Экологиялық пирамида

Home » Рефераттар » Экологиялық пирамида
Рефераттар Комментариев нет

eko02-03Трофтык құрылымды графиктік түрде экологиялық пирамидамен өрнектеуге болады. Экологиялық пирамида дегеніміз табиғи экожүйедегі продуценттер, консументтер және редуценттер массасымен белгіленіп, графиктік үлгі ретінде көрсетілген олардың арасындағы ара-қатынас. Мұндай пирамиданы Ч.Элток (1927) құрастырған. Пирамиданың табаны продуценттер деңгейі, ал келесі қоректік деңгейлер пирамиданың қабаттары мен төбесін түзеді. Экологиялық пирамиданың негізгі 3 түрі белгілі:
1) сандар пирамидасы, ол коректік тІзбек бойынша жеке ағзалардын санын көрсетеді, жэне де продуценттерден әралуан ретті консументтерге қарай жүргенде дарактар саны едәуір кемиді;
2) биомасса пирамидасы — осы экожүйедегі әртүрлі агзалардың қоректік тізбек бойынша ара-қатынасын көрсетеді, бүл жерде продуценттер параметрлері эралуан ретті консументгерден жогары (осыдан барып пирамида түрі шығып тұр).
3) энергиялар пирамидасы — трофтық тізбек арқылы қорек массасының жылдамдығын бейнелейді. Пирамиданың барлық үш түрі де экожүиелердің энергетикалық қатынастарьга білдіреді.

Бұл жерде Р. Линдеманның энергиялар пирамидасының ережесін — 10% ережесін білу қажет. Экологиялық пирамиданың бір трофтық деңгейінен екінші жоғарғы деңгейіне энергияның орта есеппен 10% ғана ауысады. Мысалы, дәнді дақылдар — шегірткелер — бақалар — жыландар — бүркіт. Бүркіттің даму кезеңінде массасы 5 кг. Оған қанша дәнді дақыл керек ? Р. Линдеманның 10% -дық ережесі бойынша — салмағы 5 кг. бүркіт 50 кг. жылан жеуі керек, ал жылан 500 кг. бақа, бақалар — 5000 кг. шегіртке, шегіртке — 50 000 кг. дәнді дақылды құртуы керек. Трофтық деңгей — қоректік тізбектегі әрбір түйіннің орны. Қоектік немесе трофтық тізбек — ол энергияның бір ағзадан екінщі ағзаға ауысуы: автотрофтардан (продуценттерден) гетеротрофтарға. Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан пирамидасының нысанына ұқсас үш бұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы продуценттердіңбиомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы фитобиомассалардың азаюына байланысты энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттерфотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің — фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктердің өзінде заттек алмасу процесіне, яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады. Өсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі өсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады. Фитофагтарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.