Экологиялық құқық көздерінің ұғымы және жіктелуі

Главная » Рефераттар » Экологиялық құқық көздерінің ұғымы және жіктелуі

Экологиялық құқықтың көздері ұғымы туралы мәселе ғылымның құқық теориясы әзірлеген құқық көздері туралы жалпы ілімнің құрамдас бөлігі болып табылады. «құқық көздері» терминін тиісті құқықтық нормалардың мазмұнын ашып айтатын әдіс немесе түрі ретінде қолданылады, басқаша айтқанда құқықты көрсету формасы. Құқық теориясында, заң көздері немесе құқық формалары қолданыстағы құықтық нормаларды ресми көрсету және бекіту және тиісті өзгертулер мен күшін жоюы деп түсініледі.  С.С.Алексеевтің дұрыс есептеуінше «Құқық көздері – бұл мемлекеттен шығатын немесе олардың құқық нормаларын көрсету және бекітудің мойындаған, оларға заңдық және жалпы міндеттегі маңыз беретін ресми-құжаттық формалары».

Экологиялық қатынастарды реттейтін көптеген нормалар табиғи ресурстық, табиғатты қорғау қатынастарды реттейтін нормативтік актілерге, яғни табиғат объектілерін қорғау және пайдалану бойынша реттейтін қатынастар. Бұл нормалардың жиынтығы Экологиялық заңнаманы құрайды. Сонымен қатар, экологиялық қатынастарды реттейтін нормалардың біразы құқықтың басқа салаларының заңнамаларында конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық және басқа заңнамалардың құрамында бар. Олардың жиынтығы табиғи ресурстық, табиғатты қорғау нормаларының көзі экологиялық құқықтың көзін құрайды. Экологиялық құқық көздері ұғымы зкологиялық заңнамалар түсінігінен әлдеқайда кең. Кешенді интеграцияланған сала ретінде экологиялық құқық көздерін, өзінің номаларымен қоса алғанда құқықтың басқа нормаларына қосады, ал соңғысы экологиялық қатынастарды реттеудің құқықтық жеке мәселелерін шешетінін айтып өтуге болады.

Экологиялық құқық көздері – қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды, яғни экологиялық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер болып табылады. Экологиялық құқықтардың көздерін анықтау біршама қиындықтар туғызады, өйткені әртүрлі деңгейдегі нормативтік актілердің орасан зор саны шығарылады. Осы қиындықтарды жеңу үшін оларды топтастырылуы қызмет көрсетеді. Бұл топтастыру бірқатар негіздер бойынша жүргізіледі.  Заң күші бойынша — заңдарға және заң асты актілерге. Нормативтік құықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтың Негізгі түрлеріне жататындар:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстар, заңдар;
2) Қазақстан Республикасының Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар жарлықтары; Қазақстан Республикасының Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары. Мысалы: ҚР Президентінің «Қазақстан 2030 жылға» даму стратегиясының жүзеге асыру бойынша Жарлығы, ҚР Президентінің 2003-2015 жылдарға индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы Жарлығы.
3) Қазақстан Республикасының Парламентінің және оның палатасының нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасының  нормативтік қаулылары;
5) Конституциялық соттың және өзге де мемлекеттік Конституциялық кеңестің, Қазақстан Республикасының нормативтік қаулыларымен.
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге орталық мемлекеттік басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары. Бұл актілердің басты арнауы – жоғарыда тұрған органның осы нормалардағы жалпы ережелерді егжей-тегжейлі дұрыс және біртұтас түрде қолданысқа түсуіне ықпал етуі.
7) мемелекттік комитеттердің, өзге орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен Әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, мысалы: Шығыс-Қазақстан облысының әкімінің «Облыс ормандары мен елді мекендерді өрттен қорғау қорғанысын күшейту шаралары туралы» 2000 жылғы 6 сәуірдегі № 837 шешімі

Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

     регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
ереже — қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
нұсқау – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт. Экологиялық құқық көздерін топтастыру басқа да басқа да себептермен туындауы мүмкін.

Реттеу объектісі бойынша — жалпы және арнаулыларға бөлінеді. Жалпы нормативтік құқықтық актілердің реттеу объектісі кең ауқымда болғанымен сипатталады және ол экологиялық және сонымен қатар өзге де қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұндай актілерге, жекелей алғанда ҚР Конституциясы жатады.
Арнаулы — актілер, толығымен қоршаған ортаға немесе оның элементтерінің мәселелеріне арналған актілер (ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Жер кодексі, ҚР Орман кодексі, Жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану туралы Заң және т.б.).

