Электрондық оқулықтың тиімділігі

Главная » Рефераттар » Электрондық оқулықтың тиімділігі

Оқу процесінде қолданылатын электрондық оқулықтардың əмбебап оқу құралы ретінде қолданылуы туралы көп айтуға болады. Электрондық оқулықтар тақырыпты мазмұнды, түінікті жеткізуге, жаңа тақырыппен танысқаннан кейін білімін жедел бекітуге, мысалдарды қолдана отырып тапсырмаларды орындауға, олардың орындалу ретіне сараптама жасауға жəне оқушының өз білімін тексеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды қолдану кезінде əр оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалады. Əдеттегі сабақ барысында үлгерім деңгейі төмен оқушылар сабақтың өту қарқынына ілесе алмауы мүмкін, мұғалімнің олардың деңгейін ескере отырып жұмыс істеуі, керісінше, қабылдау дағдысы жақсы дамыған оқушылардың сабақ барысында қызығушылығының төмендеуіне əкеліп соғуы ықтимал. Сондықтан да, электрондық оқулықпен жұмыс істеп отырған əр оқушы ұсынылып отырған материалмен толыққанды танысуға, негізгі білімді алғаннан кейін тапсырмаларды ретімен орындауға жəне өз білімін тексеруге мүмкіндік алады. Бұл жағдайда мұғалім нұсқаушы рөлін атқарып, əр оқушының жұмыс барысын бақылауға мүмкіндік алады. Бірақ осындай жұмыс құралдарын қолдану кезінде белгілі асыл қағиданы естен шығармаған абзал: дəстүрлі оқулықтарды толығымен алмастыра алатын электрондық оқулықтар кемде кем жəне бір де бір электрондық оқу құралы мұғалімді алмастыра алмайды. Сондықтан да сабақ барысындағы басты кейіпкер – мұғалім, сабақтың негізгі үрдісі –мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы.

Электрондық оқулықтардың сабақта қолданылуы қандай тиімді болса, оларды жасақтау жəне оқушы алдына дайын оқу құралы ретінде табыстау соншалықты күрделі жұмыс. Электрондық оқулықты пайдаланбас бұрын мұғалім осы бағытқа арналған көптеген бағдарламалар мен құралдармен танысуы шарт. Оларды зерделеп, зерттеп, мүмкіндігіне сай жұмыс құралын таңдап алуы тиіс. Қазіргі кезде осы бағыттағы бағдарламалық құралдар түрлері өте көп. Олардың əрбіреуінің өз ерекшелігі, мүмкіндігі мен орындалу əдістері бар.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту процесін үздіксіз жəне толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің əртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану жəне қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тəжірибе беріп отыр. Атап айтсақ оқушылардың өз бетімен ізденісі, пəнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мəдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Сондықтан қазіргі таңда электрондық оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі –оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау жəне пайдалану. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықтарды пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмай отыр. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі əдістемелік жүйе.Оны əрбір мұғалім өз педагогикалық тəжірибесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Əдебиет: 1. Медешова А.Б., Мұханбетжанова Ə.М., Қадырбаев М. Оқу процесінде электрондық оқу материалдарын пайдалану жағдайлары «БҚМУ хабаршысы», Орал, БҚМУ баспаханасы, №1- 2003. 172-176б. 2. Медешова А.Б., Зайнуллин Ə.Информатика. Элективті курс Электрондық оқулық, БҚМУ, ІТ орталығы, 2011,293 МБ.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.