Эстетикалық эмоция

Home » Рефераттар » Эстетикалық эмоция
Рефераттар Комментариев нет

Осы уақытқа дейін эстетикалық туралы сөз еткенде тек оның көптеген ғасырлар бойы философтар мен ғалымдардың назарын өздеріне аудартып келген заттық, объективтік, тұрмыстық (онтологиялық) аспектілерін ғана ауызға алып келдік. Бірақ XVIII-XIX ғғ. жүз жылдықтардың тоғысынан бастап, ғылыми-философлық ойдың аясына эстетикалықтың басқа қырлары: гносеологиямен (таным туралы іліммен) қосарласқан  субъективтілік және психологиялық қабылдау қосылды. Байыпты пайымдаудың өзегіне: эстетикалық бағалау, түйіндеу, эмоция, бастан күй кешу айналды.

Эстетикалық эмоцияны бірінші рет (әрі өте тереңдей) қарастырған Кант өзінің  «Пайымдау қабілетінің сыны» (1790) атты трактатының бірінші бөлімінде, оларды талғам пайымы (Urteil) деп атады. Urteil сөзін аталған «пікір», «бағалау», «эмоция» деген сөздермен де аударуға болады. Талғам пайымының негізінде әдемілікке деген ынтазарлық (Wohlgefallen) жатыр деп түйіндейді философ.

Кант талғам пайымы (яғни, эстетикалық эмоция) бағалаушы сипатқа ие деп атап көрсетеді. Әсемдікті ол бағалау кезінде ұнаушылық (көңілден шығушылық) деп сипаттай отырып, эстетикалық бағалаудың төмендегідей: 1) олар біртектес емес және  қабылданатын заттарға қатысты: меңзеуші, риясыз, ынтасыз болып келетін әлдебір іс-әрекеттермен байланыссыз; 2) олар бейрационалды* және логикалық іс-әрекеттермен шырмалмаған (әсемдік «түсіндірусіз» ұнайды) және ол осынысымен моральдық постулаттардан, ғылыми формулалардан, діни догматтардан ерекшеленеді; 3) олар ықтиярлы, таза субъективті, кездейсоқ емес, ортақ мәнді болғандықтан әсемдік бәріне ұнайды; 4) әу бастан заттың мәніне емес, формасына бағыт ұстанғандықтан олар ойындық сипатқа ие болып келіп, «адамның жан әлеуетімен ойынды» [44]жүзеге асырады сынды нышандарын екшеп шығарды.

Кант эстетикаға бет бұра отыра, көріп тұрғанымыздай, өзіне дейінгілерге қарағанда әсемдіктің объективті жағының жетегінде кетпей, оның субъективті игерілу ерекшелігіне де назар аударды. Ол эстетика тарихында (алғашқылардың бірі болып) эстетикалық қабылдаудағы субъект белсенділігін алдыға шығаруы, XIX-XX ғғ. мәдени-тарихи өміріндегі тенденциялармен қабысты.  Кант концепциясының өмірге келуі Жаңа дәуір эстетикасының төңкерісті сәті болды.

Сонымен бірге, канттық «талғам пайымын» ұғынушылық көп жағдайда бір жақты, әрі осалдау болып келеді. Біріншіден,  эстетикалық эмоция тек қана бір ғана меңзеу формасына бағытталған. Антикадан және орта ғасырлардан тамыр алатын эстетикалықтың әлдебір мәнділіктің алдын ала байқалғыштығымен байланыстылығы туралы түсінік «кейігканттық»* уақытта да өзінің өзектілігін жойған жоқ. Екінші, эстетикалық эмоция қабылданушыға қатысты (Кант бұл жағынан сөзсіз дұрыс) бұрыннан біртұтастықтан ада және таза рационалдық ықылас танытушы болғанымен де,  заттың мәніне (дүниетанымдық және тұлғалық) рухани қызығушы ретінде танылады.  Таңқалатыны жоқ, Кант  концепциясы (әсіресе, оның пайымдық талғамға «қызықпаушылық» туралы ойы) кейіннен тек қана мұрагерленіп қана қойған жоқ, сонымен бірге, сыни тұрғыда түзетілді де. Осылайша,  гегелдік «мазмұн эстетикасы» эстетикалық эмоцияны ой елегінен өткізуде канттық рухты емес,  өзінің танымдылығының бейрационалдылығына қарамай, ең батысы дүниетанымдық мәнділікті желеу етті. Эстетикалық күй кешуде адам тіршілігінің терең қойнауы қопарыла көрініс табады, олай болса, адамдардың негізгі рухани мүддесі де өзін танытады. Осы турасында материалист Н.Г. Чернышевский («біздің ұғымымыз бойынша әдемі сол тіршілік иесі, біз өмірде тап солай екендігін көре білетін болсақ»[45] және діни философтар, оның ішінде Вл. Соловьев сөз етті. Ол өзінің «Табиғаттағы әдемілік» атты мақаласында әдемілікті қабылауды тәртіпке түскен игі тұрмыс-тіршілік ұғымымен байланыстырды.

