішке ауыз (Breviceps) жəне түкті бақалар (Astylosternus) бар. Түкті бақалардың көбею кезінде еркектерінің бүйірлеріне шашты терілер өседі. Құйрықты қосмекенділер мүлдем жоқ, олар басқа түрлермен алмастырылған. Эфиоптық облыстағы тұщысу балықтары таң қалдырады. Олар ертедегі топтарды (Polypteridae) құрайды. Балықтардың көп түрі болғандықтан, оларды мамандар ерекше отрядтарға немесе класс тармағына жатқызады. Африка суларында қосмекенділер Protopterus тіршілік етеді жəне протоптерлер қуаңшылық кезінде лай батпаққа көміліп ұзақ ұйқыға береді, оның ұйықтау мерзімі 6-9 айға созылады. Протоптерлер қабыршақтыларға (Lepidosirenide) жатады, оның Оңтүстік Америка суларында кездестін түрі Lepidosiren оған туыс түр болады. Эфиоптық облыста балықтардың эндемиктік түрі Isospondyli жабайылардың ішкі отрядына жатады. Африкада сүйектілді балықтар (Pantodontidae), тарқанатты (Mormy-ridae), гимнархтер (Gymnarchidae) тіршілік етеді. Гимнархтер электрлік импульстер шығарады. Ондай электрлік қабілет жайындардың (Malapteruridae) жалғыз өкілінде бар. Ол жайындар Ніл жəне Конго суларында тіршілік етеді. Жайындар түрі Африкада мол (250 түр жəне 6 тегі бар) болғандықтан, эфиоптық облыстың тұщы суы Оңтүстік Америка (Characidae, Cichlidae) немесе Үнді-Малай облыстарының (Anabantidae) фаунасымен байланысты болғанын көрсетеді. Тропиктік аймақтардың облыстарында албырттар мен шортандар жоқ. Омыртқасыздардан эфиоптық облыста көп жəне əртүрлі, олар жалпы түрде сипатталады. Сарышаяндар көп. Олардың айрықша африкалық Isometrinae түрі ертедегі Scorpionidae тектік тармағына жатады (Оңтүстік Америкада өкілдері кездеседі). Пандинус сарышаян ұзындығы 16 см жетеді, бүкіл Африкаға сольпуги көп таралған (олар Мадагаскарда жоқ). Өрмекшілердің түр көп: ірі улы құсжегіштері (Theraphosa), жыл бойына ормандарда үлкен торлар тоқитын жəне басқа да түрлері тіршілік етеді. Көп аяқты өрмекшілерді жергілікті тұрғындар азық ретінде аулайды. Улы өрмекшілер саны жеткілікті. Олардың өте ашық түспен боялады немесе өзіндік дыбысты органдары болады.

Жəндіктердің ішінде термиттерге тоқталуға болады. Африканың жаңбырлы ормандарында олардың 500 түрлері бар. Оның ұялары үлкен саңырауқұлақты еске түсіреді. Өсімдіктермен қоректенетін термиттер олардың негізгі жоюшылары болады. Егер олар кенеттен жоқ болып кетсе, онда ағаштағы минералды заттардың қорлары жылдам бітеді жəне жапырақтар көп жиналып, орман тіршілігін тоқтатар еді. Саванналарда термиттер көп емес, бірақ олар биік конус түріндегі сазбалшықтан істелген ұялар салады. Осы ұяларға байланған жануарлар бар.

Шегірткелер ерекше бай фауна құрайды. Олардың арасында үйірлі түрлер бар (олар жолындағы бірнеше километрлер бойына өсімдіктердің бəрін жейді). Қоңыздардан африка аудандарында (Tenebrionidae) қара қоңыз басым болады, ормандарда ірі қоңыз – голиаф бар, олардың ұзындығы 10-11см, сонымен қатар бұғықоңыздар, мұрттылар жəне басқа да түрлер көп таралған. Осы эфиоптық облыста кеңінен белгілі ауру қоздырушы шыбын – цеце тіршілік етеді. Облыста күндіз тіршілік ететін көбелектер азырақ жəне олар сəнді бояумен өрнектелген. Осы көбелектер Азия немесе Оңтүстік Америка тропиктерінде байқалады. Жер бетіндегі моллюскілер арасында өсімдіктермен қоректенетін өлшемі үлкен (ірі алма сияқты) – ахатина кездеседі.

Эфиоптық облысы ландшафтының сипаты бойынша өсімдік жамылғысымен ерекшеленеді жəне фауналарды саралау нəтижесінде 3 ішкі областарға бөлінген: шығыс африкалық, батыс африкалық жəне оңтүстік африкалық немесе Капстік деп бөлінеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.