Есту мүшесінің құрылысы

Home » Рефераттар » Есту мүшесінің құрылысы
Рефераттар Комментариев нет

Есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлак, деп аталатын үш құрылымнан тұрады. Алғашқы екі бөлім қосымша қызмет атқарса, дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдау иірім түтігі дегі аталатын ішкі құлақка байланысты. Кұлак қалқаны және сыртқы дыбыс тесігінен тұратын сыртқы құлақтың қызметі дыбыс толқындарын ұстап, дабыл жарғағына өткізу және оны соған сәйкес тербеліске келтіру болып саналады, Ортаңғы құлақты өткізгіш механизм қызметін атқаратын бір-бірімен ретімен байланысқан үш есту сүйекшелері: төс, балғашық және үзеңгі орналасқан. Олардың қызметі тербеліс жиілігін азайтып, тербеліс күшін арттыру болып табылады. Ортаңғы құлақ пен жұтқыншақты байланыстыратын есту түтігінің болуының арқасында есту мүшесінің бұл беліміндегі ауа қысымы әрқашан атмосфералық ауа кысымына тең болады. Бұл дабыл жарғағының еркін тербеуіне жағдай жасайды. Үзеңгі ішкі құлақтары сопақша тесікті жауып тұрған жарғақпен байланысқан. Ішкі құлақ самай сүйегінің ішінде орналасқан сүйек лабиринтінен тұрады, онық ішінде дәл құтының ішінде жатқандай әрі суйекті лабиринттін құрылысына ұқсас, ішінде эндолимфа сұйықтығы бар дәнекер тканьнен түзілген жарғақша лабиринт орналасқан. Жарғақша лабиринт екі қалташасы бар кіреберіс бөлімнен тұрады, оның бір қалташасынан бір-біріне перпендикуляр орналасқан үш айшық каналдар, екіншісінен иірім түтігі тарайды. Айшық каналдар есту қызметіне қатысы жоқ вестибуляр аппаратын құрайды. Есту рецепторлары иірім түтігінде орналасқан. Иірім түтігінің сүйекті өзегінен сүйекті спираль пластинка тарайды, онын шетіне спиральды мүше орналасқан спиральды мембрана бекиді. Спиральды мүше ішінде шаш тәрізді клеткалар орналасқан серпімді талшықтардан құралған. Дыбыс толқындарының әр түрлі жиілігіне байланысты талшықтардың кейбірі тербеліп, есту рецепторы болып саналатын белгілі бір шаш тәрізді клеткаларды тітіркендіреді. Бұл клеткаларға импульстерді миға өткізетін есту нервінің талшықтары келеді. Одан әрі қарай импульстер үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орналасқан ми қыртысының есту аймағына таралады. Бұл — есту анализаторының сыртқы бөлімі. Бұл арада есту тітіркендіруін талдау аяқталады. Адамның есту мүшесі ауа толқындарының 1 секундта 16-дан 30000-ға дейінгі тербеліс жиілігін қабылдайды. Анатомиялық тұрғыдан алғанда, бастауыш мектеп жасындағы балалардың есту мүшесінің құрылысы ересек адамдардың есту мүшесінің құрылысымен бірдей. Тіпті оның әрбір бөлімінің мөлшері жас өсуіне қарай өте баяу өзгереді. Тек құлақ қалқанының өсуі мен сыртқы есту түтігінің ұзаруында ғана шамалы өзгеріс байкалады. Бірақ балалардың есту қабілеті ересектермен салыстырғанда төмен болады, Ол 14—19 жасқа дейін бірте-бірте арта береді және сөзді есту жағдайы айтарлықтай өзгереді. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда ол ересектерден гөрі жоғары болады. Дыбыс жоғарылығын ажырата білу қабілеті әр түрлі себептерге байланысты, оған туа пайда болган ерекшеліктер де жатады. Музыкаға дарынды балалар ерте жасынан бастап-ақ дыбыс жоғарылығымен катар, оның әркайсысың қатесіз дәл анықтай алады. Мұндай музыкалық есту дәрежесін абсолютті есту деп атайды. Ән сабақтарында балалардың музыкалық есту кабілетін жаттықтырып отыру кажет. Бұл — жеке адамды жан-жақты қалыптастырудын, аса маңызды жағдайларының бірі.

Құлақтың мүкістігі

Баланың есту кемістігі кейде туа пайда болған мүкістікке, сондай-ақ сырқаттанудың және жарақаттанудың салдарынан болуы мүмкін. Мұндай кемшіліктің біріне сырттан нифекциялардың енуі салдарынан (құлаісгы кір заттармен шұқылағанда және тазалағанда сыртқы есту жолының терісін ұзақ уақыт ортаңғы құлақтан шыққан іріңнің тітіркепдіруінен) немесе жарақаттануға байланысты (соғып алғанда, сыртқы есту жолының қабырғалары күйгенде) сыртқы есту жольның бітеліп қалуы жатады. Грипп, баспа, тұмаүмен ауырғанда жұтқыншақтың қабынуынан есту едәуір нашарлап, бұл процесс есту түтігінің ішіне таралуы, сөйтіп оның саңылауын жауып қалуы мүмкін. Мұндай кезде ортаңғы құлақ ішіне ауа өтпей, дабыл жарғағының тербелісі нашарлайды. Бұл ауру ортаңғы қулақтың қабынуы, (катар) деп аталады, ол көбіне мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында жиі таралған. Жедел басталатын жұқпалы аурулар (грипп, баспа, шешек, қызылша және т. б.) ортаңғы құлақты қабындыруы — отит ауруын тудыруы мүмкін. Ол аурудың белгісі — құлақтың қатты ауыруы, температураның көтерілуі. Ортаңғьг кұлақта ірің жиналып, дабыл жарғағына қысым түсіреді, кейде оны жарып жіберуі де мүмкін, ол нашар естуге, кейде біржолата есітпей қалуға әкеп соғуы мүмкін. Жедел басталатын отит ересектерге қарағанда балаларда жиі кездеседі. Бұл өмір үшін қауіпті ауру. Сондықтан құлақ ауруына шағым жасаған балаларды тез арада маман-дәрігерге жібереді. Есту аппаратына үнемі әсер ететін шу зиянды болып саналады: ұзақ әсер ётетін шамалы шудың өзі тіпті баланың нерв системасына зиянды, оның жұмыс қабілеті мен оқу үлгірімі кемиді. Сондықтан үзіліс кезінде айғай-шуға және тағы басқа күшті дыбыстарга жол бермей, мектепте шектен тыс шуды болдырмауға тырысу керек. Нашар еститін балаларды класта алдыңғы столдарға отырғызу керек, ал осыған байланысты айтканын жақсы ести алмайтын балаларды құлағының мүкісі бар балалар оқитып арнаулы мектептерге жіберу керек.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.