Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы

Главная » Рефераттар » Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері. Екінші дүниежүзілік соғысты тудырған империализм. Барынша мол пайда табу жолына тусушілік империалистік державаларды мұнан бұрын да тонаушылық соғыстарға соқтырған. Ірі-ірі империалистік державалар баскалардың жерін тартып алуға, өзге ел халықтарын қолданып, дүние жүзіне өздерінің үстемдігін орнатуға ұмтылды. Капиталистік елдердің экономикалық және саяси жағынан әркелкі дамуының күшеюі империалистік қарақшылардың дүние жүзіне үстемдік орнату күресін барынша шиеленістіріп жіберді. Отарлармен, шикізат қорларымен және товарларын өткізетін рыноктармен аз қамтамасыз етілген мемлекеттер ұлан-байтақ отарлары және ықпал аймақтары бар державалармен бәсекелестік күреске түсті. Артта қалып қойған елдер анағұрлым дамыған елдерді қуып жетті де, өзіне «аспан астынан орын» беруді талап етті. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде дүние жүзін қайта бөліске салу тек жеңген державалар мүдделеріне сай келді. Сол бөліс дүниежүзілік жаңа шайқасты және дүниені жаңадан қайта бөліске салуды өзімен бірге ала келді. 30-жылдары дүние жүзіне үстемдік етуге үміттенген екі империалистік топ құрылды. Оның біріне гитлерлік Германия, фашистік Италия және милитаристік Жапония енді Фашистік блоктағы елдер өздерін бөлістен құр қалғанбыз деп есептеді де, қарулы күш көмегімен дүниені қайта бөліске салу жолына бірінші болып түсті. Агрессорлар көптеген халықтарды құлдыққа тусіру және қырып-жою жоспарын жасады. Герман және жапон империалистерінің Совет Одағын жойып, оның жерін өз ара бөлісіп алғысы, ал совет адамдарын құлға айналдырғысы келді. Герман фашизмі дүниежүзілік империализмнің нағыз қарақшы отряды болды. Фашистік коалицияға Англия, Франция және АҚШ-тан кұралған екінші бір империалнстік топ қарсы тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыста ұтып шыққан бұл елдердің жеңіп алған позицияларын сақтағысы және өздерінің бәсекелестерін қайтадан әлсіреткісі келді. Екі топ та дүниежүзілік үстемдікке ұмтылды. Бірақ, Совет Одағы олар үшін бұл жолда кедергі болды. Социализм мен капитализм арасындағы қайшылық дүниежүзілік дамудың негізіндегі басты қайшылық болып қала берді. Реакцияшыл күштер барлық империалистік мемлекеттердің СССР-ге қарсы соғысын әзірледі. Алайда империалистік топтар арасында олардың Совет еліне бірлесіп шабуыл жасауды ұйымдастыруына бөгет боларлық елеулі алауыздық жатыр еді. Оның үстіне Англияның, Францияның, АҚШ-тың халық бұқарасы өз елдерінің укіметтерінен фашизмге батыл тойтарыс беруді талап етіп, кысым жасады. Империалистердің арасындағы қайшылықтарды шебер пайдалана отырып, СССР екі топтың антисоветтік келісіміне бөгет жасады. Гитлершілдер Шығысқа карағанда Батыстагы жеңіс анағұрлым оңай болады деген корытындыға келді. Олар тылын нығайтуға, Европаның антисоветтік барлық күштері мен ресурстарын түгел жұмылдыруға ұмтылды, оларды келешекте СССР-ге қарсы төкпек болды. Екінші дүниежүзілік соғыс екі імпериалистік одақтың қарулы айқасымен басталды. Өзінің шығу тегі тұрғысынан алғанда бұл империалистік соғыс еді. Соғыс өртін гитлершілер Германия бастаған фашистік мемлекеттердің агрессияшыл блогы тұтандырды. Фашистік державалар -тарапынан бұл соғыс басынан аяғына дейін әділетсіз басқыншылық соғыс еді.