Заңнамалар саласы бойынша жер, су, орман, жер қойнауы туралы заңнама, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және заңнаманың басқа да салалары (бәрінен бұрын құқықтық көрсетілген салалары).
Құқықтық реттеу сипаты бойынша – материалдық және процессуалдық реттеулерге бөлінеді.
Мазмұны бойынша – кешенді, табиғат қорғау, табиғат ресурстық, ортаны қорғауға бөлінеді.

Экологиялық қатынастардың құқық көздерін реттеудің маңызы дәрежесі жөнінен негізгі және қосымша нормативтік-құқықтық актілерге бөлуге болады. Нормативтік-құқықтық актілері, әдетте техникалық-заң сипатында болады және қандай да бір нормативтік актіні реттелетін қатынасқа дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша белгілі бір қосалқы рөлді стандарттар атқарады, мысалы, «Табиғатты қорғау» МЕСТ 17.5.1701-7К.  Бұл нормативтік-құқықтық актілер экологиялық құқық қатынастарының субъектілеріне қандай да бір міндеттерді белгілемейді және табиғаттың жеке нысандарына қатысты қандай да бір құқықты бермейді, дегенмен, бұл стандарттар заңның мазмұнын «шешімін» қамтамасыз етеді, сонымен қатар құқық қолдану тәжірибесінде ықтимал қателер жіберіп алудан сақтандырады. Қосымша нормативтік-құқықтық актілердің болмауы негізгі нормативтік-құқықтық актілерді қолдануды қиындатады, құқық қолдану тәжірибесінде үлкен қиындықтар туғызады.

Қосымша нормативтік-құқықтық актілер тобына Республиканың Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары жатады, бұл ҚР Конституциясының 4 бабында көзделген. Қосымша актілер экологиялық заңнамалар саласындағы кемшіліктерді жояды.  Экономикалық құқық көздерінің ішінде халықаралық-құқықтық келісімдер, конвенциялар, шарттарда болатын құқық көздері маңызды орынды иеленеді, мысалы: 29.07.1994 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Конвенция, 14.10.1994ж. қабылданған Шөлейттенуге және құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі Конвенция, Конвенция 07.07.1997ж. бекітілді. Мұнаймен ластаудан келтірілген зиян үшін азаматтық жауапкершілік туралы 1968 жылғы (күшіне 05.06.1994жылы енді), БҰҰ климаттың өзгеруі туралы Рамалық Конвенциясы (1995 жылы бекітілді). Қазақстан Республикасында Конвенциялардың жиырмасы бекітілген.

Экологиялық құқық көздерінің арасынан ҚР Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі  ерекше орынды алады,  ол 2007 жылы 9 қаңтарда кешенді құқықтық акт ретінде қабылданды, Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен, 326 Бап, 47 Тарау және 9  Бөлімнен  тұрады.

Жалпы бөлім 7 бөлімнен  және 27 тараудан тұрады.
1- Бөлім.  Жалпы ережелер 3 тараудан:
Негізгі ережелер;
Жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері; Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдардың қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы құзіреттерінен тұрады.
2-Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау, экологиялық нормалау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау, экологиялық сараптама, экологиялық рұқсаттар, экологиялық аудит 6 тараудан тұрады:

Экологиялық нормалау;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу;
Қоршаған ортаға әсерді бағалау;
Экологиялық сараптама;
Экологиялық рұқсаттар;
Экологиялық аудит.
3-Бөлім. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу, 2 тараудан тұрады:

Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктері;
Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау.
4-Бөлім. Экологиялық бақылау 4 тараудан тұрады:
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау: Инспекторлық экологиялық тексерулер; Өндірістік экологиялық бақылау; Қоғамдық экологиялық бақылау.
5-Бөлім. Экологиялық мониторинг пен кадастрлар  6 тараудан тұрады: Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі; Қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу; Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары;

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының Мемлекеттік Кадастры;

Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры;
Экологиялық ақпарат;
Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу.

6-Бөлім. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтары, 2 тараудан тұрады:
Жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе зілзала аймақтары деп жариялау ұғымы және тәртібі;
Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктері.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.