Электрондық оқу құралын жасақтау жəне пайдалану

Главная » Рефераттар » Электрондық оқу құралын жасақтау жəне пайдалану

Білім берудің кез — келген саласында “электрондық оқу құралдарын” пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етулеріне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе кəдімгі оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқу ғылыми жобаның практикалық бөлігінде жоғарғы оқу орындарының студенттері мен мектеп мұғалімдеріне сабақ барысында туындаған түрлі проблемалық жағдайларды шешуге бағытталған “Проблемалық оқыту технология бойынша информатика пəн мұғалімдеріне білім берудің жаңа технологияларын пайдалану нұсқаулығын жасау” атты электрондық нұсқау оқу құралы жасалынды.

Бағдарламада мультимедиялық материалдардың барлығы, яғни оның құрамына дыбыстық файлдар, түрлі деңгейдегі картиналар мен фотосуреттер жəне бейне файлдармен қамтылады. Бұл материалдарды оқулықтың ішіне енгізу үшін macromedia flash 8 бағдарламасының барлық мүмкіндіктері қолданылады. Осындай күрделі операцияларды орындау үшін объектілі бағдарлы программалау тілінің ең жоғарғы деңгейлі математикалық – логикалық есептерді, операциялық жүйенің жүйелік файлдарымен жұмыс істейтін (видеолар, картиналар, дыбыстар т.б.) драйверлер мен жүйелік орнатуларды пайдалануға болады. Біз құрастырған электрондық оқу құралы жалпы жəне оның құрылымына, функцияларына, мазмұнына, оқу элементтеріне, рəсімделуіне, құжаттамаларына жəне шығу мəліметтеріне қойылатын талаптарды орындайды.

Электрондық оқу құралы бірнеше модульге, микромодульге бөлінген. Əр модульдің теориялық материалдары жəне практикалық тапсырмалары, бақылау жұмыстары бар. Пайдалану бойынша бұл құрал қиындық тудырмайды. Əр модульдее бастауыш, орта, жоғары буынды, содан кейін сабақ беретін сыныпты таңдау қажет. 5 сынып бойынша оқытылатын техника қауіпсіздігін сақтау тақырыбына видеонұсқауды қарайық. Мұндай видесюжеттер мен графикалық элементтер жеңіл енгізіледі.

Бұл видео нұсқауда тақырып бойынша техника қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы мысал ретінде көрсетілген. Мұғалім видеоны қалауы бойынша қолдана алады. Видео бойынша түрлі материалдар дайындауға болады, флипчарт, суреттер, түрлі көрнекілер тіпті материалдар жоқ болса осы видеоны көрсете алады немесе өзі видеоның орнына ойнап бере алады. Естен шығармайтын жағдай мұғалім берілген материалдарды тек жеткізуші болмауы қажет. Электрондық оқу құралын пайдалану сабақ барысында туындаған проблемаларды шешуге, дұрыс шешім қабылдауға жəне практикалық тəжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Əдебиет: 1. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттері, бағыттары мен мазмұны. //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9. 2. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005. 3. Медешова А.Б. Оқытудың ақпараттық технологиясын құзыреттілік тұрғыдан қолданудың тиімді жолдары.//БҚГА хабаршысы «Қазіргі кезеңдегі педагог мамандарды даярлаудың өзекті мəселелері мен келешегі» Орал, 1(12)2010, 141-143бб.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.