ekinshisogis01Гитлершіл Германияның Польшаға шабуылы. 1939 жылы 1 сентябрьде неміс-фашист әскерлері Польшаға баса-көктеп кірді. Польшаға көмек беруге уәде берген Англия мен Франция 3 сентябрьде Германияға соғыс жариялады. Гитлер бұған: «Бұл әлі олар соғысады деген сөз емес» деп жауап берді. Шынында да, Англия мен Франция мұнан бұрын Чехословакияға қандай опасыздық жасаса, оларға да сондай опасыздық жасады. Майдандағы өздеріне карсы тұрған немістердің не бары 23 дивизиясына француздар мен ағылшындардың 115 дивизиясы әрекет етпей карап тұрды. Батыс державалардың билеуші топтары гитлершілдер Польшаны талқандап, Совет Одағына лап қояды деп үміттенді. Гитлершілдер басып кіргеннен кейін поляк үкіметі мен армияныц басшы топтары халықты тағдырдың тәлкегіне тастап өздері маскара болып шетелге зытты. Көптеген әскери бөлімдер, сол сияқты Варшава мен басқа қалалардың халкы жауға қарсы қаһармандыкпен шайқасты. Коммунистер теңірегіне біріккен жұмысшылар поляк жерін қорғаушылардың алдыңғы сапында белдесті. Бірақ күш басымдығы гитлершілдер жағында еді. Польшаның берекесі кеткен армиясының қарсылырын басу үшін және елдің едәуір бөлігін оккупациялау үшін фашист тобырларына үш аптадай уақыт керек болды. Гитлершілдердің шығысқа бет алуы тек СССР-ге ғана қауіп төндіріп қоймады, сол сияқты бұл Батыс Украина мен Батыс Белоруссия халқын да құлдыққа түсіру деген сөз еді. Осы жағдайды, сондай-ақ бұл аудандарды 1920 жылы Польша құрамына күшпен енгізудің заңсыздығын ескере отырып, Совет Одағы батыс украиндықтар меп батыс белорустықтардық өмірін, «сол сияқты мүліктерін өз қорғауына алды. Европада соғыс басталған кезде, АҚШ өзінің бейтараптығы туралы мәлімдеді. Американ монополистері соғыс елдің экономикасын дағдарыстан шығарады, ал соғысушы державалардың әскери заказдары өнеркәсіп иелері мен банкирлерге қыруар пайда келтіреді деп есептеді. Польшаны талқандағаннан кейін Англия мен Франция фашистік агрессияны СССР-ге қарсы бағыттау үшін, Гитлермен әлі де астыртын келісімге келеміз деп дәмеленді. Олар фин реакционерлерін антисоветтік авантюраға арандатты. Бірақ фин әскерлерінің жеңілуі және СССР мен Финляндия арасында 1940 жылдың мартында бейбіт договор жасалуы дүниежүзілік империализмнің Совет Одағына қарсы «үлкен соғыс» жоспарын болдырмай тастады. Жеті ай бойы Батыс майданында ешқандай соғыс қимылы болмады. Сондықтан әжуалап «оғаш соғыс» деп аталып кетті. Англия мен Францияның ресурстары Германияның соғыс-экономикалық потенциялынан басым еді, ол кезде Германия ұзақ соғысқа әзір де емес еді. Бірақ Англия мен Франция үкіметтері бұрынғы мюнхен бағытын жалғастыра отырып, Гитлерге Шығыста қимыл жасауға еркіндік берілгенін аңғартып отырды. Германиямен соғысу орнына француз билеуші топтары өз елініқ прогресшіл күштеріне қарсы жорық бастады. Компартияға тыйым салынды, сондықтан оған астыртын жағдайға кетуге тура келді. Одақтастардың қимыл жасамауын пайдаланып, бұл кезде Германия Батыс майдандағы шабуылға мықтап әзірлене бастады.

