Этимология туралы түсінік

Главная » Рефераттар » Этимология туралы түсінік

Сөздердің шығу тегін түсіндірумен тіл туралы ғылымның арнайы саласы — этимология айналысады. Термин гректің etymon — нағыз, шын және logos — мән, мағына деген сөздерінен шыққан. Этимология сөздердің алғашқы мағынасын анықтаумен шектеліп қалмайды, сонымен бірге оның қолданылу тарихын, өзгеру себептерін зерттейді, бүл қолданылып отырған сөздердің мән-мағынасын тереңірек түсінуге көмектеседі. Мысалы үшін «джинсы» деген сөзді алайық. Бұл сөз қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген. Ол сөз қашан пайда болған? Нені білдіреді? Орыс тіліне ңашан енді? Сөздің тарихы мынадай: XVI ғ. Еуропа елдерінде Генуя мақтаматасының бір түрі жолақ саржа пайда болады. Матаның аты «jean» Генуя қаласының атынан шыққан. Ол матадан 1850 жылы Сан-Францискода ерекше пішімді шалбарлар тігіп, оларға іеапз — дамбал деген ат береді. Бұл jean деген сөздің көптік түрі. XX ғасырда ондай шалбарлар Ресейге де келіп жетеді. Бірақ олардың аты біраз өзгеріске үшырап, көптік жалғаудың орысша түрін ңабылдап, ы жалғауы қосылып, джинсы болып шыға келеді.

Сөздің мағынасын түсіндіруде оның этимологиясына, яғни шығу төркініне жүгінген жөн. Орыс жазушысы И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романының кейіпкерлері нигилист деген сөздің мағынасын түсіндіру үшін тап солай істейді. «- Базаров деген кім дейсіз бе! — Аркадий күлді. — Ағатай, қажет етсеңіз мен оның кім екендігін айтып берейін. — Рахым ете гөр, жиенжан. — Ол нигилист… — Нигилист, — деді жай ғана Аркадий Петрович. Бұл латынның пиһіе, ештеңе, менің байқауымша, бұл сөз, анау ештеңені мойындамайтын адам дегенді білдіреді ғой, солай ма! — Онан да ешкімді сыйламайтын адам демейсіз бе, -деп Павел Петрович әңгімені жалғастырды.

.

Көп мағыналы терминдер. Термин сөздердің көпмағыналы болатындығын да ескерген жөн, яғни олардың бір ғана емес, бірнеше мағыналары болуы мүмкін. Ең басты мәселе — тыңдаушылардың терминнің қай мағынада қолданылып түрғанын түсінуінде. Егер айтушы мұны ескермесе, тыңдаушылар-двің терминді дүрыс түсінбеуі мүмкін. Мысалы, бір әңгімеде екі мағынасы бар шіркеу деген сөз бірнеше қайта қолданылды дейік. 1. Христиан діндерінің бірінің немесе жеке діни ағым-дардың жақтаушылары мен діни қызметкерлерінің ұйымы. 2. Құдайға табынушылық ететін ғибадатхана, храм. Бірінші мағына терминдік сипатта болса, екіншісі — көбірек қолданылмайтын түрі. Әңгімеде шіркеу сөзі бірінші мағынада қолданылғанымен, тыңдаушылар оны анкеталық сүраунама көрсеткендей, екінші, жалпыламалық мағынасында қабылдаған. Көпмағыналы сөзді қолданбай түрып, алдымен оның қай мағынада қолданылатындығын белгілеп алған дұрыс.

.

Тілде шетел сөздерін қолдану. Сөздің анықтылығы мен түсініктілігі онда шетелдік сөздерді дұрыс ңқлдануға да байланысты. Шетел сөздерін пайдаланған дұрыс па, жоқ па, әлде оларға мүлдем жоламау керек пе? Шетел тілінің сөздерін қолдану, ңолданбау мәселелері әр уаңытта, әсіресе, соңғы кездерде ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар, тіл мамандары, жалпы оңырман қауымы арасындағы баспасөз беттерінде жүріп жатңан пікірталастардың таңырыбына айналды. Біреулер тілімізге ертеден еніп кеткен, интернационализмге айналған сөздерді бұрынғысынша қолдана берейік десе, екіншілері ана тілін байыту үшін әрбір шетел тілінен енген сезге балама табу керек деген пікір айтады. Біз бүл арада ғылыми пікірталасқа араласудан аулақпыз және біздің еңбегіміздің ерекшеліктері оған мүмкіндік те бермейді. Біз сол сөздерді дүрыс, орынды қолдану туралы айтпақпыз.
Сөз алмасу. Бұл табиғи, әрбір тілге тән ңүбылыс. Мысалы, ағылшын тілінің сөздіктерінде келтірілген сөздердің жартысынан көбі басңа тілден енген сөздер екен. Ондай сөздер неміс, француз, орыс, ңазақ тілдерінде де жеткілікті. Мүндай жағдайлар ертеде де болған екен. Мысалы, латын тілінде 7-мыңнан аса көне грек сөздері болған.

Тілдердегі сез алмасу бір халыңтың екінші халықтармен араласу, олардың арасындагы саяси, әкономикалық, ғылыми және мәдени байланыстардың нөтижесінде іске асырылған. Мысалға, грек тілінен орыс тіліне, ол арқылы қазақ тіліне көптеген создер енген: кровать — кереует, философия, математика, әкология, грамматика, логика, комедия, трагедия, т.б. Латын тілінен — республика, революция, пролетариат, диктатура, т.б. сөздері енсе, неміс тілінен — верстак, фран-цуз тілінен — пальто, гарнизон, котлета, фин тілінен -пельмен, испан тілінен — гитара, томат; итальян тілінен -тенор, ария, макарон; голланд тілінен — матрос, зонтик, галстук, т.б. сөздер енген. Қазақ тілінің қүрамына енген орыс, араб, парсы, монғол, т.б. сөздері баршылық.
Қазіргі ғаламдасу заманында бір тілдің екінші тілден сөз алмасуы қажетті де, заңды процесс.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.