Экономиканы дамытудағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру ролі

Главная » Рефераттар » Экономиканы дамытудағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру ролі
  1. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың мәні.
  2. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың мақсатттары
  3. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың негізгі бағыттары
  4. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың және нормалаудың принциптері.
  1. Қоғамның басты өндіргіш күші – адамдар. Қандай салада немесе қай кәсіпорында болса да өндірістің нәтижесі адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы қажет.

Ұйымдастыру деген ұғым тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Қандай еңбек ұжымын алсақ та ол адамдардан құралады. Адамдардың әр тобына немесе әрқайсысына нақтылы тапсырма беріледі де, осы тапсырманы орындауға қажетті өндіріс құралдары бекітіледі және жағдай туғызылады. Осы адамдардың еңбегінің нәтижесі әркімнің өз міндетін жете біліп, оны абыроймен орындауына байланысты. Бұл үшін адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыра білу қажет.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру деп әрбір ұжымдағы адамдардың еңбегін ғылым мен озат әдістердің жетістіктерінің негізінде реттеп, үнемі жетілдіріп отыруды осы арқылы адамдардың ден саулықтарын сақтай отырып жоғары еңбек өнімділігіне жетуді айтады. Бұл ұғым өндіріс құралдарының неғұрлым ұтымды пайдаланылуын, озық технологияны қолдануды және жұмыс істеу мен дем алуды өзара үнемі үйлестіріп отыруды талап етеді.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру – жұмыс уақытын үнемдеуге, еңбек өнімділігін арттыруға, адамның жұмыс істеу қабілетін неғұрлым ұзақ мерзім бойы жоғары дәрежеде болатындай қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған шаралар жүйесі.

  1. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру 3 түрлі мақсатқа жету үшін қолданылады. Олар: экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік мақсаттар.

Экономикалық мақсатқа еңбекті ұйымдастыруды үнемі жетілдіріп отыру арқылы адам күшін үнемдей отырып, еңбектің өнімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз ету және өндіріс құраладарын ұтымды пайдалану кіреді.

Психофизиологиялық мақсат жұмыс орнында адамдарға ең қолайлы жағдай тудыру арқылы олардың жұмысты жақсы істеуін ғана емес, сонымен қатар ден-саулықтарын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауды көздейді.

Әлеуметтік мақсат – жұмысшылардың мәдени техникалық дәрежесін арттыруға бағытталған.

Еңбекті нормалаудың басты мақсаты өнім өндіруге қажетті еңбек шығынын анықтау.

  1. Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін әрбір басшы немесе адамдар мен жұмыс істейтін мамадар өз ұжымында мына шараларды іске асыру қажет:

1) Жұмысты бөліп беру, жұмысқа жұмылдыру, еңбек ұжымдарын ұйымдастыру

2) Жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру, реттеу.

3) Жұмыстардың орындалуын жетілдіріп отыру, ол үшін озат тәжірибелерді пайдалану.

4) Адамдарды іріктеу, әркімге өзіне лайық жұмыс тапсыру, адамдардың білімін көтеруіне қамқорлық жасау.

5) Адамдардың жұмыс істеу, дем алу тәртібін ойластырып, қолайлы түрін қолдану.

6) Еңбекті мөлшерлеу, адамдардың еңбекке ынталы болатын жолын тауып қолдану.

7) Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

  1. Еңбек дұрыс ұйымдастырылуы үшін ол ғылыми негізде, жинақтылы, үйлесімді, нәтижелі және психофизиологиялық түрдегі жүйеге келтірілуі керек.

Ғылыми негізде деп еңбекті ұйымдастыруды жетілдіре беруге арналған шаралардың ғылыми талаптарға сәйкес болуын айтады. Жинақтылы деген ұғым еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың жан-жақты жүргізілуін, яғни өндірістің барлық бағыттарында, салаларында іске асуын талап етеді. Үйлесімді түрге еңбекті ұйымдастырудың осы ұйымның нақтылы жағдайларына, ғылыми талаптар мен озық тәжірибенің сәйкестілігі жатады. Нәтижелі деп еңбек ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты еңбек өнімділігінің, өндірістің тиімділігін артуын айтады.

Психофизиологиялық түрде еңбектің ұйымдастырылуы еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасалып, олардың жұмыс істеп жүрген жеріндегі психофизиологиялық, санитарлық және эстетикалық жағдайлардың туғызылуын талап етеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.