Ескі және жаңа саясат

Главная » Рефераттар » Ескі және жаңа саясат

Сіздермен ескі саясатқа қарсы тұратын жаңа саясат туралы сұхбаттасқанда мен қайдағы бір жаңа дүниені ойлап табайын деп тұрған жоқпын. Саясатқа жақындай түскенде, төл пікірінің бірегейлігіне дәмеден бас тарту идеологтың абыройы. Жаңа идеясы бар адамдарды тапжылта алмайды. Жаңа саясат дегеніміз отандастарымыздың көкейінде жүрген (анықтығы азды-көпті) пиғылдарды жаңадан жариялап көрсету. Наполеон саясатының әрі жалпы саясат атаулының құпиясы бар болғаны бар нәрсені жариялауда деп меңгерлікпен атап өтті, онда бар нәрсені деген сөзбен адамдар санасының түкпіріндегі нақты болмыс түсіндіріледі, ол әрбір дәуірде, әрбір сәтте қоғамның қандай да бір бөлігінің шынайы да терең өзекті арман-тілегін құрайды.
Сіздердің барлығыңыз заттардың көпшілігін біздің шынайы, терендеп, ақтық бағалауымыз қандай екенін түсіну қаншалықты қиын болатынын өз тәжірибелеріңізден білесіздер: біздің олар туралы айтататынымыздың, олар туралы пікірлерді жеткізетініміздің себебі оларды пайдалану, олармен араласу бізді бірдеңе айтуға, қандай бір позиция ұстануға мәжбүр етеді. Бірақ біз байқаймыз, біздің бойымыздағы бірдеңе өзіміздің аузымызбен айтылған өзіміздің шын пікірімізді мойындауға жол бермейді — біз оларға тесік тиын да бермес едік. Бұл біз өтірік айттық деген сөз емес: өтірік болса біз бірдеңені айтамыз да, анық басқа нәрсені меңзейміз деген топшылау туындар еді. Біз тек шын жүректен мынаны ғана аңғарамыз: біздің тұлғамыз өзінің бұлынғыр да жасырын түкпірінде өзіміздің аузымызбен айтылған немесе ой елегінен өткізілген секілді пікірлермен толық жарастықты сезінбейді. Оларды біз сезіне алған жоқпыз, демек, біздің пікіріміз емес. Бұл қоғамдық атмосферада қалқып жүрген және біздің төл әлпетімізді әлі де тапжылмайтын пікірлер қабығының астына жасыратын секілді бесенеден белгілі ақиқаттар, трюизмдер, иесі жок формулалар.

Саясат — теңдей дәрежеде ойдың да, ырық білдірудің де жұмысы; қандай да бір ойлардың бірнеше баста жылт етіп өтіп кетуі жеткіліксіз, олардың әлеуметтік тұрғыдан іске асуы керек. Ал бұл үшін қалың әлеуметтік топтардың жігері сол идеяға қызмет етуге бел буа кірісуі қажет. Идеялар қуатты қолдау табу үшін, олар ең алдымен бірін қалдырмай баршаға даусыз жақын идеяларға айналуға, жүректерді жаулап алуға тиіс. Бірақ, адамдар — біреулердің мәдениетінің жетімсіздігінен, енді біреулер — рефлекстік қабілеттерінің жоқтығынан, үшіншілері — содан қанағат таппағандықтан, төртіншілері -жүректілік жоқтықтан (ал біз, өзіңмен-өзіңнің адал сөйлесуің үшін жүректілік те керек екенін көреміз) — өзінің теренде жатқан ішкі сезімін анық көре алмайтыны, жіті тұжырымдай алмайтыны да болады. Осыдан, Фихтеге сәйкес, саясаткерге, нағыз саясаткерге атқару керек болатын миссия — ауада қалқып жүрген және құндылығы жоқ таптаурын пікірлерден, ескірген сентенциялардан бас тартып және ұжымдық жан түкпіріне үңіліп, қандай да бір әлеуметтік топтың, мысалы ұрпақтың әлі білдірілмеген, жүрек қойнауында жатқан арман-тілегін аныктауға, анық та айқын тұжырымдауға тырысып көру миссиясы шығады. Ұрпақтың қызметі тек бір жағдайда: ол нені қалайтынын анық түсінгенде ғана жемісті болады. Сын үстіндегі қандай да бір ұрпақ, егер ол өз бойынан біреулерден алынған ойлардан, күні бітіп бара жатқан сенімдерден арылып, оларды төл — жаңа сезімдерімен алмастыру үшін жүректілік таба алмаса, өзін тарихи тұлдыққа бұйыра алады. Нақ әрбір инивид секілді, әрбір ұрпақ, егер ол адамзатқа пайдалы болғысы келсе, өзіне адалдықтан бастауға тиіс. Түсініңіздер, міндеттің тым ауыр көрінетіндігі соншалық, оны біреу-міреудің, әсіресе мен сияқты біреудің мойнына артуы, егер біз, барлығымыз бірге және әрқайсымыз жеке-жеке, оны орындауға, ұдайы, әркім өзінше тырысып көруге міндетті болмаса, мүмкін болмай шығар еді. Біздің ұрпақ, өзі болуға тиіс жерге жетуге асыға қоймайтын секілді. Және бұл, егер бір мезгілде біздің ұрпақтың ту-талақай болғанын айғақтап тұрмаса, ал әлгі ту-талақай болу, егер келешек замандарға көз жүгіртсек, біздің халықтың қайтымсыз құлдырауының ықтимал алғы хабары болмаса, соншалық елеулі болмас та еді.
Халықтың ажалсыздығы белгілі бір шамада кепілді екендігіне сену — аңғырт иллюзия. Тарих — қатыгездікке толы арена, және көптеген нәсілдер, тәуелсіз бүтіндер ретінде, ол аренадан тайды. Тарих үшін өмір сүру қалай болса, солай өмір сүре бер деген сөз емес, өмір сүру — бүл сенің кәсібің болғандай, өмірмен өте байыпты, саналы айналысу деген сөз. Сондықтан біздің ұрпақтың толық санамен, әдейі, келісе отырып, ұлттың болашағының қамын жеуі қажет. Қысқасы біздің ұрпаққа жігерлі үндеу арнау керек, және егер мұны оған нақты құқығы барлар істемесе, ондай үндеуді кез-келген басқа, соның ішінде мен де, ұсынуға мәжбүр боламыз.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.