Фашистік Германияның Батыстағы шабуылы. Францияның жеңілуі. 1940 жылы апрельде гитлершілдер тұтқиылдан Дания мен Норвегияға басып кірді де, оларды тез-ақ оккупациялап алды. Олар дат әскерлері тарапынан қарсылық көрмеді, өйткені король мен үкімет әскерлерге қаруын тастауға бұйрық берді. Норвег патриоттары неміс-фашист әскерлерін шығынға ұшыратып, ерлікпен карсылық жасады. Алайда июньнің басында Норвегия армиясының қарсылығы тойтарылды. Бұған жергілікті фашистерден құралған «бесінші колониа» едәуір қолғабыс етті. Гитлерлік агрессияның Батысқа бет алуы мюнхен саясатының толық күйреуі деген сөз еді. Халыктың, ашу-ызасы ағылшын мюнхеншілерінің басшысы Н. Чемберленді отставкаға кетуге мәжбүр етті. Жаңа үкіметті Англияға қандай қатер тенгенін түсінген консерваторлар партиясының анағұрлым епті қайраткері Уннстон Черчилль басқарды. Неміс-фашист әскерлері май айында Нидерландыны, Бельгия мен Люксембургты басып алды. Германия шекарасының өн бойына француздар салған «Мажино бекініс линиясын» солтүстіктен айналып өтіп, гитлершілдер майданды бұзып шықты да, жағалауға қарай ентеледі. 340 мың-дай адамы бар ағылшын әскерлері Дюнкерк тұсында теңізге тықсырылды. Соғыс техникасын тастап, олар Британ аралдарына тайып тұрды. Дюнкерк «ғаламатының» себебі мынада еді: Гитлер ағылшындармен уақытша бітім жасап, өзінің батыс тылын қамтамасыз ету мақсатымен, оларды талқандауға өз генералдарына тыйым салды. 5 июньде Гитлер әскерлері оңтүстікке карай шабуыл бастап, Парижге қауіп төндірді. Француз халқы жаумен айқасуға белін бекем буынды. Коммунистер халық жасағын құруды және азаттық пен ұлттық тәуелсіздік жолында халықтык соғысты өрістетуді талап етті. Бірак өнеркәсіп иелері мен банкирлер үкіметі Францияның ұлттық мүддесін сатып кетті. Ол басқыншылармен күресу үшін еңбекшілерді қаруландырудан үрейленді, фашистерге қандай да болсын қарсылық көрсетуден бас тартуды артық көрді де, астанадан зытты. «Ашық кала» деп жарияланған Париж гитлершілдерге ұрыссыз берілді. Жаңа үкімет басына француз фашистері басшыларының бірі — маршал Петэн келді. 1940 жылдың 22 июнінде Компьен орманында Францияның тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды. Францияны кемсіту үшін, 1918 жылы маршал Фош герман делегациясына келісім шартын әмір етіп қабылдатқан вагонда енді гитлершілдер француз өкілдерін осынау масқаралық актіге қол қоюға мәжбүр етті. Францияның көп бөлігі оккупацияланды. Елдің оккупацияланбаған оңтүстік бөлігінде Петэннің куыршақ үкіметініц әскери-фашистік тәртібі орнады, бұл укімет кішкентай курорт қала Вишиде орналасты. Буржуазиянын және жоғары офицерлердің тек кейбір өкілдері тізе бүгушілерге қарсы шықты. Солардың ішінде генерал Шарль де Голль (1890—1970) болды. Оның Лон-доннан елден шет жүрген француз әскери қызметшілеріне жазған үндеуіне жауап ретінде, көптеген патриоттар отан-ныи ұлттық кайта өрлеуі жолында күресу үшін «Азат француз» козғалысына бірікті. Батыс Европаны гитлершілдердің басып алуы АҚШ-ты тынышсыздандырды. Американ үкіметі ірі әскери құрылыстың программасын жүзеге асыруға және карулы күштерін көбейтуге кірісті. Атом бомбасын жасау жұмысы басталды. 