Ермек Серкебаев өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Ермек Серкебаев өмірбаяны

Қазақ әншілік мектебінің «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан шоғырының, жарқын өкілі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың есімі ерекше аталады. Ол 1926 жылы 4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, аудар-машы, кейінірек белгілі ақын, жазушы һәм драматур Бекмүхамбет Серкебаевтің отбасында дүниеге келеді. Өз заманының көзі ашық зиялы азаматы ол Уфа қаласының медресесін, Омбы қаласының гимназиясын аяқтаған білімді үстаз болатын. Заманының алдыңғы қатарлы оқыған азаматарымен дәм түздас болған әкенің ықпалы зор болды. 1937 жылдың зобалаңында жақын досы Мағжан Жұмабаев тағы басқалар үсталып атылған кезде ажал аузынан аман қалуының өзі үлкен олжа болатын. Сол жылы олар жанүясымен Көкшетаудан Алматыға көшіп келеді. Осы ортада өскен Ермек өзінің сауатын дәстүр бойынша жанүяда ашып жазу сызуды ерте меңгереді. Әкесінің жазған қолжазбаларын көшірумен айналысып қазақша жазу мен окуды үйренеді.
1941 жылы ол П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесіне скрипка класы бойынша оқуға түседі. Кейін қазақ ра-диосына дикторлық қызметке ауысып сол жерде кәсіби түрғыда өсу баспалдағынан өтеді. Қазақ радиосында істеген жылдары Ермек ұлымыздың радио бағдарламалар тарату тарихында өшпестей із қалдырған, қазақ тыңдармандарының сүйіп тыңдайтын дикторы, қазақтың Левитаны атанған Әнуар Байжанбаевтің жетекшілігінде шеберлігін ұштап бойындағы жастық жалынымен жұмыс істейді. Ол кездегі радионың қүрамында симфониялық оркестр, орыс үлт аспаптар оркестрі, аспапты квартет, хор ұжымдары жұмыс істейтін. Дәл осы кезде Ермек бойындағы ән айтуға деген қызығушылық оянып ол радио комитеттің жанынан ұйымдастырылған хор ұжымында қатысып ән айта бастайды. Табиғи дауысының әдемі бояуы, еркін қалықтаған үнінің тазалығы оны радио хоры мен оркестрінің таптырмас әншісіне айналдырады. Осы жерде ол симфониялық оркестрмен бірге классикалық ария орындайды.
Әншінің өзі айтуынша оның тағдырында ерекше маңызды рөл атқарған кезең, қазақ радиосында жұмыс істеп жүрген кезде опера және балет театрының директоры, талантты музыкант Мұқан Төлебаевпен кездесуі болды. Жас жігіттің бойындағы талантын тани білген композитор оның болашағын театрда әншілік өнермен байланыстыру керек деген қорытынды жасайды. Бүл 1946 жьш бо-латын. Ал 1947 жылы Е.Серкебаев Қүрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ән бөлімінің студенті болып оқуын бастай-ды. Консерваторияда тәлім алуға бөлген оқытушысы профессор Алексей Матвеевич Кургановтың жетекшілігінде өзінің әншілік шеберлігін жетілдіре бастайды. Тәжірибелі әншіліктің қыр-сырын вокалдық өнердің отаны — италияда белгілі педагогтардан алып, ресейдің Ф.Шаляпин, Л.Собинов, А.Нежданова секілді т.б. секілді небір танымал әншілерімен сахнада әріптес болған ол та-лантты жастардың дауыстарын қоюда, классикалық ән айту жолына бағыт-бағдар сілтеуде көрегендік танытады. Шәкіртінің да-уыс аппаратының ерекшелігін өз ретімен қажетті мөлшерде аша отырып дүрыс қалыптасуына, техникалық түрғыдан оң дамуы-на барлық мүмкіндіктер жасайды. Осы жерде оқып жүргенде ол Абай атындағы академиялық опера және балет театрының спек-такльдеріне басында көпшілік сахналарда кейін жеке партияларды орындауға тартылады.
1949 жылы консерватория ректоры Ахмет Жүбановтың шешімі-мен қазақстандық үш жас әншілер Мәскеу қаласында өтетін КСРО консерваторияларының арасында өтетін вокалдық өнер фестиваліне келеді. Мәскеу консерваториясының Үлкен залында өткен бұл өнер бәйгесінде қазақстандық әншілер, тенор Бекен Жылысбаев, драмалық баритон Кәукен Кенжетаев және лирикалық баритон Ермек Серкебаевтың есімдері ерекше аталады. Бұл зал сахнасында өнер көрсеткен әншінің алғашқы шығысынан үлкен марапатқа ие болып аттары бүкіл Одаққа танымал болған сахна шеберлері И.Козловский мен А.Нежданова т.б. батасын береді. Жас әнші сахналық карьерасының басында өзінің шығармашылық келбетін осындай үлкен өнер мерекесінде жоғары деңгейде көрсетіп үлкен сахнаға жолдама алды.
