Этнография дегеніміз не ?

Home » Рефераттар » Этнография дегеніміз не ?
Рефераттар Комментариев нет

europoidtik05Этнография – тарих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді. Этнографтың жұмысы өте қызықты әрі жауапты. Халықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттеу үшін этнограф салт-дәстүр жақсы сақталған жерлерге барады. Онда сол халықтың қашан пайда болғанын, тұрмысын жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесіп, олардың айтқандарын жазып алады. Этнограф сол жердегі тұрғындардың өмірі мен тіршілігін терең білу үшін жиын-тойға да қатысады. Кейбір маңызды көріністерді суретке түсіріп, үнтаспаға жазып алады, сирек кездесетін бұйымдарды жинайды. Этнограф өз зерттеуіне музей деректерін, ертеректе жазылған қолжазбаларды да пайдаланады. Саяхатшылардың мәліметтеріне, бұрыннан сақталып қалған әдеби мұраларға да көңіл бөледі. Жергілікті халықтың даму жолын, басқа халықтардан ерекшелігін анықтайды. Мысалы, қазақ халқының этнографиялық тұрмысын қазақтармен қатар орыс және шетелдік ғалымдар да терең зерттеген. Этнология – этнография ғылымының бір саласы, ол халықтардың қашан, қай уақытта пайда болып, қалыптасқанын, арғы тегін зерттейді.

Халықтық салт-дәстүр. Салт-дәстүр – халықтың ертеден, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жалғасып келе жатқан, әбден қалыптасқан ережелері мен үлгілі істері. Салт-дәстүрде әрбір халықтың өзіне тән игі қасиеттері көрініс табады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері: қарттарды құрметтеу, үл- кенді сыйлау, жастарға қамқоршы болу, ата-ананы ардақтау, үйге сәлем беріп кіру, әдептілік,  қонақжайлылық, т.б. Ақсақалдар мен ел құрметіне бөленген сыйлы адамдар және ата-ананың өз ұрпағына, еліне арнап айтқан үлгі-өнегесі өсиет сөз деп аталады. Жасы үлкендер жастарға керектісін жаратсын, жамандықта ескерсін деп өмірден алған тәжірибесін, ақыл-кеңесін өсиет етіп айтады.

Ұлт, тайпа, халық. Жер шарын мекендеген адамдар түрлі ұлттар мен тайпалар, халықтардан құралған. Ұлт – шаруашылығы, тілі, мекендеген жері, мәдениеті мен тұрмысы ортақ адамдардың бірлігі. Ұлт адамдарының бәрі бір тілде сөйлейді. Олардың мекендеген қонысы да ортақ саналады. Халықтар мен ұлттарды сыртқы түрінің ерекше белгілеріне қарап үш топқа: еуропеоидтық (ақ нәсіл), моңғолоидтық (сары нәсіл) және негроидтық (қара нәсіл) деп үш нәсілге бөледі. Әр нәсіл бір-бірінен сыртқы тұрпаты (дене бітімі, шашы, терісінің түсі, көз қиығы) бойынша ажыратылады. Халықтар діни тұрғыдан да топталады. Жер шарын мекендеген адамдар әлемдік үш негізгі дінге – мұсылман, христиан, будда діндеріне сыйынады. Бұдан басқа ұсақ діндер де бар. Этнографиялық деректер жинау ерте заманнан қолға алынған. Ежелгі Египет, Вавилон және Парсы елдері басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізу немесе жаулап алу үшін олар жайлы түрлі мәліметтер жинады. Көпшілік жағдайда мұндай мағлұматтарды бір елден екінші елге барып жүретін саудагерлер мен саяхатшылар, елшілер жеткізіп отырған.

akishev025

Кемел Ақышев

Кемел Ақышев (1924 – 2003) – археолог, көрнекті ғалым, профессор, тарих ғылымдарының докторы. Ғалым 1955 жылдан 1989 жылға дейін ҚазКСР ҒА археология бөлімін басқарды. К. Ақышев Есік қорғанынан табылған «Алтын адамды» зерттеген.  Отырардағы  қазба  жұмыстарына басшылық жасаған. Ғалымның еңбектері Қазақстанда ғана емес, Ресей, Германия, Жапония, АҚШ, Италия, Венгрияда жарияланды. Оның 200-ден аса ғылыми мақалалары жарық көрді.  К. Ақышевтың  еңбегі жоғары бағаланып, ҚазКСР-нің  Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ғалымның көптеген шәкірттері – ғылым кандидаттары мен докторлары бар.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.