1939 жылдың күзінде-ақ «бейтараптык» туралы заң өзгер-тілген еді. Енді нақпа-нақ бағасын төлеген және өз кемелерімен тасып алып кеткен жағдайда соғысушы мемлекеттер АҚШ-тан қару-жарақ пен соғыс материалдарын сатып ала алатын болды, Соғысқа қатыспай-ақ, АҚШ Англияға үсті-үстіне әскери-экономикалық көмек көрсетті. 1941 жылы мартта конгресс ленд-лиз туралы, яғни агрессияға қарсы корғануыньщ АҚШ үшін өмірлік манызы бар елдерге қару мен соғыс материалдарьщ қарызға немесе арендаға беру туралы заң қабылдады. Бұл — Америка Құрама Штаттары өз қауіпсіздігін ең алдымен Англияның, сол сияқты американ қаруын алған соғысушы басқа елдердің күшімен қамтамасыз еткісі келгені еді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың сипаты. Фашистер оккупациялаған елдерде қанды террор өктемдік алды. Гитлершілдер халықтардың ұлттық тәуелсіздігін жойды. Көпшілікті үрейлендіру үшін адамдарды кепілге алу жүйесін енгізді. Халық бас имесе немесе партизандар көрінсе кепіл үшін гитлершілдер мыңдаған адамды түрмеге салды, қырғынға ұшыратты. Оккупацияланған Европаны өлім лагерлері каптады. Осындай бір ғана Освенцим (Польшада) лагерінде соғыс жылдары 4 миллионнан астам адам жойылып жіберілді. Гитлершілдер еріксіз еңбек тәртібін енгізді. Олар жұмысшыларды қайыршылық еңбек ақы үшін оккупанттарға еңбек етуге күштеп көндірді. Миллиондаған адам Германияға күштеп жұмысқа айдалды. Гитлершілдер орасан көп шикізат пен азық-түлікті тасып әкетіп, оккупацияланған елдерді тонады. Бірақ халықтардың бостандык пен тәуелсіздікке ұмтылуын фашистер түншықтыра алмады, Халық жексұрын басқыншыларға қарсы әділетті азаттық күреске көтерілді. Чехословакияда, Польшада, Францияда, Югославияда, Албанияда, құлдыққа түскен және баска да елдерде Қарсыласу қозғалысы басталды (документті караңдар). Антифашистік күрестің ұйымдастырушылары барлық жерде де коммунистер болды. Олардын басшылығымен патриоттар диверсиялар жасады, оккупанттарға шабуыл жасады, партизан отрядтарын құрды. Жұмысшылар ереуіл жасады, неміс заказдарын орындамады. 1941 жылы майда грек халқының ержүрек перзенті Манолис Глезос қаһармандық ерлік жасады. Өлімге бел байлап, 19 жасар патриот фашист жалауын свастикасымен Афины Акрополінен жұлып алды. Осыдан бастап Грецияда Қарсыласу қозғалысы кең өріс ала бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен-ақ, онда әділеттік, азаттық элементтер, тенденциялар көріне бастады, бұл элементтер мен тенденциялар әсіресе 1940 жылдың-екінші жартысынан былай қарай өсіп, дамыды. Гитлершіл блоща қарсы мемлекеттер үшін соғыс барған сайын анти-фашистік сипат алды. Батыс державаларының агрессор елдерге карсы күресі Европа мен Азияның езілген халықтарының ұлттық тәуелсіздік, азаттык және демократия жолындағы әділетті күресімен ұласа берді. 1941 жылдың көктемінде бүкіл континенттік Европаны гитлершілдер басып алды. Европа елдерінің басым көпшілігінің орасан зор материалдык және адам ресурстары герман агрессорларының қарамағында болды. Совет Одағына фашистік шабуылдың тікелей қаупі төнді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.