Есту талдағышы

Главная » Рефераттар » Есту талдағышы

Есту деп жануарлар организмінің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол арнаулы есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қоректі жануарларда есту анализаторының шеткі бөлімі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сыртқы және ортаңғы құлақ — есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ — қабылдаушы бөлімі. Құлақтың қызметі. Сыртқы қүлақ — құлақ қалқанынан жұне сыртқы дыбыс жолынан түрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды, дыбыстың шыққан көзін анықтауға көмектеседі. Арнаулы еттердің көмегімен ол қимылдап, дыбыс шыққан жаққа бағыттала тосылып тұрады. Құлақ қалқаны жылқыда, есекте, иттің кейбір тұқымдарында, мысықта өте қимылдағыш келеді.

Дыбыс жолы жіңішке имек түтікше. Ол шеміршекті сыртқы және сүйекті ішкі бөлімінен тұрады да, дыбыс толқынын құлақтың ішіне өткізеді. Дыбыс жолын көмкеріп жататын тері мен құлақ қалқанының түбінде бұлақ деп аталатын зат бөлетін майда бездер және түктер болады. Бұлақ құлақты ластанудан, дабыл жарғағын кебірсінуден сақтайды. Сыртқы және ортаңғы құлақты бір-бірінен бөліп тұратын қалыңдығы 0,1-0,2 мм жүқа мембрананы дабыл жарғағы деп атайды. Ол талшықтары сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан серпімді ұлпадан тұрады. Дабыл жарғағы дыбыс жолының сүйекті ұшында керіліп жатады да, өзіне жеткен дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді.

Дабыл жарғағының арғы жағында ортаңғы құлақ (дабыл) қуысы орналасады. Онда бір-бірімен буындана байланысатын есту сүйекшелері — балғашық, төс және үзеңгі орналасады. Балшық дабыл жарғағына, ал үзеңгі ішкі қүлаққа баратын сопақша тесікті жауып тұратын жарғаққа бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы дыбыс толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып тұратын жарғаққа беріледі. Сүйектің ерекше байланысының жэне үзеңгі ауданының дабыл жарғағы беткейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқынының күші 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кеткен жағдайда құлақ қуысының еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер қимылы шектеліп дыбыстың әсер күші азаяды. Дабыл қуысы евстахий (дыбыс) түтігі арқылы аңқамен байланысады. Қалыпты жағдайда бүл түтік жабық болады. Ол сыртқы орта мен дабыл қуысы арасындағы қысым айырмасы артқан кезде дабыл жарғағын зақымданудан, жарылып кетуден сақтайды. Сыртқы ортадағы қысьш жоғарыласа дабыл жарғағы құлақтың ішіне қарай ойысады. Мұндай жағдайда евтахий түтігі арқылы дабыл қуысына ауа кіреді де, жарғақтың екі жағындағы қысым теңгеріледі, жарғақ жарылып кетуден сақталынады. Егер сыртқы ортадағы қысым төмендесе, онда ортаңғы құлақтағы қысымның әсерінен жарғақ сыртқа қарай ойысады. Мұндай жағдайда евстахий түтігі ашылып, дабыл қуысындағы ауа сыртқа шығады да, қысым теңгеріліп, жарғақ тағы да жарылып кетуден қорғалады.
Дабыл қуысының ішкі беті, есту сүйекшелері, евстахий түтігі жыбырлағыш эпителийлі кілегейлі қабықпен көмкерілген. Тақ түяқты жануарларда евстахий түтігі ауданында сыйымдылығы 450 см3 шамасында ауа қуысы түзіледі.

Ортаңғы қүлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекті қалқанда екі тесік болады. Олар жұқа дәнекер ұлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопацша тесіктер. Дөңгелек тесікті ұлу терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікті саға (кіреберіс) терезесі деп атайды. Ішкі құлақ немесе шытырман (лабиринт) самайдың қайыршақ сүйегінің ішінде орналасады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі кұрылымның арасында перилимфа, ал жарғақты лабиринттің ішінде эндолимфа, ішкі сұйықтық болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.