Электрондық микроскоп

Главная » Рефераттар » Электрондық микроскоп

Электрондық микроскоптың шешімдік қабілеті өте жоғары. Ол жарық микроскопына қарағанда 100 000 есе артық үлкейтеді. Қазіргі электрондық микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі 0,1-0,3 нм-ге дейін жетеді. Объектіні 150 000 есеге дейін үдкейтеді. Сейтіп, клетканың барлық ультра құрылысын молекулалық деңгейде зерттеуге мумкіншілік береді. Электрондық микроскоптың құрылыс принципі жарық микроскопына ұқсас, сәулелерінің рөлін электр тоғымен қыздырылған вакуумда орналасқан вольфрам жібінен тарайтын электрондар тасқыны атқарады, әйнек линзаларының орнында электромагниттер болады. Жарық микроскопының объективі мен окулярына электрондық микроскоптың магниттік катушкалары сәйкес келеді. Электрондық микроскопта міндетті түрде вакуум болуы қажет, себебі ауада электрондар алысқа кете алмайды, оттегі, азот немесе көмір қышқыл газы молекулалармен кездессе олар бөгеліп өз жолын өзгертіп шашырап кетеді. Электрондар тасқынының бағытын қажетіне қарай қуатты электр өрісі немесе магнит өрісімен өзгертуге болады. Электрондардың жылдамдығын үдетсе электрондық микроскоптың шешуші қабілеті артады. Техникалық тұрғыдан қазіргі кезде бұл қиын мәселе емес. Токтың кернеуі 40, 000-100 000 вольт болса, электрондар жылдамдығы секундына 200. 000 км-ге дейін жетеді. Препарат тығыз болса көрінбейді. Зерттелетін клетканы өте кішкене бөліктерге кесу қажет. Өте жұқа кесінділерді ультрамикротомдармен дайындайды (латынша ultra — жоғары, грекше микрос — кішкене, грекше томе — кесінді). Электрондық микроскоппен зерттеу үшін ұлпалар бөліктерін жарық микроскопымен зерттегендей өңдеуден өткізеді. Зерттелетін объектінің көрінісі электрондарға сезімтал фотопластинкаға немесе флуоросценцйялаушы экранға түседі. Электрондық микроскоптың бірнеше түрі бар трансмиссиялық, растрлық, жоғары вольттік.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.