1951 жылдан бастап Қазақ консерваториясының вокалдық фа-культетін сәтті аяқтап жоғары білімді әншілік мамандықты иеленген Абай атындағы Қазақтын мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жарнамасынан әнші Е.Серкебаевтың есімі жиі көріне бастады. Түңғыш орындаған партиясы — Абай А.Жүбанов пен Л.Хамидидің осы аттас операсында өзінің дипломдық жұмысын қорғаған жас әншінің шығармашылық келбетін ашқан елеулі жүмыстарының бірі.
Әр орындаушының операдан рөл орындауға келу жолы болады. Жас әнші Е.Серкебаев бүл операға Абайдың ажырамас серігі бо-лып жанында жүретін Көкбайдың партиясын орындаумен келеді. Бұл факті Абайды алғаш орындаған әнші Р.Абдуллиннен кейін келген жас буын әншілердің Абай образын музыкалық театр сахнасында жасауда Е.Серкебаевтан басталып қайталанып отыратын дәстүрге айналған заңдылық деп айтуға әбден болады. Себебі, Абай мен Көкбай партияларын авторлар бір тектес баритон дауысына арнап жазса, екіншіден Көкбай рөлі ұлы Абай әлеміне енетін дайындық сатысы, плацдарм іспеттес. Екі кейіпкер арасында өте тығыз рухани жақындық бар. Бұл жақындық барлық жағынан көрініс береді. Операда Көкбай Абайдың жанашыры, ағаның жасы кіші ізетті інісі, үлағатты үстаздың шәкірті секілді сыйластық-ты жақындықтарымен көрінеді. Сондықтан, Көкбай партиясы опе-раның салмақты да салиқалы етіп Абай образын сомдау үшін жас әншілерге жасалған дайындық алаңы, күрделі түлғаға барар көпір секілді.
Жас әнші Е.Серкебаев спектакльде Көкбай партиясын орындай жүріп Абай — Р.Абдуллиннің сахнадағы іс-әрекетін, қойылымның режиссуралық шешімін Абайдың жанынан екі елі ажырамай жүріп бақылап, рөлді асықпай өз бойына өлшеп-пішуге мүмкіндік алады. Режиссер белгілеген мизансценаны алдын ала баппен жүріп толық игереді. Дауыс, диапазоны барлық әншілік етек-жеңі Абайды орындауға сай келіп түрғасын шығармашылық өсуге талпынған жас орындаушының осы рөлге өз бетінше іштей дайындығының болғаны рас. Жас орындаушыға театр әкімшілігі үсыныс жасамаса да талантты жастың ішкі түйсігі «түбінде осы партияны айтамын» деген ойының болғаны жайын әнші өзімен болған жеке әңгімеде растайды. «Сабақты ине сәтімен» дегендей Абайды жалғыз орын-даушы Р.Абдуллинді аяқ астынан шүғыл ауыстыру қажет болғанда, үш күндік дайындықпен Е.Серкебаев өз Абайын алғаш рет сахнаға алып шығады. Абайдың жанында Көкбайдың партиясын орындай жүріп көзбен көріп, көкірегіне түйіп, көңіліне тоқығандары қажетіне жарайды.
¥лы ақын образын толық түсініп үғуда әнші ойынша кешегі мен бүгінгі сомдалған Абай арасында үлкен эволюциялық дамып өсу жолы жатыр. «Алғашында Р.Абдуллиннің Абайына еліктеушіліктің болуы, кейбір іс-әрекеттерін ойланбастан қайталаулардың кездесуі заңды құбылыс болатын» — дейді әнші өзінің сахнадағы Абайға алғаш келген қадамы жайлы. Шынында да бұл пікір бас аяғы үш ақ күндік қысқа мерзімде партияны игерумен сахнаға шығып кеткен жас орындаушының сахнадағы іс-әрекетіне келеді. Тереңнен толғанып ойлы Абайды өзінің танымы мен түйсігі арқылы жасау үшін әлі де көп еңбектенуді керек ететін. Алайда, өмірлік және сахнадағы кәсіби тәжірибенің арқасында бертін келе әнші образдың қимыл, іс-әрекеті мен ішкі толғаныс-тебіреністерін ашуда өзіндік түйсікпен зерделенген орындаумен сапалық биікке көтеріле алды. Жас әнші салмақты партияның әуендік әуезділігі мен әсемдік әлеміне елітіп алғашында түйсікпен орындап келген кешегі Абайы мен психологиялық әрекетке қүрылып кемелде-не толған шағындағы әншінің ойшыл философ Абайы арасында жүріп өткен үлкен жол жатыр.
Е.Серкебаев — Абайы өз заманының озық туған алдыңғы қатарлы, көзі ашық мәдениетті азаматы. Әнші сахнада орындайтын кейіпкерлерінің өмірімен, қоршаған ортасымен баспадан жарық көріп оқырман қолына тиген М.О.Әуезовтің «Абай жолы» ро-ман.әпопеясы арқылы толық танысады. Әнші шығарма авторы М.О.Әуезовтан осы тақырыпта Абайдың көптеген ашылмаған қырларын өз аузынан есітіп біледі. Осындай оқу, пікір алысулардан кейін сахналық бейна жасауда бүған дейін қалыптасып үлгерген Р.Абдуллиннің жасаған Абайынан бөлек өз Абайын жасауға күш салады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.