Ес және оның түрлері

Главная » Рефераттар » Ес және оның түрлері

Ес дегеніміз — мидың тіршілік әрекеті үстінде жинақталған тәжірибені сақтап, жаңғыртуды, пайдалануды қамтамасыз ететін қасиеті. Ес арқылы организм тәжірибесі байыды және ол пайдаға асырылады. Ес арқылы үйрену, жаттығу процесі жетілдіріледі жэне сыртқы орта жағдайларына бейімделу нақтылана, жақсара түседі. Естің: қысқа мерзімдік, аралық және ұзақ мерзімдік деген үш түрі болады. Жүйке жүйесі қабылдаған хабар алдымен қысқа мерзімдік ес түрінде жинақталады. Одан әрі ол шапшаң (бірнеше секунд ішінде) жойылады немесе аралық ес түрінде сақталады. Аралық ес ақпаратты бірнеше минут немесе сағат сақтауға мүмкіндік береді. Егер оқиға маңызды болса және нақтылы эмоция тудырса, онда ол көп уақытқа сақталу үшін ұзақ мерзімдік еске айналып, тіпті, өмір бойы сақталады.

Есте қалдыру механизмі, оның физиологиялық негізі әлі күнге дейін толық анықталған жоқ. Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік есті бекіту, сақтау, қамтамасыз ету механизмі әртүрлі болады деген болжам бар. Жоғары сатыда дамыған жануарларда жаңа хабарларды «жазып алу», оны бүрынғы мэліметтермен салыстыру және ұзақ мерзімдік еске айналдыру процестерін гиппокамп атқарады. Ұзақ мерзімдік есті сақтау жэне қайта жаңғырту процестерін ми қыртысының самай бөлігі нейрондарының қызметімен байланыстырады. Әсерді қысқа мерзімге сақтап қалу үшін тиісті нейрондарға импульстердің бір сериясының келуі жеткілікті болуы мүмкін. Осының нәтижесінде иондық арналар қызметін реттеу механизмі өзгереді. Мәліметті аралық есте сақтап қалу үшін қозудың біраз уақыт (оншақты минут бойына) нейрондар тізбегінде айналуы, жаңғырығуы (реверберация) қажет. Ал ұзақ мерзімді ес орталық нейрондарда жүретін құрылымдық және функционалдық өзгерістермен, нейронаралық синапстық байланыстың күшеюімен, синапстық беткейдің (жанасу беткейінің) үлкеюімен, постсинапстық потенциал деңгейінің өсуімен, постсинапстық мембрананың медиаторға сезімталдығының жоғарылауымен байланысты. Синапстардың пайда болуы, қалыптасуы белок синтезінің, РНК қызметінің күшеюі негізінде жүреді. РНК қызметі мен белоктардың синтезін тежеп тастау үзақ мерзімдік естің қалыптасуына мүмкіндік бермейді. Ұзақ мерзімдік ес мәліметтің кез келген мерзім аралығында сақталуын қамтамасыз ете алады. Мәлімет ізінің уақыт өткен сайын нығаюын және жаңа ақпараттар қосылғанның өзінде жоғалмай сақталуын қамтамасыз ететін процесті, мәліметтің қысқа мерзімдік естен ұзақ мерзімдік еске көшуін бекіту (консолидация) деп атайды.

Естің физиологиялық механизмі туралы қазіргі кезде көптеген болжамдар мен теориялар бар. Жалпы мида қалыптасатын уақытша байланысты естің негізінде жататын күрделі физиологиялық процестің бір көрінісі деп алуға болады. Морфологиялық мәліметтерге қарағанда, мида нейрондардың тұйықталған тізбегі болады және импульстер оны бойлай үзақ уақыт бойына еркін айналып жүре алады. Осы негізде қысқа мерзімдік естің физиологиялық мәнін түсіндіру үшін жаңғырығу (реверберация) теориясы ұсынылды. Бұл теорияға сәйкес мәлімет тұзақ деп аталатын нейрондар тізбегі қызметі арқылы сақталады. Бұл тізбектегі бір нейрон қозса, ол келесі нейронды қоздырып, тізбектелген процесс басталады да, осы импульстер аксонның бүйір тармақтары немесе аралық нейрондар аксондары арқылы алғашқы торшаға қайта оралады. Бұл процесс жалғаса береді де, сақина сипатты байланыс түзіліп, қозу импульсі оны бойлай ұзақ уақыт айналып жүре береді. Қозу реверберациясын тудыратын мүндай эсерлер көп қайталанса, әр айналым сайын есте қалған із нығая түседі. Әсердің қайталануы тоқтаса немесе тізбектегі бір нейронда тежелу басталса реверберация да тоқтайды. Қысқа мерзімдік естің механизмін түсіндіру үшін электрондық теория да ұсынылған. Бұл теорияға сәйкес жүйке импульстері синапстар арқылы өткен кезде өзіндік қүбылыстар туындап, электрондық потенциал пайда болады. Осының нәтижесінде белгілі синапстар арқылы импульстердің өтуі ұзақ мерзімге (бірнеше минут, тіпті, сағатқа) жеңілдетіледі.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.