Бірақ, тұтастай алғанда біздің жүзжылдығымызда эстетика Гегельдің соңынан емес, көптеген жағдайда Канттың артынан ілесті. Бұл ретте   XX ғ. көптеген теорияшылары талғам пайымын өмірге әкелушілерге қарағанда  эстетикалықтың субъективті жағына назар аударуда мақсатты және әлеуеттілеу болды. Егерде бұрынғы концепцияларда әсемдік және асқақтық, мақсатсыз орнықтылық, аполлондық пен дионистік сияқты терминдар үстемдікке ие болса, ендігі жерде эстетикалық қатынас пен аяндық, эстетикалық тәжірибе, амал және көзқарас пен іс-әрекет сияқты сөздер мен сөз тіркестері тіреу бола бастады. Эстетикалық «субъективтілену» арнасында поляк философы Р. Ингарденнің (1930-40 жылдар) аса беделді еңбектерінде эстетикалық нысан санада түзіліп, санада еркін туындап, тек бұл ретте әлдебір сипатқа ие болады  деп ой түйіндейді[46].

Осы тұрғыда (поэзияны «тіл және оның эстетикалық қызметінің сипаты» деп санаған Р.О. Якобсонның соңын ала) бұданда өткір ой айтқан Ян Мукаржовский болды. Чех ғалымы  эстетикалық заттың әлдебір қасиетімен тікелей байланысқа ие емес деген (шетін) тұжырым жасады[47]. Эстетикалық субъективтендіру бұл арада барынша толық өз шегіне жетті.  Заттың санаға өнімді әсері тұтастай алғанда қабылдаушының оған ауған назарының  жаңашылдық пен кездейсоқтық эффектісімен бірлесе жүруімен тұтасады деп ұйғарады Мукаржовский. Бұл ретте эстетикалық барынша әдеттегі, қалыптылықтан аулақтануымен, әлдебір бүлінушілікпен байланыстырылады. Ғалым «қалыптанған эстетикалық» өткенде қалған, дәстүрлі әсемдік заңдастырылған, сондықтан тұлғасыз деп түйіндейді.  Және де заманалық  «қалыптанған эстетикалық»  иерархиялық жақтан одан жоғары[48].

Кейіннен осыған ұқсас (өте жұмсақ) ойды М. Бердсли (1915-1985) айтты.  Америка эстетикасының көшбасшысы кез келген зат эстетикалық көзқарас тұрғысынан қарастырыла алады деген ой айтты. Ғалым эстетикалық талғам мен тәжірибенің екі жолын сөз етті. Біріншісі (бұрынғы, дәстүрлі) – әсемдікке деген махаббат. Екіншісі, заманалық үшін ең лайықтысы – адамды қоршаған әлемдегі жалпыға ортақ эстеттенген болмысқа деген эстетикалық көзқарас кең тараған[49]. Тап осы тектес концепция өнер мен философиядағы көп ғасырлық тәжірибемен қиыспаса да,  модернизмнің, әсіресе, авангардизмнің ұстанымы және тәжірибесімен тұтастай үйлеседі.

XX ғ. эстетикасында бұдан бөлек бұтақтану да бар.  Оны жаңа дәстүршілдік деп атау заңды. Бұл арада эстетикалық эмоция заттың мазмұндық формасына  бағытталған және қабылдаушыға рухани мүдделі болып табылады. Осылайша, М.М. Бахтин Канттың «мүддесіздік»* терминіне өте сақтықпен басқаша ұйғарым жасады. Ол  қабылдаушыға қатысты эстетикалық эмоцияның иесінің тысқарылығы турасында сөз етті.   Эстетикалық қабылдаудың қасиеті тек  субъекті мен объекті арасындағы кеңістік және логикалық арақатынасқа ғана емес, олардың ішкі тұтастығы мен органикалық байланыстылығына да негізделеді деп есептейді  Бахтин.  Ғалымның ойы бойынша, этикалық эмоция өзін сынаушыдан тек қабылдаушыға қатысты «тысқарылықты» емес, сонымен бірге, қатыстылықты да талап етеді. Бахтин эстетикалық хал кешудің бастау көзіне деген көңіл хошы мен адамның сүйіспеншілікке жақындауын қайтпай сөз етті. Ол эстетикалыққа «қайырымдылық пен ізгілік» тән деп ұйғарып, эстетикалық елестің* орталығы «нақты болмысты мақаббатпен таңбалау» болып табылып, жәнеде «тек махаббат қана эстетикалық өнім»: «Жақсылығы бойынша әдемі емес, әдемілігі бойынша жақсы» деген орыс мақалын (өзінің ой түюіне сәйкес)  келтіреді.  «Сүйіспеншілік, енжарлық, -деген Бахтин, -ештеңе бермейді <…> тек махаббат қана эстетикалық өнімді болып табылады»,-деп ой толғайды[50]. Біз келтірген пайымдауларында ғалым эстетикалықты ең алдымен адами, тұлғалық болмысты игерумен, адамдар арасындағы қарым-қатынас аясымен байланыстырады. Көріп отырғандарыңыздай, кейінгі канттық теорияларда эстетикалық эмоция түрлінше байыпталып жүр.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.